Aшық тәрбие сағат «Ақ жол ашты, Әліппе!» Мақсаты



бет1/4
Дата24.08.2023
өлшемі55 Kb.
#179939
  1   2   3   4
Байланысты:
Әліппе қоштасу 1 с 22


Aшық тәрбие сағат «Ақ жол ашты, Әліппе!»
Мақсаты. 1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін ату, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3.Білімге деген сүйіспеншіліктерін,білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу,ана тілін сүйіп, қастерлеу- ге тәрбиелеу.
Безендірілуі:тақырып жазылған билборд, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар, видеопроектор, жылжымалы тақта.
Барысы. І Ұйымдастыру. Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі. Құрметті қонақтар, оқушылар, ата –аналар! Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Барлық кітаптың атасы-Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәт әрбір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз.Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға. Бүгінгі қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын! Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы- «Әліппемен қоштасу».Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.Қош келдіңіздер! Олай болса бүгін 1 «А» сынып оқушылары әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек. Мерекемізді бастайық!
1 – оқушы. (Жантөре)
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
2 – оқушы. (Мақпал)
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Әліппе Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата –ана! Болашаққа жол ашар, Әліппең келді ортаңа. Менің атым – Әліппе! Мені анаңдай дәріпте! Мені оқып, ер жеткен, Әпкең сенің, ағаң да!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет