Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ж.Аренова
2018 жыл
Алғы сөз
Ұсынылып отырған дидактикалық материалдар жинағы жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілді мектептің қазақ тілі пәнінің 5-сынып мұғалімдеріне арналған. «Қазақ тілі» пәні бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сай құрылған. Дидактикалық материалды қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен оқушылар пайдалана алады. Дидактикалық материалдағы жұмыстар оқушылардың білім алуына, білімін жетілдіруге негіз болады.
Әдістемелік құрал оқушыларға қазақ тілін қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан меңгертіп, тілдік қатынасты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асыруға септігін тигізеді. Құралдағы мәтіндер мен тапсырмалардың жас ұрпаққа беретін білімділік, танымдық, тәрбиелік мәні зор.
Мақсаты: - қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне сабақты қайталау және қорытындылау барысында көмек көрсету;
Міндеттері: - қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білімін қорытындылау;
- 5-сынып бойынша тақырыптық материалдарды толықтыру;
- коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
- қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру;