Қосымша 1 Қатынас анықтамасын жаз:
___________________________________________
Екі санның қатынасын әріппен жаз:
Алдыңғы Соңғы
мүшесі мүшесі
Оқылуын ауызша айт.
Қатынасқа бірнеше мысал келтір: ___________________________________________
Оларға кері қатынастар жаз: ___________________________________________
Жай бөлшекке кері санды табу мен қатынасқа кері қатынасты табудағы ұқсастықты түсіндір:
___________________________________________
Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады: ___________________________________________
Мысал келтір: ___________________________________________
Екі санның қатынасын процентпен өрнектеу үшін
___________________________________________
Қосымша 2 Жеке жұмыс А: №1. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз: 7,5:3,5=х:14.
№2. 2,5 кг қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады?
№3. 120 санын 1:2:3 қатынасындай бөліктерге бөліңіз.
В: №1. АВС үшбұрышының АВ қабырғасында жатқан Е нүктесі арқылы АС қабырғасына параллель түзу жүргізілген. Егер АВ=22,5 см, АЕ=18 см, ВС=15 см болса, ВС қабырғасын түзу қандай кесінділерге бөлінетінін табыңыз.
№2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңыз:
С:
№1. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, олардың массаларының қатынасы 3:2 қатынасындай. Бір кесек жез дайындау үшін 120 г мыс қажет. Осы кесек жезді дайындау үшін қанша мырыш қажет болатынын анықтаңыз.
Қосымша 3 Жеке жұмыс 1-тапсырма Берілген жүкті тасымалдау үшін 16 автокөлік әрқайсысы 12 рейстен жүруі керек болады. Егер автокөліктің санын 25% - ға кемітетін болса, әр бір автокөлік берілген жүкті толық тасымалдау үшін әрқайсысы неше рейс жүруі керек?
Дескриптор: Білім алушы
процент арқылы автокөліктің санын есептейді;
пропорция құрастырады;
пропорцияның түрін дұрыс анықтайды;
пропорция арқылы рейс санын есептейді.
2-тапсырма Сиыр фермасында барлық ірі қараны жемдеу үшін 30 күнге жететін жем шөп дайындалған. Егер сиыр басын 40%-ке кемітіп, бір сиырдың күндік нормасын 25%-ке арттырса, дайындалған жем шөп неше күнге жетер еді?
Дескриптор: Білім алушы
мал санының кемуін есептейді;
жем шөптің өсуін жазады;
шартқа сәйкес пропорция құрады;
пропорцияның түрін анықтайды;
пропорцияның негізгі қасиетін қолданып есептеулер жүргізеді;