Ата-ана беделі және педагогикалық такт



Дата08.02.2022
өлшемі19,75 Kb.
#121408
Байланысты:
ата ана бедели


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


СӨЖ


Тақырыбы:  Ата-ана беделі және педагогикалық такт

Орындаған: Тілеуберді Балғын Тілеубердіқызы


Тексерген:Салгараева Гулайым Ибрагимовна


Алматы, 2021ж.
Ата-ана мен баланың арасында беделдің маңызы зор екені бәрімізге белгілі. Оны ғалымдар бірнеше түрге бөліп қарастырады. Азаматардың ар-намыс пен қадір-қасиеті бірдей емес, себебі адамдардың қоғам алдындағы жетістіктері де бірдей болмайды. Кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің мазмұны қоғамдық қызметінің дамуына қарай өзгеріп, толықтырылып отырады.Ар-намыс пен қадір-қасиет сөздерімен бірге, бөлінбейтін мағына — бедел. Сондай – ақ, алдында айтылғандай жеке тұлғаның қадір-қасиеті барлық адамдардың тең принциптерінен шығып, олардың моральдық қатынасы мен өзін-өзі бағалаудан анықталса, ал ар-намыс сөзінің мағынасы керсінше адамдарды дифференциялық бағалау арқылы олардың беделін анықтауға болады. Сонымен қатар, адамның беделі деген сөздің мағынасы адамның қадір-қасиеті деген мағынамен сәйкес келеді.
Адамның беделі тек қана өзіне байланысты, себебі адамның беделі оның іс-қылығының, тәртібінің негізінде қалыптасады. Адам өзінің беделін қаншалықты бағалайтыны , оның жасаған іс-әрекеттерінен байқауға болады. Жазушы Гегель « Адам не істесе, ол өзі» деп айтқан.Қоршаған ортадан алған мәліметтерге байланысты адамның беделі жақсы не жаман болады және әрқашанда қозғалыста болады.\r\n\r\nАдам ісімен, жасаған еңбегімен қана беделді бола алады, осыған байланысты іскерлік бедел деген мағына туындайды. Бүгінде ата-ана беделі әкелердің, аналардың жеке басының жан-жақты рухани, адамгершілік қасиеттеріне, ұлдары мен қыздарының адамгершілік қасиеттерін аяққа баспай, оларды ойдағыдай тәрбиелей білу құрметіне негізделген. Міне, сондықтан да осы заманғы балаларды тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерімен барған сайын тығыз жымдасып байланысында болып отыр.Өздеріне сенімсіз ата-ана балаларының алдында беделін жоғалтады.
А. С. Макаренко ата-ана беделі жайында былай деген: «беделсіз тәрбиелеу мүмкін емес, ата-ана беделі және үлгі өнегесі ,өскелең ұрпаққа үлкендердің адамгершілік тәрбие беруі бұл әулеметтік тәжірибеннің басты механизмі.А. С. Макаренко «ата-ананың өзіне талабы, отбасына деген құрметі, өзінің әрбір қадамын есепке алуы бұл — тәрбиенің басты және бірінші принципі болып табылады және егер балаңыз нашар тәрбиеленсе, бірінші кезекте өзіңізді микроскоптың астына қойып тексеріңіз және баланы қайта тәрбиелеудің қажеті жоқ; тек өзіңіздің балаға деген қарым қатынасыңызды өзгертіңіз, бұл тек ата-анаға ғана қатысты», — деп баланың жеке басына құрметпен қарауды олардың шешімдерін есепке алуды ерекше атап көрсеткен.

Формальды бедел. Адамның әлеуметтік рөліне байланысты болып келеді. Мысалы, ата-ана - бала, мұғалім - оқушы, тренер - секция мүшесі. Бала өскен сайын бұл авторитет түрі азая береді.


Функционалды бедел білім, тәжірибе арқылы қалыптасады.
Ең жақсы бедел түрі – жеке тұлғааралық. Ол төрт жағдайлардан тұрады: жиі балалармен қатынаста болу, балалар туралы хабардың молдығы, оларды түсіне білу, өзін-өзі жетілдіре білу.
Шынайы бедел білімге, сенімге, түсінушілікке, құрмет көрсетуге байланысты болып келеді. Ата-аналар бір-бірінің беделін қолдап, балалардың алдында жанжалдаспай қатынас жасаулары қажет. Беделді болу оңай емес, жоғалтып алу оңай.
Күш немесе жаншу беделі. Бұл беделдің ең қорқынышты түрі. Егер әке үйде әрдайым ашулы болса, түкке тұрмайтын әрбір нәрсеге әңгіртаяқ ойнатса, қандай да болсын қолайлы да қолайсыз жағдайда белдікті қолға алып, әр сұраққа дөрекі жауап беріп, баланы әр кінәсі үшін жазалап отырса, бұл жаншу беделі болғаны. Ол балалық өтірік пен адамдық қорқақтық тудырады және қатыгездікті тәрбиелейді. Ондай балалардан көбіне айналадағыларға кектенетін немесе қасарысқан адамдар шығады.
Өздерін басқалардан жоғары санау беделі. Басқа адамдарды өзінен төмен санау, менсінбей қарау, мақтануды ұнатып, кеуделерін қағатын ата-аналар. Олардың балалары да өздерінің ортасында әкелерінің қызметін, дәрежесін мақтаныш етіп, басқа балаларды өздерінен төмен санайды.
Педантизм беделі. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларына бұйрық беріп, қатал талап қойып, олардың пікірлерін есепке алмай қатал ұстауды бірінші орынға қоятындар. Балалардың еркіндігі, инициативасы төмен болып, ата-аналардың бұйрығын тосып, өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды.
Өсиетшілдік беделі. Мұны шетсіз, шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтумен баланың өмірін жегідей жейтін ата-аналар ұстанады. Тіпті балаға әзіл-қалжыңы аралас бірер ауыз сөз айтудың орнына ата-аналар зеріктіретін, мезі ететін ұзақ сөз сөйлей бастайды. Көпіртіп ақыл айтуды даналық деп түсінеді. Мұндай жанұяда қуаныш пен жайдарылық аз болады.
Махаббат көрсету арқылы қалыптасатын бедел. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларынан шексіз оларды жақсы көрулерін қалайды. Кез келген жағдайда жақсы көріп, аймалап, оларды өздерінің махаббаттарымен мазалай береді. Бала оны түсініп оларды алдап өзінің қалағанын орындатуға тырысады.

Мейірімділік беделі. Тіл алғыштығына кеңшілік жасаумен, жұмсақтықпен жетуге тырысады, балаларға еркіндік беріледі. Отбасы тыныштығын сақтауды артық көргендіктен ата-аналар қандай да болсын қақтығыстан қашады. Олар тек көрер көзге бәрі дұрыс болуы үшін ғана, нені болса да түгелдей құрбандық етуге әзір болады. Мұндай отбасында лезде-ақ балалар жайдан-жай ата-аналарына басшылық ете бастайды. Ата-ананың қарсылық көрсетпеуі жүгенсіз балалық тілектерге, еркеліктерге, қисынсыз талаптарға жол береді. Кейде ата-аналар шамалы қарсылық білдіріп көреді, бірақ кештік етеді.


Сатып алу беделі. Тіл алғыштық сыйлықтармен немесе уәделермен сатып алынса, бұл беделдің ең арсыз түріне жатады. Ата-аналар қысылып-қымтырылмай-ақ былай дейді: "тыңдайтын болсаң, саған ойыншық ат сатып әперемін, тыңдайтын болсаң, циркке барамыз..."
Өздеріне сенімсіз ата-ана балаларының алдында беделін жоғалтады. Егер балаңыз нашар тәрбиеленсе, бірінші кезекте өзіңізді тексеріңіз. Іштей өз әрекеттеріңізге есеп беріп көріңіз. Баланы қайта тәрбиелеуге тырыспаңыз, тек өзіңіздің балаға деген қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз. Баланың жеке басына құрметпен қарауды олардың шешімдерін есепке алуды үйренгеніңіз абзал.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Егер бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе және тек қана жүрегінің айтқанын істейтін болса, онда ол өмірден өз орнын табады да, Жер үстіндегі Адамның қызметін атқарады.
Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, кез келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола алады.
Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатынасы, мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасы үнемі байланыспай келгені ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің мұгаліміне деген жақсы көрушіліктен барынша шалғай жатқан қорқыныш, жек-көру, сыйламау сияқты сезімдерді бастан кешіретіні жиі кездеседі. Мұның себебі, мұғалім мен оқушылардың жеке бастарының сапасы мен оқу әдістерінің сапасына байланысты болуы мүмкін.
Мұғалім әрбір сабақты жан-тәнімен беріле оқытуды, бала жанына әсер ететін құндылықтарды қалыптастыруды өзі үшін сақтау қажет. Үлкен адам қай жерде болмасын өзі рухани белсенділік танытатын болса, сол арқылы тәрбие бере алады.
Шын мәнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ұғымына енетін өмір құбылыстарының бәрін сабақтардың кез келгенінде көрсетуге болады.
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани – адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн.
Әлемдік қоғамдастық қарсы тұрушылықтың, интолеранттылықтың бірқатар шарттарын атап көрсеткен. Олар:
1. Заңдылықтар базасының болуы
2. Білімділік деңгейінің көтерілуі
3. Ақпараттарға еркін қол жеткізу
4. Мәселені жеке бас деңгейінде ұғыну және басқалар
Сондықтан, аталып өткен шарттардың ішінен толеранттылық принциптеріне негізделген білімділікке айрықша көңіл бөлінуі қажет. Оқушының толерантты ақыл-есі өзінің ұлттық, халықтық мәдениетін уағыздай алу үрдісінде және басқа да этностар мен халықтардың мәдениетінің даму және жүру құқығын мойындау үрдісінде қалыптасады. Оның кең көлемде болуы балалардың біртекті этникалық ортада, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде дамып және өсуіне тәуелді. Біздің мектеп ролінен алатын болсақ – ол кіші жастағы оқушыларды мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқыту және «..өз мәдениетін терең білу – басқаларға қызығушылық қарым-қатынастың фундаменті. Ал көптеген мәдениетпен танысу – рухани баю және даму негізі» делінген Қазақстан Республикасының этномәдениетті білімділік концепциясына негізделе отырып, мектептің іс-әрекетінің мақсаты анықталды: этнопедагогика және этнопсихология моральдарының негізінде дүниені тануға қабілетті адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру.
Мектептің рухани – адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: өзгені түсіне білуді, жақсылық жасауды, өзара қарым-қатынастардың қоғамдық қабылданған нормаларының бағыт- бағдарларынан адаспау, дау-жанжалды жағдайятты бағалау жолымен шешу және одан этикалы шығуды іздеу біліктерін қалыптастыру, берілетін бағалар мұғалім қолындағы қамшыға айналмай, баланың дамуына, білім мен дағдыға үйрену ықпалына әсер етуі қажет .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет