Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: слайд, маркеры, плакат.
Жоспар:
Ата-аналарды күтіп алу.
Шаттық шеңбері.
Топқа бөлу.
2-тоқсан қорытындысын айту. Сынып жетістіктері мен ағымдағы мәселелер.
Ата-аналарға арналған «Бақытты баланың моделін» құрастыру.
Барысы:
«Шаттық шеңберін» құрып, баланың бір жақсы қасиетін айту.
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді.
Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.
Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!
Бақытты баланың моделін құру:
1. Сыйластық
2. Мейірімділік
3. Өзара түсінушілік
4. Татулық
5. Сүйіспеншілік
6. Денсаулық
ІV жаттығу. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
Тапсырма: «Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі.
Ата –аналарға алдын-ала дайындалған кеспе қағазы беріледі.
Нұсқау: балаңыздың бойында бар мінез-құлық қасиеттерін жазу ұсынылады.Енді өзіңіз жазған балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін екі бөлікке бөліңіз?
1. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.
2. Балаңыздың бойындағы мінез-құлық қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.
Рефлексия
1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін жазған кезде қандай күйде болдыңыз?
2. Мінездің көлеңкелі тұстары кездескен кезде сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?
Қорытынды:
Бала нені білсе жастан,ұядан,
Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие, білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын қадағалауларыңызды сұраймыз.
«Бизнес академия «Дара» мектеп-лицейі
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
Г.Е.Зекенова
_________________
«_____» ______2023ж.
Тәрбие сағаты:
«Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
Өткізуге жауапты: Е.А.Оспанов
Сыныбы: 8 «В»
Өткізілетін кабинет:______
2022-2023 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |