Атом,құрылысы және оның шығу тарихы Атом ашылуындағы кезеңдер Бұдан 2500жыл бұрын өмір сүрген ертедегі Грецияның ғалымы, философы Демокриттің ойынша күллі зат өте ұсақ бөлінбейтін бөлшектерден – атомдардан тұрады деген.Оның ойынша, бір заттың екінші заттан айырмашылығы оларды түзетін атомдардың санына, түріне және орналасуына байланысты. Дүниеде болатын өзгерістің барлығын осы атомдардың қосылуы және айырылуы деп түсінді.
Мысалы, Алманы алып оны екіге бөлеміз. Оның бір бөлігін тағы бөлеміз,солай майда бөлшектерге бөле береміз. Ең кішкене бөлшегін әрі қарай бөлікке бөле алмаймыз. Бірақ, ол алманың барлық қасиеттерін бойында сақтайды..Осы қарапайым мысалға негізделе отырып атом туралы ілім қалыптаса бастады.
М.В Ломоносов 1741 ж шыққан алғашқы еңбегінде өзінің негізгі идеясын ұсынды. Барлық зат ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың ілінесетіндік қабілеттері бар, заттың қасиеті негізінде осы ұсақ бөлшектердің қасиетіне байланысты. Джон Дальтон атомистиканы қайта жаңғыртып ең кішкене бөлшектің бар екенін және оның атом екенін былайша тұжырымдады:
Барлық зат өте кішкене бөлшектерден – атомдардан тұрады.
Жай заттар одан әрі бөлінбейтін, біріне-бірі ұқсас, басқалардан айырмашылығы бар, жай атомдардан, ал күрделі заттар (қосылыстар) «күрделі атомдардан» тұрады. Күрделі атомдар реакция кезінде жай заттардың атомдарына ажырайды.
Күрделі атом әртүрлі жай атомдардың азғана санынан құралады.
1800 жылдары ағылшын физигі Джон Томсон «атом әрі қарай бөлінбейтін бөлшек» - деген тұжырымдамаға өзгеріс енгізді. Зерттеулер жүргізу барысында ғалым атомның сыртында теріс зарядты бөлшектің бар екенін, яғни, электронды анықтады. Осы еңбегі үшін ол 1906 жылы Нобель сыйлығына ие болды. Резерфорд Жаңа Зеландия физигі, Томсонның шәкірті болған. 1908 жылы Нобель сыйлығына ие болды. Ол тәжірибе барысында атомда электроннан басқа ядроның болатынын анықтап, дәлелдеген. Жаңа модельді Нильс Бор ұсынды. Ол Дат физигі. Резерфордтың тұжырымын жаңалады. Бордың ойынша атомды айнала қозғалатын электрондар спираль түзе қозғалады. Тұжырымдамаға «планетарлық модель» деген ат берілді. Эрвин Шредингер дің ойынша ядроны айнала қозғалатын электрондар бұлт түзе немесе орбита бойымен айналып қозғалады. Қазіргі таңда атомға анықтама беретін болсақ...
Атом дегеніміз – элементтің химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі. Атом- оң зарядталған атом ядросынан және теріс зарядталған элетрондардан тұратын электробейтарап бөлшек.
Атом құрылысы Нейтрон (ағылшынның neutron, латынның neuter – ол да емес, басқа да емес), (n) – спині 1/2 және массасы протон массасынан аз ғана артық, электрлік бейтарап тін; адрондар класына жататын бариондар тобына енетін бөлшек. Еркін күйдегі Нейтрон – орнықсыз бөлшек, оның орташа өмір сүру уақыты 15,3 мин.
Протон (грекше prоtos – бірінші) (р) –атом ядросының элементтік құрамбөліктерінің бірі, сутек атомының, оның ішінде ең жеңіл сутек изотопының яки атомдар ішіндегі ең қарапайымының - протийдің ядросы; ядролардың бөліну процесі кезінде дараланады; болмашы оң зарядпен сипатталады.
Назарларыңызға рахмет!