Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері



Дата31.01.2022
өлшемі15,07 Kb.
#116522
Байланысты:
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері — копия
1 зертханалык жылқы

Жеңіл атлетиканың шығу тарихы және түрлері

Жеңіл атлетика даму тарихы жағынан ең көне, әрі бай тарихы бар спорт түрі. Жүгіру, секіру, лақтыру сияқты іс-қимылдар адамзатпен бірге жаратылған және оның еңбегімен,тіршілігімен тығыз байланыста болған. Сондықтан, көп елдерде жеңіл атлетикалық ойындар жарым түрінде енгізілген.

Археологиялық қазбалар мен тау тастағы суреттерге жүгінсек, жеңіл атлетикалық жарыстар біздің ғасырдан көп жыл бұрын Азия және Африка халықтарының арасында өткізілгенін мойындайды.

Негізінен жеңіл атлетикалық спорттың даму шыңы Ежелгі Грецияда кеңінен белең алған. Спорттық жарыстар дәл осы елде жоғары атаққа ие болған, себебі сол замандакөп болатын соғыстар-жақсы шыныққан жауынгерлерді талап еткен. Ежелгі Грецияда жалпы ұлтаралық,халықаралық жарыстар ұйымдастырылып, кейінен Олимпиядалық ойындар атағына ие болған.

Олимпиядалық ойындарға Грецияның басқа көптегн қалаларынан халықтар жиналып, осы уақытта соғыстарда тоқтатылған.

Алғашқы Олимпиядалық ойындары б.э.д. 776ж. өткен. Оның бағдарламасына 192,27м. Қашықтыққа жүгіру енгізілген (фомос деп аталған). Б.э.д. 708 жылы бағдарламаға жүгірумен қатар диск, найза лақтыру, секіру және күрес сияқты спорт түрлері енгізілді.

Ежелгі Грецияда аттлеттерінің жетістіктері өте жоғары болған, бұл олардың дайындықтарының күштілігінен. Себебі Грециялықтарының 7 жасынан оқуға барған балдарының сауаттылығына көп назар аударылмай, ал керісінше дене шынықтыруға көбірек көңіл бөлгендігінде.

Біздің эраның соңғы ғасырында Грецияның Рим патшалығының қол астына көшуіне байланысты, олимпиядалық ойындар өз деңгейін жоғалтады.



Жеңіл атлетиканың түрлері

Жүгіру, спорттық жүгіру-жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа жүгіру яғни қысқа қашықтықтар, орта қашықтықтар, алыс қашықтықар.

Қысқа қашықтыққа-100, 200, 400м және кедергілі қашықтық жатады.

Орта қашықтыққа-800, 1000, 1500, 3000м жүгіру кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады.

Алыс қашықтыққа-5000, 10000, 20000, марафондық қашықтық және дала жарыстары жатады.

Лақтыру-найза лақтыру, диск лақтыру, граната, доп лақтырулары жатады.

Секіру-ұзындыққа секіру, жүрелей секіру,биіктікке секіру, сырықпен секіру, үш аттап секіру.



Орындаған; Сафаралиева Бану ХІТ 21-01

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет