Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалин



Дата19.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#103521
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Сапарғали Бегалин
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі, ашық сабак матем, ашық сабақ геометрия

Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалин.


Сапарғали Ысқақұлы Бегалин(1895-1983)

Өмірбаяны:

  • Өмірбаяны:
  • Сапарғали Ысқақұлы Бегалин (1895-1983) 24 қарашада Шығыс қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелен ауылында дүниеге келген. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929-35 жылдары Дегелен облыстық атқару комитетінің төреғасы, Қарқалы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлілім менгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. 1935-56 жылдары «Теміржолшы» газентінде, Қазақ КСР ға-ның Тіл және Әдебиет Инсититутында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

Этнограф

Тарихшы

Көрнекті

суреткер

Лирик

Сыршыл

ақын

Аудармашы

Драматург

Сапарғали

Бегалин

Кемеңгер әрі

сүйікті

жазушысы

Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы. Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.

  • Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы. Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.
  • Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.
  • Ол-сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.
  • Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.
  • Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты пьесаның авторы.

Әңгіме повестері:

«Көксегеннің көргендері», «Ермектің алмасы», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Мектеп түлектері», «Шоқан асулары», «Қыран тұралы аңыз».



Өлеңдері, романы:

«Қыран кегі», «Циплян теңізі», «Таңдамалы», «Сырлы қайнар», «Замана белестері»

Десек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды. Бүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып, сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.

Пушкиннің

Лермонтовтың

Шевченконың

Д.Н. Мамин-Сибиряктың

Л.В. Соловьевтің



Аудар-малары:

Бегалин «Абай» шығармаларын насихаттауға көп еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мқрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай», «Сауық кеш», «Назипа Құлжанова» тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында өткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.

  • Бегалин «Абай» шығармаларын насихаттауға көп еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мқрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай», «Сауық кеш», «Назипа Құлжанова» тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында өткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет