Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты



Дата13.11.2023
өлшемі6,79 Mb.
#191369
түріБағдарламасы
Байланысты:
1 тоқсан тәрбие есеп 6 б сынып
566268, Волейбол 9 кл 34 сағ

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық
лицей-интернаты

6 «б» класс I-тоқсан жұмысының талдауы
Кураторы: Алдонгарова Т.А

2023/2024 оқу жылы

2023/2024 оқу жылы бойынша 1,3 кластарында жүргізілген тәрбие жұмысына талдау


  1. 1 тоқсанда жүргізілген тәрбие жұмысына талдау:

Жоспар «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша оқушылардың жас ерекшелігіне қарай алынды. Бекітілген кешенді бағдарлама бағытына сай жоспарланған тәрбие сағаттарымен класстан тыс шаралар өз уақытында өткізіліп тұрды. Оқушылар класстағы тәрбие сағаттарына белсене қатысады.
1 «Мектебім –мейірім мекені»
2 «Менің берік отбасым»
3 «Қазақтың ұлттық киімдері»
4 «Мен әдепті баламын»
5 «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі»
6 «Аталар өсиеті.Үлкенге де сіз,кішіге де сіз.»
7 «Күз-мереке,күз-береке»
8 «Кітаппен бірге өсеміз»
9 «25 қазан-Республика күні»
ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ АЙЫ
 1 қыркүйек-Білім күні, сынып сағаттары
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Мектеп – мейірім мекені» атты тақырыбындағы тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты:
Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру;Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білім құмарлыққа шақыру.




ҚАЗАН – АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҰЛЫҚТАУ АЙЫ
 1 қазан – Қарттар күні
 5 қазан – Мұғалімдер күні
 25 қазан – Республика күні

Аталар өсиеті «Үлкенге де сіз, кішіге де сіз»тәрбие сағаты өткізілді






«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектебіміздің кітапханасымен тығыз байланыста болып,бірнеше кітаптар оқыдық.
«Кітаппен бірге өсеміз» тәрбие сағаты кітапханашы Гулжанат Сәндібекқызымен бірге өткізіліп оқушылар кітап туралы көптеген мағлуматтар алды



«Менің берік отбасым» тәрбие сағаты өткізіліп балалар ата –аналарына хат жолдап, ата-аналарынан кері байланыс алды.




Ұстаздар күніне орай Алғашқы ұстаз- білімнің баспалдағын қалыптастырушы тұлға.Ұстаздардың елеулі үлестері үшін оқушыларым ұстаздарын гүл шоқтарымен құттықтады



Алтын күз мерекесі қарсаңында бастауыш сынып оқушылары «Күзгі орман»ерегісін сахналады.



«25 –қазан Республика күні»тәрбие сағаты өткізілді




Республика күніне орай 1-4 сыныптар арасында спорттық шара өтті. Класс оқушылары түгел қатысты

«Қалалық техникалық шығармашылық орталығы»КММ-де 1-4класс оқушылары арасында ұйымдастырылған «Күзгі сарын» қалалық қол өнер байқауына
Сағидуллаева А,Типаева Г. қатысып Грамота,Сертификаттармен марапатталды

2 Класс ұжымы дамуына талдау


Тоқсан бойы оқушылардың үлгерім сапасын көтеру, өзара достық пен ынтымақтастық тұрғысында тәрбиелеуде бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында әртүрлі қиындықтармен бетпе-бет келіп, оларды шешу жолында оқушыларға түрлі әсер ету арқылы жұмыстандым. Мысалы: достық пейілмен ашық-жарқын әңгімелесу олардың проблемаларын түсінуге көмектестім. Ата-анамен байланыста болу, ашық әңгімеге шақыру барысында жұмыстар оң нәтижесін көрсетті.
3 Сынып оқушыларын дамуын талдау
1 класта 2 оқушы,3 класта 4оқушы бар. Оның 3 қыз, 4 ұл. 1 тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім сапасы 3 класта 75 %, 3 оқушы екпінді (Сағидуллаева Ажар,Кулембаев Данияр,Типаева Гаухар)
1 оқушы қанағаттанарлық (Исенгулова Дияна ).

  1. Педагогикалық ұжыммен өзара байланысты талдау

Тоқсан бойы оқушылардың сабаққа ынтасын, дайындық деңгейін бақылау мақсатында сабақтарға қатыстым. Пән мұғалімдерімен оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігі, тәртібі, үй тапсырмасын орындап келулері туралы үнемі сөйлесіп отырдым.

  1. Ата-ана мен байланыс

Тоқсан бойынша ата-аналар мен байланыс үнемі жүргізілді. Ата-аналарға оқушылардың тәртібі, сабақ үлгерімдері айтылды.
Ұсыныс
Тоқсан ішінде ауырып сабақ жібергендерге өз денсаулықтарына мұқият болуларына назар аудару көзделді. Алдағы уақытта да оқушылардың тәрбиесі мен тәртібі жөнінде бірлесе тығыз жұмыс жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет