Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет65/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 31. Архаизмдер 
 
Тілдің сөздік құрамы күнделікті тұрмыспен, адамның өндірістік ісімен 
байланысты үнемі даму, жетілу процесінде болып отырады. Халықтың даму 
тарихында белгілі дәуірде тұрмыста қолданылып жүрген кейбір қару-жарақ, 
киім – кешек, құрал-саймандардың күнделікті тұрмыста, шаруашылықта 
қолданылудан шығып қалуымен , салт – сана, әдет – ғұрыптың өзгеруімен 
байланысты сол бұйымдар мен ұғымдардың атаулары болған сөздер де 
қоғамдағы адамдардың пікір алысып, түсінісіп, қатынас жасауындағы 
күнделікті сөйлеу тілінде қолданылудан шығып қалып отырады. Мысалы, бір 


кездерде қазақ тілінде қолданылған
 сауыт, садақ, қорамса, дулыға, шоқпар,
қапсырма, саптама етік, киіз байпақ,жейде, дамбал, түйе жүн шекпен, 
қасқыр ішік,барымта, шабарман, тоқал, күң, құл, мырза, құныкер, әмеңгер, 
болыс, би, абыз, диуана, қайыршы т.б. осы 
сияқты сөздер қазіргі кезде 
қолданылмайды, немесе мүлде сирек қолданылады. 
Мағынасы ескіріп, қолданылудан шығып қал ған я күнделікті 
тұрмыста өте сирек қолданылатын сөздерді а р х а и з м дейді. 
Архаизмдер архаизм және тарихи сөздер болып екі топқа бөлінеді.
Бүгінде күнделікті өмірде қолданылып жүрген заттар мен құбылыстардың 
заттық ұғымдардың бұрынғы көне атаулары а р х а и з м деп аталады. 
Мысалы: көне түркі қағанаты дәуірінде қолданылған
будун, қаң (қан), өк 
(өгей), шығай, су, саб
сияқты түркілердің төл сөздерін кейінгі дәуірлерде
халық, әке, шеше, кедей, әскер, сөз
сияқты кірме сөздер ауыстырды. Ежелгі 
славяндардың
ока, перст, ланицы, уста, глагол, полон, аки
сияқты сөздері 
қазіргі орыс тілінде 
глаза, палец, шека, губы, речь, плен, как
болып айтылады, 
бұлардың алғашқылары –архаизмдер.
 
Мұндай архаизмге жататын сөздер көркем шығармаларда, ғылыми 
еңбектерде халықтың өткен дәуірін елестету үшін ғана қолданылады. 
Архаизмге тек ескі заманды бейнелейтін, ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа 
байланысты сөздер ғана еніп қоймайды, тарихи қысқа мерзім ішінде болған 
өзгерістерді бейнелейтін бірқатар жаңа сөздер де көнеріп, қолданылудан 
шығып қалып отырады. (
банды

бай, кедей, жалшы

құлақ

батырақ, қосшы,
қызыл әскер, қызыл отау, большевик, октябрят, пионер, комсомол, колхоз, 
қайта құру, жекешелендіру ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет