Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы пәні
СӨЖ
Тақырыбы: ОТАРЛЫҚ ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Орындаған:Байғараев Мұхит
Қабылдаған: Орынбасарова Гулжан
Тобы: С1511-10ж
Шымкент 2021ж
ОТАРЛЫҚ ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Жаңа кезеңнің отарлық жүйесінің жалпы сипаттамасы. ХV ғ. аяғында Америка мен Үндістанға теңіз жолдарының ашылуынан кейін, Еуропа өмірінде жаңа үлкен тарихи құрылым – еуропалықтардың Еуропалық емес елдерді отарлауы пайда болды. ХVІ – ХVІІ ғасырлар аралығында Еуропалық отарларды – Африка жағалаулары, үлкен жəне кіші Антиль аралдары, Солтүстік, Орталық Америка жəне Азияның оңтүстік түбегі жəне аралдары қамтыды. ХVІІІ ғ. отарлар саны жер шарының осы бөліктерінде жəне Австралия мен Океанияға дейін таралды, ал ХІХ ғ. жүз жылдығында Еуропалық мемлекеттер бүкіл дерлік Африканы өзара бөліске салды.
Отарлық империяның пайда болуы жəне дамуы – жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің құрылу барысының ажырамас бөлігіне айналды. ХVІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін Еуропалық елдердің сыртқы саясаты жəне дипломатиясы жаңа аумақтарды иемденуге, өзіне тəуелді отарларды кеңейтуге бағытталды жəне саяси, сауда артықшылықтарына ұмтылды. Сол себепті отарлау мəселесі – Ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен маңызға ие болды. ХІХ ғ. бірінші жартысында отарларды қанаудың түрі мен мазмұны өзгерді. Отарларды басқару жөніндегі ірі реформалар жүргізілді (шектеу, сонымен қатар компаниялардың сауда монополияларын жою, отарларда жер сату жүйесін өзгерту жəне т.б.). Егер алғаш отарларды қанау ақсүйектер мен жоғарғы сауда-қаржылық буржуазияның мүдделері болса, ал ХІХ ғ. ортасында буржуазияның басым бөлігі оған қатысуға мүмкіндік алды.
Отарлық иеліктердің құрамы 500 жыл ішінде əр түрлі өзгерістерге ұшырады: кейбір мемлекеттер өзінің отарларын ұлғайтты; басқалары, керісінше, отарларын жоғалтты; ал үшіншілері айырылған отарлардың орнына жаңасын иеленді. Мысалы, Англия үнемі өзінің отарларының санын көбейтсе, өз кезегінде Испания мен Португалия өзінің көптеген отарларын біртіндеп жоғалтып отырды, ал Франция жоғалтқан отарларының орнына басқаларын иемденді.
Португалия жəне Испания отарлық империяларының құрылуы. Атлант мұхиты арқылы өтетін меридиан сызығымен əлемді бөле отырып, Португалия жəне Испания ең алғаш рет отарлық империяны құрды. Феодалдық қатынас кезеңінде құрылған Испания жəне Португалия отарлық империясы, Еуропалық қоғамда орнаған буржуазиялық қатынасқа міндетті болды. ХVІ ғ. ортасында Испания Орталық жəне Оңтүстік Америка аумағында үлкен отарлық империя құруға қол жеткізді. Испандық конкистадорлар дəрімен атылатын қарудың жəне кеменің көмегімен Жаңа Əлемнің едəуір бай жəне қоныстанған бөліктерін, яғни Мексикадағы ацтектер жəне Перудегі инктер мемлекетін басып алды. Австралияның ашылуымен австралиялық аралдарды ала отырып, испандық иеліктердің саны өсті. Бастапқыда испандықтар ашық қанау жəне отарларды тонау əдісін қолданды. Соңынан, эквивалентті емес жəне 300 – 400%, тіпті 800% дейінгі əкелген сауда қатынасы – отарлардың кірістерінің басты көзі болып табылды.
Аса ірі көлемді заттар тоналды: Испания 1521 – 1560 жылдары Америкадан 18 мың тонна күміс, 200 тонна алтын алып кетті. Отаршылдар, соның ішінде, алдымен Испания – құрылған иеліктерінде жергілікті халық – үндістердің еріксіз еңбегін пайдалана бастады. Феодализм тұсында пайда болған Испандық жəне Португалдық отарлық империялары сол кездегі заңға сай өмір сүріп, дамып отырды. Испания жəне Португалияға келген орасан үлкен байлық бұл абсолюттік елдерде капиталға айналған жоқ, керісінше көбіне корольдің, шіркеудің жəне ақсүйектердің қазынасына түсіп отырды. ХVІ ғ. ортасында Испанияда экономикалық құлдырау басталды. ХVІ – ХVІІ ғасырларда Англиямен соғыста Испания теңіз иеліктерін жоғалтты. ХVІІ ғ. бірінші жартысында-ақ Испания өзінің Флорида, Ямайка жəне т.б. отарлық иеліктерінен айырыла бастайды. ХVІІІ ғ. Испания қамтыған жері бойынша əлемде ең үлкен отарлық империя болып қалды. Испандықтар Американың Миссури өзенінің солтүстігінен Магеллан бұғазының оңтүстігіне дейінгі үлкен аумақты иеленді. Сонымен қатар, Испанияға Куба, Пуэрто-Рика, Филлипин, Океаниядағы аралдар, Африкадағы иеліктері жатты. Испания Америка жəне басқа да отарлық иеліктеріне шетел мемлекеттерімен сауда қатынасына жол бермей экономикалық оқшаулау саясатын жүргізді.
ХІХ ғ. басында ең үлкен отарлық империя – бұл Испания болды, алайда феодалдық метрополияның əлсіздігі оның империядағы үстемдігіне əсерін тигізді. 1808 жылы Наполеон əскерінің Испанияға басып кіруінен кейінгі метрополия мен отарлық империя арасындағы байланыстың ұзақ уақыт бойы үзілуі, отарлық иеліктердегі испандықтардың беделін одан əрі түсірді. Испанияның Америкадағы отарлары тəуелсіздік үшін соғыс жүргізе бастады. Бұл соғыс 1826 жылы аяқталып, нəтижесінде Испанияның Куба мен Пуэрто- Рикодан басқа америкалық отарлар: Мексика, Гватемала, Сан-Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия, Чили, Аргентина, Парагвай жəне Уругвай тəуелсіз мемлекетке айналды. 1703 ж. 16 мамыр айында Англия мен Португалия арасында жасалынған Лиссабон келісімшарты бойынша Португалияның отарлық империясы жəне оның өзі шамамен ХVІІ ғ. үшінші ширегінде Англияның экономикалық, саяси бақылауына өтті. Лиссабон келісімшарты Испан мұрасы үшін екі ел арасындағы одақтық келісім болып табылды. Ол бойынша Англия өзіне Португалияны жəне оның теңіз жағалауындағы иеліктерін «қорғау» міндеттерін алды. Англия өз кезегінде Португалияға алымсыз өнеркəсіпті, соның ішінде бұрын португал үкіметінің тыйым салған тоқыма, бұйым импортын кіргізу құқығын иеленді.
Голландық жəне ағылшын буржуазиясы Испанияға, Португалияға, оның отарларына тауар жеткізуде пайда тауып отырды. Нəтижесінде, испандықтар мен голландықтардың өзінің отарларынан тонаған байлықтарының көп бөлігі Голландия мен Англияда капитализмнің дамуына мүмкіндік туғызды. Португалия мен Испанияның Азия, Африка, Америкадағы отарларды, сонымен бірге осы құрлықтағы тəуелсіз аумақтарды жаулап алуы, ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда Голландия мен Англияның отарлық басып алу нысаны болып табылды, сауда қақтығыстарына түрткі болды.
ХVІІІ ғ. аяғында Португалияның отарлық иеліктерімен бүкіл сауда қатынасы ағылшындар ықпалына өтті. Наполеондық соғыс кезінде Англияның Португалия жəне оның отарларына бақылау орнатуы одан əрі нығая түсті. Испания мен Португалияның отаршылдық қуаттылығы ХІХ ғ. басында əлсіз болып есептелді.
Голланд отарлық империясының құрылуы. Басқа Еуропалық мемлекеттердегі революциямен салыстырғанда, бұрынғы 1566-1609 жылдардағы тарихтағы бірінші нидерланд буржуазиялық революциясынан кейінгі өзінің жаңа экономикалық қатынастарын орнатқан – Голландия – жаңа кезеңнің бірінші отарлық империясына айналды. Голланд отарлық империясы Испания билігінен Голландияның азат етілуінен соң пайда болды жəне кең ауқымға ие болды. Голландықтар ең бірінші болып өзінің мақсатын Кап жерлері орналасқан Африканың оңтүстігіне, ост-үнділік аралға, бір жағынан Америкаға бағыттады, кейінірек Австралияға ұмтылды. Индонезия
Нидерландық Ост-Үнді немесе Голландық Ост-Үнді деп аталынды. 1595 жылы Ява аралына алғашқы голландық сауда экспедициясы келді. Осылайша, Голландияның Индонезияға отарлық жаулауы басталды. 1600 ж. голландықтар алдыңғы португалдықтарға тиісті болған Маврикий аралын басып алды. Отарлық жаулап алушылықта 1602 жылы пайда болған голландық Ост-Үнді компаниясы ерекше маңызды рөлге ие болды.
1619 жылы голландық Ост-Үнд компаниясы Батавия деп өзгертілген, Шығыстағы Голландиялық империяның орталығы болған Джакартаны жаулап алады. ХVІІ ғ. алғашқы екі онжылдығында бұл компания Сиамдағы жəне Үндістанның шығыс жағалауындағы бекініс мекендерін басып алды. Сондай-ақ Голландия Жапония елінен португалдықтарды ығыстырып шығарып, бұл елдегі сауда қатынасын өз қолына алды. 1638–1658 жылдары голландықтар португалдықтармен табанды күресінен кейін Цейлонға орнықты. 1641 ж. голландық Ост-Үнд компаниясы бұрынғы португалдықтардың иелігінде болған Малакканы басып алады. Ол Қытай мен Жапонияға кіруде Индонезиямен сауда қатынасына голландықтардың бақылауды орнатуына маңызды стратегиялық тірек болып табылды. Голландықтар 1652 ж. Оңтүстік Африканың бекініс тіректерін жаулап алды. Голландия Португалияның Үнді мұхитындағы иеліктерін алды.
Жаңа Əлемді отарлау саясатында да Голландия үлкен жетістіктерге жетті. 1609 ж. голландық Ост-Үнд компаниясы Солтүстік Америкаға ағылшын теңіз саяхатшысы Гудзонның басқаруындағы экспедицияны жіберді. 1621 ж. орнаған Вест-Үнд компаниясы Жаңа Амстердам қаласын құра отырып, Жаңа Нидерланд отарының негізін қалады.
ХVІІ ғ. бірінші жартысы голландық отарлық үстемдік кезеңі болды. Осы ғасырдың ортасында Голландия сонымен қатар сауда, кеме қатынасында, кеме жасау бойынша басқа елдер арасында бірінші орынды иеленді. ХVІІ ғ. голландық отаршылдар буржуазиялық мемлекеттің саясатын жүргізсе де қарақшылық, тонаушылықтың негізін салған Пиреней түбегіндегі феодалдық мемлекеттердің конкистадорларынан ешқандай айырмашылығы болған жоқ. Бұрынғы феодалдық Португалия жəне Испания отарлық империясы
құрылған кезеңінде пайда болған құл саудасы, жаңа кезеңде де, яғни еуропалықтардың Азия, Африка, Америка, Океания елдерін жаулап ала бастағанда да өзгеріссіз жалғасып жатты.
Ағылшын отарлық империясының қалыптасуы. Голландиямен бір уақытта Англия да отарлық экспансиялауға кірісті. ХVІІ ғ. 40-жылдары буржуазиялық революция Англияны отарлық, сауда, теңіз иеліктері үшін күрес алаңына алып келді. Голландықтадың қуатты болуы, бұл мақсаттарына жетуде басты бөгет болды. Алайда, Англия ең алдымен өзінің күштерін Португалия мен Испанияның отарлық үстемдігіне қарсы бағыттады. Ағылшын қарақшылары мұнда маңызды рөлге ие болды. Оларды үкімет қолдай отырып, субсидия беріп отырды.
Қарақшылар Ағылшын отарлық империясының алғашқы негізін салушыларының бірі болып саналды. Дəл осы елде екі жыл ішінде көптеген голландық компаниялардың Біріккен Ост-Үнді компаниясына қосылуына дейін, 1600 ж. бірінші Ост-Үнд компаниясы құрылды. 1609 ж. бастап ол патшаның жарлығымен Үнді жəне Тынық мұхитында «мəңгілікке» сауда қатынасының монопольді құқығын алды. Бастапқыда голландық жəне ағылшындық Ост-Үнд компаниялары бірігіп Португалияның Шығыстағы үстемдігіне қарсы күресті.
ХVІ ғ. соңғы он жылдығында ағылшындардың Африкаға басып кіруі басталды. Оның батыс жағалауында, Гамбияда құл саудасы үшін «қызмет етуші» - алғашқы ағылшын бекініс мекендері – факториялар құрыла бастады. 1609 ж. ағылшындар Бермуд аралдарын иемденді. ХVІІ ғ. бірінші жартысында олар сонымен қатар Кариб бассейніндегі аралдар жəне Орталық Америка аумақтарын жаулап алды. Нəтижесінде Британдық Гондурас атына ие болды. Осылайша, Англия испандық Америка жолында жатқан маңызды
стратегиялық аумақтарға бақылау орнату мүмкіндігін алды.
1651 ж. О. Кромвельдің Навигациялық актісі голландықтардың сауда қатынасына үлкен бөгеттік жасады. Сонымен, отарлық үстемдік үшін алғашқы соғыстардың бірі басталды. Ағылшын-голланд соғысының нəтижесінде Англия соңғы жеңіске жетті. 1665-1667 жылдары соғыс барысында ағылшындар голландықтардың маңызды аумақтарын, Солтүстік Америкадағы бекініс тіректерін, сонымен бірге Жаңа Амстердамды жаулап алды.
Француз отарлық империясының құрылуы. ХVІІ ғ. жəне ХVІІІ ғ. бірінші жартысында Канада, Луизиана, Ньюфаунленд, Үндістанның көптеген бөліктерінде маңызды табыстарға қол жеткізген – испан, португал, голланд секілді француз отаршылдығы пайда болды. ХVІІ ғ. ортасында Қасиетті Лаврентия жерінде орналасқан жаңа Франция отары пайда болды. 1664 ж. ағылшындықтар Солтүстік Америкада голландықтарды басып алып, Жаңа Францияға көршілес ел болған кезде, ағылшын-француз арасындағы қақтығыстар шиеленісе түсті. Жарты ғасырға созылған Англия мен Франция арасындағы қақтығыс одан əрі өрши түсті.
1644 ж. Француздық Ост жəне Вест-Индия компаниялары құрылады. ХVІІ ғ. екінші жартысында Ост-Үнді компаниясы Үндістанның кейбір
бөліктерін, сонымен қатар Чандернагор, Пондишери жерлерін жаулап алды, ал француздықтар Вест-Үнді аймағындағы бірнеше аралдарды басып алып, ағылшындықтармен осы аймақтарда үстемдік үшін күрес жүргізді.
Кейінірек, XVІІІ ғ. екінші жартысында Франция отарлық иеліктердің басым бөлігін жоғалтты. Канада, Нью-Фаунленд, Ост-Үндінің басым көпшілігі Англияға берілді; Луизиананы алғашқыда француздар Испанияға берсе, артынан АҚШ алды, ал ХІХ ғ. басында Франция билігінен тыс қалған Гаити аралында екі дербес мемлекет Гаити жəне Сан-Доминго пайда болды. Испан отары – Сан Доминго 1821 ж. өзінің тəуелсіздігін алғанымен, келесі жылы Гаити Республикасы құрамына енді.
1844 ж. ол қайта тəуелсіздігін орнатқанымен бірақ 1861-1865 жылдары испан билігінің қоластында болды.
Х
Достарыңызбен бөлісу: |