Қазақ ЖӘне ағылшын тілдеріндегі сәлемдесу мәнді сөйлеу актілерінің Әлеуметтік-прагматикалық аспектілері



Дата29.01.2018
өлшемі99,46 Kb.
#36005
ӘОЖ 81-119

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ СӘЛЕМДЕСУ МӘНДІ СӨЙЛЕУ АКТІЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Мейірбеков А.Қ.



Резюме

В статье рассматривается социопрагматические аспекты речевого акта приветствия в казахском и английском языках. А также формы речевого акта приветствия обеих языков были классификацированы на основе опыта классификацирования этого же речевого акта авторитетными зарубежными лингвистами.

Summary

This article considers socio-pragmatic aspects of the speech act of a greeting in the Kazakh and English languages. And also forms of the speech act of a greeting of both languages were classified on the basis of experience of a classification of the same speech act by authoritative foreign linguists.

Әлеуметтік-прагматика белгілі бір сөйлесім жағдайындағы қолданылған тілдік бірліктердің формасы мен қызметтерін зерттейді. Бұл анықтамамыздағы тілдік бірліктердің формасы дегеніміз олардың жалпы фонетикалық және грамматикалық сипаттамалары. Сөйлесім жағдайының әлеуметтік сипаттамаларына оған қатысушылардың саны, жынысы, ұлты, әлеуметтік статустары, өзара жақындықтары(мәселен: енді танысқан адамдар, дос жарандар, құрбы құрдастар, туыстар), сөйлесім жағдайының ресмилігі немесе бейресмилігі, сөйлесім жағдайы орын алған контекс және т.б. [1].

Әлеуметтік прагматикаға жақын прагмалингвистикалық ұғымдардың бірі сөйлеу актілері. Сөйлеу актісі деген терминді ғылыми айналымға тіл білімінің философиялық мәселелерімен айналысқан J.L.Austin әкелген болатын. Оның ізбасары J.Searl сөйлеу актілерін: директивті, коммисивті, экспрессивті, декларативті және репрезентативті деп бес негізгі топтарға бөліп классификациялады.

Экспрессивті сөйлеу актісін зерттеу нысаны ретінде алғанда біз Н.А.Трофимованың «Экспрессивті сөйлеу актісі - психологиялық көңіл күйді білдіру интенциясын жүзеге асыратын және адресаттың эмоционалдық күйіне ықпал ететін сөйлеу актісі» деген пайымдауын басшылыққа аламыз [2]. Экспрессивті сөйлеу актілеріне сәлемдесу, құттықтау, тілек, рахмет айту және көңіл айту мәнді сөйлеу актілері жатады. Аталмыш сөйлеу актілері күнделікті тұлғааралық қарым-қатынастың бөліп жаруға келмейтін бір бөлімі. Әрі бұл сөйлеу актілеріне әр елдің мәдениеті әр түрлі әсеріне тигізбек. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінің экспрессивті сөйлеу актісі болуының себебі, сәлемдесу арқылы адресант адресатқа өзінің ізгі ілтипатын танытпақ. Демек, белгілі бір дәрежеде адресант психологиялық көңіл күйін аңғартады. Майса Кадхим осы тақырыптағы зерттеу жұмысында сәлемдесу мәнді сөйлеу актілерін әр ұлттың әлеуметтік-мәдени аспектілері тұрғысынан зерттелуінің қажеттігі жайында сөз етті [3].

Сәлемдесу тұлғааралық бетпе-бет қарым-қатынас кезінде маңызды рөл атқаратын сөйлеу актілерінің бірі. Ол жайында Duranti сәлемдесу кез-келген тілдің коммуникативті біліктілігінің маңызды бөлігі деп, тіптен жас сәбидің өзі ана тілін үйренгенде алғашқы үйренетін сөйлеу актісі сәлемдесу болатынын айтқан [4]. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актісі бірнеше қызмет атқармақ. Сәлемдесу белгілі бір қоғам өкілдерінің арасында ізеттілік және кішіпейілділік әдептерін сақтай отырып тұлғааралық байланыс орнатудың бірден-бір амалы. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актілері қалай білдірілгені арқылы біз сөйлесім жағдайындағы сұхбаттасушылардың арақатынас жақындығы мен бір-біріне қандай әлеуметтік статус беретінін аңғарамыз. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актілері вербалды және бейвербалды іс-әрекеттермен жүзеге асуы мүмкін [5]. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актісін білдіру үрдісі барысындағы ең жиі кездесетін вербалды және бейвербалды іс-әрекеттердің үлгілерін зерттеген Krivonos пен Knap сұхбаттасушылардың өзара жақындығы мен өзге де әлеуметтік факторлер ол үлгілерді таңдау амалына әсер ететінін айтты [1].

«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген сөйлесім жағдайы сәлемдесумен басталады. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінің қызметі диалог бастау, қал жағдай сұрау. Тек американ лингвисті Coulthard қана сәлемдесу бастау болмайтын екі түрлі дискурс түрін бөліп жарды. Мәселен, сіз көшеде немесе кез-келген қоғамдық жерде бейтаныс бір кісіден белгілі бір жерге қалай жетуге болатынын сұрағанда немесе т.с.с. жағдайларда әңгіме бастау үшін екі жақты ыңғайсыздық туғызбас үшін «Кешіресіз» деп барып әңгіме құрғаныңыз жөн дейді ғалым. Олай етпей бірден бейтаныс кісімен өзге бейтаныс қоғам өкілдері арасында сәлемдескен кезде. Ол кісі ең ықтимал жауап ретінде «Кешіресіз біз таныс пе едік?», «Мені біреумен шатастырып отырсыз ау» деген сырт кісіге бұрыс естілетін сұраулы сөйлем формасындағы, семантикалық мағынасы дискурстың тоқтатылуын білдіретін жауап қатуы мүмкін. Ондай жауап адресанттың әңгіме құрудағы мақсатына жауап бермегендіктен қоғам өкілдері арасында бейтаныс кісімен сұхбат көбіне «Кешіресіз» деп, әрімен қарай сұрақ қоюмен жалғасады. Мысалы: ағылшын тілінде



Excuse me, could you tell me the way to…

Немесе қаратпа сөз арқылы Hey. You have dropped your book деп дискурс басталуы мүмкін. Оның үстіне ғалым бір кісі телефон шалғанда ағылшындардың «Hello» деп телефонды алып жауап беруі сәлемдесу емес телефон қоңырауына жауап беру іс-әрекеті деп пайымдады.

Сәлемдесу мәнді сөйлеу актілері әлем тілдерінің бәріне ортақ болғанымен, әр тілдің сәлемдесу мәнді сөйлеу актілерінде әр ұлттың ұлттық-мәдени ерекшеліктері байқалады. Зерттеу жұмысымызда ағылшын және қазақ тілдеріндегі сәлемдесу мәнді сөйлеу актілерінде байқалатын ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік-прагматикалық аспектілерінен сөз етеміз.

Сәлемдесудің үлгісі қай тілде болмасын көп. Олар адамдардың өзара жас ерекшелігін, әлеуметтік статусын, туысқандық қарым-қатынасын танытады. Мәселен тілімізде жастар қариялармен сәлемдескенде олардан амандығын сұрап «Амансыз ба!» дейді. Ағылшын тілінде болса сәлемдесудің бұндай түрі жоқ. Ағылшындар қариялармен немесе кез-келген өзінен жасы үлкен немесе әлеуметтік статусы жоғары кісіге «Good day! Mr./Ms. ... », яғни қазақшасы «Қайырлы күн! ... мырза, ханым» деп амандасады. Ал кісінің амандығын, қал жағдайын сұрау ағылшындар үшін сәлемдесуден кейін орын алады. Ағылшын тіліндегі сәлемдесуден қазақ тіліндегі сәлемдесулердің тағы бір айырмашылығы тілімізде кісінің атын айтып амандасу көп кездесе бермейді.

Ағылшын тіліндегі сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінде үш түрлі сөйлеу іс-әрекеті атқарылмақ. Біріншісі сәлемдесудің жалғыз өзі әр түрлі үлгіде (Good morning, Good afternoon, Good evening, Good night, Hello, Hi and etc.). Екіншісі қаратпа сөз (Mr Williams, Ms Johanson, Sr Jastin). Сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінің үшінші компоненті ретінде тұлғааралық қарым-қатынаста ізеттілік әдебін сақтау қызметін атқаратын шағын әңгімелесулер (Lovely day, isn't it / Good to see you / Nice party).

Ағылшын тіліндегі сәлемдесу мәнді сөйлеу актілерінің жағарыда аталған (Good morning, Good afternoon, Good evening, Good night) деген үлгілері көбіне ресми қарым-қатынаста қолданылады. Ал қазақ тілінде (Қайырлы таң, Қайырлы күн, Қайырлы кеш) деген амандасу үлгілері әрі ресми дискурстарда, әрі өзара туысқандық қарым-қатынасы жақын адамдар және ғашықтар арасында жиі қолданылады. Сәлемдесудің аталмыш уақытқа қатысты үлгісі әлемнің көптеген тілдеріне ортақ. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінің бұл топшасын зерттеген Halliday уақыт түсінігіне байланысты сәлемдесуді екі түрлі топқа классификациялады. Олар уақытқа тәуелді сәлемдесулер мен уақытқа тәуелді емес сәлемдесулер. Әрі ғалым ағылшын тіліндегі барлық дерлік сәлемдесу үлгілерін сол екі топқа бөліп шықты. Олар: І. Time-free greetings(уақытқа тәуелді емес сәлемдесулер):



A. How do you do?

B.Hello.How are you?

C.Hi.How are you?

D.Glad to meet you!

E. (It's) Good to see you (again)!

F. (How/very) Nice to see you (again)

G.Long time no see you

ІІ. Time-bound greetings(уақытқа тәуелді сәлемдесулер):

A. Daily formal greetings(тәулік мезгілдеріне қатысты айтылатын сәлемдесулер):

1. Morning: Good Morning

2. Afternoon: Good afternoon.

3. Evening: Good evening

4. Day: Good day.

5. Night: Good night

B.Seasonal (in) formal greetings(мерекелерде айтылатын құттықтау мәнді сөйлеу актісі формасындағы сәлемдесулер):

1. Happy New Year!

2. Happy Anniversary!

3. Happy Easter!

4. Happy birthday (to you)!

5. Mary happy returns (of the day)!

6. (A) Merry Christmas (to you)!

7. Many happy returns (of your birthday)!

Қазақ тілінің осы тұрғыдағы ағылшын тілінен айырмашылығы тіліміздегі құттықтау мәнді сөйлеу актілері әрдайым өз қызметінде ғана айтылып, сәлемдесу үлгісі ретінде қолданылмайды.



І. Қазақ тіліндегі уақытқа тәуелді емес сәлемдесулер:

А. Амансыз ба!

Ә. Амансың ба!

Б. Аман ба!

В. Сәлем!

Г. Сәлеметсіз бе!

Ғ. Ассалаумағалейкум!

Д. Хал қалай!

Ж. Қалайсың!

ІІ. Қазақ тіліндегі уақытқа тәуелді айтылатын сәлемдесулер

А. Қайырлы таң!

Ә. Қайырлы күн!

Б. Қайырлы кеш!

В. Кеш жарық!

Сұхбаттасушылардың бір-біріне сөйлесім жағдайында сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінің бұл үлгісін айтуының уәжділігі бір-біріне оңтайлы ниет білдіру. Ал бейресми тұлғааралық қарым-қатынас кезінде, мәселен өзара жақын құрбы құрдастар, туысқандар арасында, (Morning, Afternoon, Evening, Night) деп те айтыла береді. Әрі құрбы құрдастар, туысқандар бір-біріне әлеуметтік статустарының көрсеткішісіз-ақ бір-бірінің атымен атап сәлемдесе береді (Morning John, Evening Alex, Hi Jane). Қазақ тілінде болса (Қайырлы таң, Қайырлы күн, Қайырлы кеш) деген сәлемдесу үлгілерін олай қысқартып (Таң, Күн, Кеш) деп айту жат. Қазақ тіліндегі аталмыш сәлемдесу үлгілері өзінің ізгі тілек білдіру мәнін жоғалтпаған, оған тағы бір дәлел тіліміздегі уақытқа тәуелді сәлемдесу мәнді сөйлеу актілерінің бірі (Кеш жарық!).

«Hello» деген сәлемдесу үлгісінің қазіргі кезеңде ағылшын тіліндегі сәлемдесу үрдісіндегі қолданысы азайып барады. Оның бірден-бір себебі «Hello» сөзі айтылған жағдайда сәлемдесуден кейін ұзақ әрі нақты бір мәселені шешуге арналған сұхбат басталатынын аңғартады. Ал «Hi» деген сәлемдесу үлгісі керісінше өзінің формасының шағындығынан жастар арасында соңғы жылдары жиі қолданылатын болды.

Ағылшын тілінде «Hi» деген «How are you» деген екі сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінің үлгілерінің бірігуінен жаңа «Hi-ya» деген сәлемдесудің үлгісі де пайда болған. Сәлемдесудің құрамындағы «How are you» деген сұраулы сөйлем өзінің адресаттың қал жағдайын сұрап тұрған семантикалық мағынасын айрылған. Тиісінше одан кейін адресаттан жауап күтілмейді.

Тұлғааралық қарым-қатынасқа түсушілер асығыс үстінде бір-бірін жолдан көріп қалған жағдайда, бір-бірінің есімін атап та сәлемдесе береді.

Көбіне сәлемдесуден кейін сұхбаттасушылар бір-бірінің хал жағдайын сұрасып жатады. Мәселен ағылшын тілінде «How're you?», «How are you getting on?», «How are you keeping?», «How've you been keeping?», «How's life?», «How're things?», «How's the family?», «What's new?», «Are you well?», «Lovely day, isn't it?», «Nice day», “What weather» және т.б.

Аталмыш сөйлемдер сәлемдесу мәнді сөйлеу актісінен кейін ілесіп келуі де немесе сәлемдесудің қызметін атқарып өздері бір сәлемдесу үлгісі болып айтылуы да мүмкін.

Қазақ тіліндегі сәлемдесуден кейін келетін хал жағдай сұрасу, аманшылықты сұрау, тұрмыс тіршілік жағдайын сұрау секілді сөйлеу әркеттерімен салыстырғанда ағылшын тіліндегі аталмыш сұраулы сөйлемдер көбіне өздерінің семантикалық мағыналарын жоғалтқаны байқалады. Әсіресе «How're you?» сұраулы сөйлемі өзінің семантикалық хал жағдай сұрасу мағынасынан жоғалтқаны жайында бірнеше лингвист ғалымдар пайымдама жасаған болатын. Айта кететін жайт қазақ тілінде бұл сұраулы сөйлемге мағынасы саятын «Қалайсың?» деген сұраулы сөйлемде сыртқы формасына қарамастан өзінің семантикалық мағынасын жоғалтып сәлемдесу қызметін атқарып кеткен. Ағылшын тілінде де қазақ тілінде де бұл сұрауға адресат жауап бергенің өзінде хал жағдайының жақсы екенін білдіреді. Мәселен қазақша да «Жақсы! Өзің?» десе, ағылшын тілінде «I’m fine! And you?» деп жауап береді.

Ағылшындар қазақтарға қарағанда тым жиі сәлемдеседі десек те болады. Оған бірден-бір дәлел ағылшындар көшеде таныс емес әйтседе көзбе көз тік қарасып қалған кез-келген кісімен вербалды немесе бас изеу арқылы бейвербалды түрде амандасып өтеді.

Ұзақ уақыт көріспеген адаммен ағылшындар «Nice to meet you!» қазақшасы «Көріскеніме қуаныштымын!» немесе «Қош көрдік!». Қазақ тілінде өзінен әлеуметтік статусы жоғары кісіге «Сәлеметсізбе!» деп амандасу ресми қалыптасқан.

Қазақ тілінде өзара құрбы құрдастар арасында да қал сұрасу мен сәлемдесу қызметтерін бірге атқаратын тағы да «Хал қалай!», «Қалайсың!» деген сәлемдесу мәнді сөйлеу актілері бар. Ал ағылшын тіліндегі «Hi!», «Hello!» секілді құрбы құрдастар арасында айтылатын сәлемдесулер болса тек сәлемдесу қызметін атқарады. Оның үстіне қоштасарда ағылшын тілінде ескерер жайт ағылшындар ұзақ өрбіп кеткен диалогты сыпайы түрде тоқтату үшін «Let’s get together sometime!», «We should have lunch sometime!» деп қоштасуы мүмкін. Ал тілімізге аударсақ «Тағы да бір жолығайық!», «Бірге отырып кешкі ас ішуге қалайсың!» дегенге саяды. Демек, біз оны жансақ кездесуге шақырып отыр екен деп түсініп қалуымыз әбден мүмкін. Әйтседе ол тек қана сыпайлық әдебінен аспау ғана болып табылады. Ал бізде ондай асығыс жағдайда «Жарайды кездескенше!» деп айтады.

Қазақтар арасында сәлемдесуге әсер ететін факторлердің бірі ол сәлемдесушінің жынысы. Бұл тұрғыдан алғанда негізінде бұл әсер әйел затына байланысты және оның сәлемдесіп отырған кісісі оған туысқандық қатысы бар, яғни қайын жұртынан әлеуметтік статусы күйеуінен жоғары тұрған адамға ол әйел келін ретінде бейвербалды түрде иіліп сәлем салуы қажет. Бұл бейвербалды әрекет әрі сәлемдесу, әрі құрмет көрсету қызметін атқарады.

Қорыта айта кеткенде, қазақ және ағылшын тілдерінде сәлемдесу мәнді сөйлеу актілері көбіне өзара ұқсастықтары мол болғанымен, әлеуметтік-мәдени аспектілерінің кей тұстарында ерекшеліктер кездеседі. Сәлемдесу мәнді сөйлеу актілері күнделікті тұлғааралық бетпе-бет қарым-қатынас кезінде ең жиі қолданылатын сөйлеу актілері болғандықтан оларды салыстыра отырып зерттеу тіларалық, мәдениаралық байланыс кезінде туындауы ықтимал прагматикалық қателіктерді алдын алады. Әрі бұл жұмысымыз ағылшын тілін үйреніп жүрген қазақ балаларының коммуникативті біліктіліктерін арттыра түспек.

Әдебиеттер


  1. Dezhara S., Rezaei O., Davoudi S., Kafrani.R.S. A Comparative Study of Greeting Forms Common among Native Male and Female Speakers of Persian // Journal of Language Teaching and Research 3(6) (2012) p. 1224-1232

  2. Трофимова Н.А. Экспрессивные речевые акты. Семантический, прагматический, грамматический анализ. - Санкт-Петербург 2008. - 376с.

  3. Maysa'a K. J. The speech act of greeting: A theoretical reading // Journal of Kerbala University , Vol.8. No.1. Humanities. 2010

  4. Duranti A. Universal and culture-specific properties of greeting // Journal of linguistic anthropology, vol.7(1). 1997. P 63-97.

  5. Akindele D.F. Lumela/Lumela: A Socio-Pragmatic Analysis of Sesotho Greetings // Nordic Journal of African Studies 16(1) (2007) p. 1-17

Мейірбеков А.Қ., ameirbekov@mail.ru



Елікбаев Б.К. ф.ғ.д., доцент, А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент қ., Д. Қонаев к. 57, 87053693177, bauyrzhan1977@mail.ru

Меирбеков А.Қ. магистр оқытушы, А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ., А. Байтұрсынов к. 2/3, 87057533888, ph-doctor@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет