Атырау облысы,
Мақат ауданы,
Мақат поселкесі
Х.Санбаев атындағы орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі: Құсайын Ардақ Ұзақбайқызы
Санаты: I
Еңбек өтілі: 12 жыл
Өткізілген күні:
Сыныптар: 8 «Б», 8 «В»
Сайыстың тақырыбы: «Үздік химиктер сыныбы- 2014 жыл»
білім сайысы.
Сайыстың мақсаты: Әр түрлі ұлттық үрдіс элементтерін пайдаланып және пәнаралық байланыстарды қамту арқылы пәнге қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
дамытушылығы: Топтасып жұмыс істеуге, белсенділікке, іскерлікке, ұлттық дүниетанымға тәрбиелеу.
Қызықты сайыстың жүру барысы:
Оқушылар екі командаға бөлінеді.
8 «Б» сыныбы- Ойшылдар командасы
8 «В» сыныбы- Зеректер командасы.
Қызықты сайыс төмендегідей кезеңдерден тұрады.
1 кезең. Сәлемдесу. (әр команда төсбелгісін, ұранын, қарсыластарға, әділқазы алқасына сәлем жолдайды.)
2 кезең.Сырыққы шығу- «Әркімнің өзі шығар биігі бар». Әр командаға
6 сұрақтан қойылады.
3 кезең. Алтын қабақ ату- «Өнер-ағып тұрған бұлақ, ілім- жанып тұрған шырақ». Берілген формулаларды қателеспей теріп алып 4 түрлі себетке орналастыру керек. (оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер)
4 кезең. Тал отырғызу- «Әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы».(Төменде берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазу керек)
5 кезең. Күш сынасу- «Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
«Әр командаға есептер таратылады, есепті шығаруға 10 минут уақыт беріледі.
«Жанкүйерлер көрімдігі» ұйымдастырылады. (Сіздерге жұмбақ жасырылады, соны қазақша, орысша, латынша атауын айтасыздар?
6 кезең. Үй тапсырмасы» Қызықты тәжірибе орындау.
8 «Б» сыныбы: Сутек асқын оксидінің ыдырауы.
8 «В» сыныбы: Алма неге қараяды?
7 кезең. Арқан тартыс- «Асу бермес асқар жоқ». Екі команда мүшелері бір- бірінің сөзжұмбақтарын, ребустарын алмастырып орындайды.)
8 кезең. Әр команданың оқушылары оз өнерлерін көрсетеді.
9 кезең. Қорытындылау. «Білімнің басты бейнет, түбі зейнет». Жеңген командаға жеңімпаз атағы беріліп, белсенді оқушылар марапатталады.
2 кезең. Сырыққа шығу- «Әркімнің өзі шығар биігі бар».
8 «Б» сыныбы «Ойшылдар командасына» төмендегі сұрақтар қойылады?
-
Сүзу әдісімен бөлінетін ерітінді дегеніміз не? (Сүзінді деп аталады)
-
Химиялық формула дегеніміз?(заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индикстер көмегімен шартты түрде бейнелеу)
-
Орынбасу реакциясы дегеніміз не?
-
Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағана береді? (oxygenium- оксигениум қышқыл тудырушы деген мағана береді)
-
Ауаның орташа молярлық массасы, молярлық көлем (қ.ж) нешеге тең?
(М ауа= 29, V (қ.ж)= 22,4 л/ моль)
-
Сутекті қай жылы ағылшын ғалымы алды? (1776 ж ағылшын ғалымы Г. Кавендиш)
8 «В» сыныбы «Зеректер командасына» төмендегі сұрақтар қойылады?
-
Бейорганикалық қосылыстар класын нешеге жіктейміз және оларды ата? (оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер)
-
Алмасу реакциясы дегеніміз не?
-
VII А топша элементтерін ата? (фтор, хлор, бром, йод, астат)
-
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде неше период, неше қатар, неше топтан тұрады? (7 перид, 10 қатар, 8 топтан, 16 топшадан тұрады)
-
Қай жылы ағылшын ғалымы атом құрылысының «планетаралық» моделін ұсынды? (1911 жылы ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд)
-
Д.И.Менделеевтің перидтық жүйесінде s, p,d,f элементтер сандары нешеу? (s-14, p-30, d-38, f-28)
3 кезең. Алтын қабақ ату- «Өнер- ағып тұрған бұлақ, ілім- жанып тұрған шырақ».
8 «Б» сыныбы:
KOH, HCI, Na2O, CaSO4, H2SiO3, H2SO4, MgCI2, HBr, SO3, H2CO3, K2CO3, CuOH, NH4OH, AI2O3, BaCI2, Cu2O, Na3PO4.
8 «В» сыныбы:
AgNO3, MgSO4, Ca(OH)2, CaO, Fe(OH)3, Pb(NO3)2, Cr2O3, ZnO, HNO3, HNO2, H2SO3, HBr, Cr(OH)3, MgI2, H3PO4, H3PO3.
4 кезең. Тал отырғызу- «Әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы».
«
Төменде берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар?
-
«В» сыныбы. Na→ Na2O → NaOH → Na2SO4
-
«Б»сыныбы.Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCO3→ CO2
5 кезең. Күшті сынасу- «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».
Есеп, есеп, есеп-ай,
Есеп білмес есек ай.
Есеп білмес баланы,
Еркелетпес ешкім-ай.
8 «Б» сыныбы. Ойшылдар командасы.
-
Құрамындағы сутек, күкірт және оттек атомдарының қатынастары 1:16:24 болатын қышқылдың формуласын табыңдар?
-
Массасы 7,1 г P2O5- ді судың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін ортофосфор қышқылының ( H3PO4) массасын табыңдар?
8 «В» сыныбы. Зеректер командасы.
-
30 г тұзды 170 г суда еріткенде түзілетін ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%) қандай болады?
-
7,65 г BaO- ді сумен әрекеттескенде Ba(OH)2- нің қандай массасы түзілетінін есептеңдер?
Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша- орысша- латынша атаукерек. Жинаған ұпайыңыз өз сыныбыңызға қосылады.
-
Өзім газбын менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
( оттек-кислород- оксигениум)
-
Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.
( күкірт- сера- сульфур)
-
Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады.
(қорғасын- свинец- плюмбум)
-
Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны.
(темір-железо- феррум)
6 кезең. «Үй тапсырмасы»
Қызықты тәжірибе орындау.
8 «Б» сыныбы: «Сутек асқын оксидінің ыдырауы»
8 «В» сыныбы: «Алма неге қараяды?»
7 кезең. Арқан тартыс- «Асу бермес асқар жоқ.»
Екі топ командалары үйден дайындап келген сөзжұмбақтарын, ребустарын алмастырып орындайды.
8 кезең. Әр команданың оқушыларыөз өнерлерін көрсетеді.
-
кезең. Қорытындылау. «Білімнің басты бейнет, түбі зейнет».
-
Әділқазылар алқасының пікірлері тыңдалады.
-
Ойынға қатысқан оқушылар марапатталады.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Достарыңызбен бөлісу: |