Ақпараттық- анықтамалық құжаттар



бет3/4
Дата05.06.2022
өлшемі3,47 Mb.
#146023
түріАнықтамалық
1   2   3   4
Байланысты:
0002ada6-95dd48bd
Task number 15 Nurshat Orazkeldi, қол сүйектері, СиллабусҚозғал-ой-2курс ОӘ 2023, Срмп 2, слайд тема 4

Шағым (претензия)

(ағылш. appeal; complaint) – Заңды құқықтары мен бостандығының бұзылу жайы бойынша мемлекеттік, қоғамдық немесе халықаралық органдарға, олардың лауазымды тұлғаларына жүгіну. Құқықтық мемлекеттерде азамат (кәсіпорын, ұйым) міндетті түрде шағымын қарау нәтижесі бойынша ақпарат алады.

Анықтама

(лат. defіnіtіo) – кең мағынада, ұғымның мазмұнын 

ашуға көмектесетін логикалық амал. Кез келген анықтама

анықталушы (defіnіendum) және анықтаушы (defіnіens)

ұғымдарды білдіреді; анықталушы ұғымның мазмұнын

ашуға көмектеседі; сол ұғымды оған ұқсас ұғым; термин

мағынасы берілетін пайымдау немесе үрдіс. Ең

дұрыс анықтамаанықталатын сөз немесе терминге

логикалық түрде сай болады. Анықтама деп жаңа

ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы

түсіндіретін сөйлемді айтамыз

Сенімхат

 (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; — сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.

Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін:

1) мәміле жасау;

2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;

3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;

4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т.б.

Факстер

факсимильдік аппарат (ағылш. fax, telefax, facsіmіle duplіcatіng devіce) — қағазға басылған немесе қолжазбалық мәтіндерді, фотосуреттерді, сызбаларды дәл көшірмесін алу арқылы тасымалдау құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет