Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі



бет1/4
Дата08.06.2018
өлшемі82,39 Kb.
#42059
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Республикалық құқықтық
ақпарат орталығы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі


  • ҚАЗ

  • РУС

  • Негізгі

  • Іздеу

  • Ресми жариялау

  • "БҰҰ" құжаттары

  • Таңдаулы

  • Кабинет

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11777 болып тіркелді.



  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Көшіру

  • Басқа

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі


А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 22 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 мамыр



 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
1-қосымша

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 16 (он алты) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады;

      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;

      2) аттестаттаудан өткізу үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-2/60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11010 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанды почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, өтінішті/шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

      Портал арқылы жүгінен кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.



4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      11. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында "Қолдау және қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.



 

"Тұқымның сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының атауы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан (қажеттісінің астын сызу керек) өткізуді және

      _____________________________________________________________________

      (тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерін көрсету)

      тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесін беруді сұраймын.

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      Мекенжайы:_____________________________________________________

      (индексі, ауданы, облысы, қаласы (ауылы), көшесі, үй нөмірі,

      телефоны, электрондық мекенжайы)

      Қоса берілетін құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      ("Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау"

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес)

      _____________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлімшелердің тізбесі (бар болса) қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

      Мөр орны толтыру күні: 20__ жылғы "___" ______________

      Өтініш 20____ жылғы "____" ________________ қарауға қабылданды

      _______________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

      20__жылғы "__" __________ өтінішке

      қосымша

      Нысан



Заңды тұлғаның құрамына кiретiн құрылымдық бөлімшелердің тізбесі (бар болса)

р/с №

Атауы

Почталық мекенжайы

Электрондық мекенжайы

Байланыс телефондары

Тұқым сапасына сараптама жасалатын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің атауы

1

2

3

4

5

6




































      Басшы _______________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)) (қолы)

 

"Тұқымның сапасына сараптама
жасау жөніндегі зертханаларды
аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны*

      Тұқым сапасына сараптама жасауды өткізуге арналған ғимараттың (үй-жайдың) болуы туралы мәлімет:



р/с


Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні

1

2

3









      Зертханалық жабдықтар және өлшем құралдарының болуы туралы мәліметтер:



р/с №

Зертханалық жабдықтардың, өлшем құралдарының атауы

Өлшем бірлігі

20__жылғы ____
қолда бары

Зертханалық жабдықтардың, өлшем құралдарының зауыттық нөмірі

Салыстырып тексеру (аттестаттау) туралы сертификаттың нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6



















      Құрал-саймандардың болуы туралы мәліметтер:

р/с №

Құрал-сайман атауы

Өлшем бірлігі

20__жылғы ____
қолда бары

1

2

3

4













      Тұқымдардың сынамаларын сақтауға арналған сөрелердің болуы туралы мәлімет: ___ дана

      Тұқымдық сарапшылардың болуы туралы ақпарат:



р/с №

Маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі бойынша мамандығы

Жергілікті атқарушы орган тұқымдық сарапшыдан алынған, тұқымның сұрыптық және егістік сапасына сараптаманы жүргізу бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның нөмірі және күні

Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханамен еңбек қатынасында болуын растайтын құжаттың нөмірі және күні

1

2

3

4

5
















      Ескерту: * әр құрылымдық бөлімше бойынша толтырылады (бар болса).

 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
2-қосымша

"Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.



1. Жалпы ережелер

      1. "Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет