Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет1/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,95 Mb.
#434
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі ОӘ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-24.1. 10/03- 2013

«Кәсіби қазақ тілі » пәнінің оқу әдімтемелік -материалы

01.09.2013 № 1 басылым

5В120100» « Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша үшін

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен сабақтарын жүргізуге арналған

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

Семей

2013

Мазмұны


1.Дәрістер

2. Тәжірибеліксабақтар



1-апта. 1-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Қазақ тіліндегі жалғаулардың түрлері. Көптік жалғаулары.

1-тапсырма. XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдаймен танысып, тарихи деректерді меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Қазақ елінің тарихы

* * * * *

XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай
XX ғасырдың басында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді.

XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар өлке халқының 87 %-нан 95 %- на дейін құрады. Өлке тұрғындарының 90 %-нан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Ал егіншілік халықтың көпшілік бөлігінің негізгі кәсібіне айналды.

Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің екі саласы: тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылады. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі – алтын шығару болды.

Қазақстанда темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды.

Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану мақсатында мектептер ашу және т. б. талаптар енгізілді. Олардың басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, М. Дулатов сияқты қазақ зиялыларының көрнекті қайраткерлері жүрді. Ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқап» сияқты журналды (редакторы М. Сералин) және А. Байтұрсыновтың басшылығымен «Қазақ» бұқаралық газетін шығарды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Көтерілістің жолын жұрт таныған басшылары – Ә. Жанбосынов, А. Иманов, көтерілісшілердің саяси көсемдері – Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ә. Жангелдин, С. Датов, И. Тайманов, М. Өтемісов, К. Қасымовтар тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді.

1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.

Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесін көтерді. Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1935 ж. мектеп жасындағы балалардың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді. Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар және т. б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды.

1920-1930 жылдары Ж..Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С. Сейфуллин, С. Торайғыров, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов,

Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов сияқты т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.

1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы – қазақ драма театры ашылды. Оны Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков сияқты қазақ театр өнерінің майталмандары ұйымдастырды.

Кеңес үкіметінің өкілдері әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда қайраткерлері – А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы – Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков т.б. зиялы қауым өкілдері тұтқындалды.

Жалпы репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, олардың ішінде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпашылығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Олар – генерал-майор И. В. Панфиловтан бастап, Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов, Н. Әбдіров, Әлия және Мәншүк сынды халық батырларын тарих сахнасына шығарды. Соғыс күндерінің барлық қиыншылықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.


Сөзік:

әлеуметтік – социальный

әлеуметтік-саяси – социально-политический

зиялылар – интеллигенция

қайраткер – деятель

майталман – неутомимый; выносливый; непревзойденный

қуғын-сүргін – репрессия

қуғын – гонение; изгнание; преследование; репрессия

қажырлылық – настойчивость; упорство; энергичность
2-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. XX ғасырдың басында халықтың ұлттық құрамы қанша болды, олар қай жерлерде қоныстанған? 2. Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің қай салалары басты болды? 3. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жол қатынастары қалай дамыды? 4. Ұлттық мектептерді ашу ісінің басында кімдер тұрды? 5. Саяси күрестің басты құралдары ретінде ең алғаш қандай бұқаралық газеттер шығарылды? 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихтағы маңызы қандай болды?


3-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.
Ү л г і :

– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі неде болды?

– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.
4-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олардың жалғану ережесін түсіндіріңіздер.
Ү л г і : Егер сөздер қатаң және ұяң б, в, г, д дыбыстарына аяқталса, онда -тар, -тер жалғаулары жалғанады. Мысалы: студент + тер, кітап + тар, штаб + тар, дос + тар, жас + тар, мектеп + тер.
5-тапсырма. Мәтіннің төртінші мағыналық бөлігінен алынған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауларын қосып жазып, олардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңіздер.
Қазақ театр өнерінің майталман...ы ұйымдастырды. Кеңес үкіметінің өкіл...і әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді үйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жыл...дың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда кайраткер...і тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан ай...ында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы тұтқындалды.
Көптік жалғаулары

(Множественные окончания)
«Флексия» – сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына беретін көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма деген сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар – сөз бен сөзді байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп, оған грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия» дейді. (Ә.Хасенов)

Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия) бар.

Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: 1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді (су, сүт, мақта, шөп, қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм, тұз т.б.). 2. Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық орындық, қыруар ақша). 3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, - тар, -тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй + лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).


6-тапсырма. Мәтіннің бесінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Сала: сала + лар; басты сала + лар. Мысалы: Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты сала + лар + ы + ның бірі – алтын шығару болды.
7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
– XX ғасырда Қазақстан қандай облыстарға бөлінді?

– Қазақстанның Сырдария мен Жетісу облыстары – Түркістан генерал-

губернаторлығына (орталығы Ташкент қаласы), Ақмола, Семей, Орал,

Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына

кіргізіліп, ішкі Бөкет ордасының аумағы Астрахан губерниясына, ал

Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.

– Темір жолдардың салынуы қандай рөл атқарды?

– XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік

өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында,

темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды.


8-тапсырма. XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға қатысты берілген мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар. Көптік жалғауларының астын сызыңыздар.
Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, отаршылдық езгіге, ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына патшалық Ресейдегі 1905-1907 ж. өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. 1905 жылы 17 қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның бірталай қалаларында көптеген адам қатысқан жиылыстарға халықтың қалың тобының бой көтерулеріне ұласты.

Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі арта түсті. 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, Ресей конституциялық-демократиялық бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат – 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандық шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.


9-тапсырма. Сөйлемдерден жекеше формада тұрған сөздерді теріп жазып, олардан көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.


10-тапсырма. Көптік жалғаулары жалғанбай, көптік мағына беретін сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
«Су» сөзіне көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағына білдіреді.

Мысалы: Су – тірі организмдердің маңызды материалдық негізі. Каспий теңізі суының сапасына, тазалығына, экологиялық нормаларын сақтауға көңіл бөлініп отыруға тиіс. Су ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз тіршілік жоқ.
11-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестеріне көптік жалғауларын жалғап, көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.
Қиын-қыстау жыл , жергілікті жер, құрылыс жүргізіп, халық-ағарту бөлімі, мәдени-ағарту ұйым, үй, кітапхана, мектеп, жергілікті халық, зерттеуші, мәлімет келтіріп.
12-тапсырма. Дерек пен дәйектегі мәліметтерді мұқия оқып, есте сақтаңыздар.
Дерек пен дәйек. 1929 жылдан бастап 1953 жылға дейін Кеңес елінде 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Қазақстанда 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған. Қазақтардың 42 %-ы аштықтан қырылып, миллионнан астам адам ауып кеткен. Ал біздің елге 1 миллион 209 мың адам жер аударылған.

(Қазақ күнтізбесі, 2005)


13-тапсырма. Ұлы Отан соғысындағы деректермен танысып, біліп алыңыздар.
Қазақстан – Ұлы Отан соғысында
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан 1 миллион 200 мың адамды майданға аттандырады. 630 мың қазақстандық жауынгерлер майданнан оралған жоқ. Қазақстандық жауынгерлердің 449-ы Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның 111-і қазақ. Қазақстандық 81 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері. Оның 19-ы қазақ. Соғыста Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған жауынгерлер саны – 62. Төртеуі – қазақстандық. Олар – Талғат Бигелдинов, Иван Павлов, Леонид Беда, Сергей Луганский.
14-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар.
Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ, Біз көтердік оларды белгісіз деп, Барлығының бар аты, туған жылы, Белгілі ерлігімен болғаны үшін.

Олар сонау Олар қайтадан оралды жер-су іздеп,

Қырық бірінші жыл құрбандығы, Туған елдің қорғады ар-намысын. Олар сонау қырық бесінші жыл құрбандығы.

(Сырбай Мәуленов)



1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Етістіктің өткен, келер шақтары.

15-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ХХ ғасырдың ІІ

жартысындағы Қазақстанның тарихи жағдайынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлініп қарастырылады: бірінші кезеңі – 1950-1970ж.ж. «жылымық»; екінші кезеңі – 1971-1985ж.ж. «тоқырау»; үшінші кезеңі – 1985-1991ж.ж. «қайта құру» кезеңдері. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралды. Қазақстаннан Орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел қарқынмен дамыды. Қазақстан елдің металлургия флагманына айналды, қара және түсті металлургияның, химия өнеркәсібінің сыңаржақ бағытта болуы көптеген қайшылықтарға әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда әскери өнеркәсіп кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде Қазақстандағы ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. Сынақтардың нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Тың игеру жылдарында Қазақстанның Солтүстік облыстарында совхоз орталықтары салынды.

Қазақстанға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелінді. Осы жылдары жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны күрт төмендеді. Үш мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертілді. Жалпы елді-мекен аттарын қазақ қалай болса, солай қоя салмаған. Жерлердің аттары тарихи жағдайларға, ірі оқиғаларға, жер бедерлерінің орналасу ыңғайына, оның пейзаждық ерекшеліктеріне және т.б. сәйкес қойылып отырған. Ол атаулар санамызда бекіп, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетіп отырған.

Ал тың игеру жылдары қазақ халқының осындай салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Осы кезеңде тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Түрі ұлттық мәдениет – оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды.

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезеңде қудаланған ұлттық интеллигенция өкілдерін бағалауға жол ашылды. 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезовтар еліне оралды. 1956 жылы қазақтың үш арысы – Сәкен, Ілияс, Бейімбет ақталды. Тоталитарлық тәртіп қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасағанымен, оларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, М.Әуезовтің «Ақын аға», т.б. еңбектерін жариялауға тыйым салынды. Жалпы 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды.

Осы кезеңде жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлылығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Тың игеру мақсатымен жыртылған жерлер экологиялық апаттарға ұшырады. Жердің құнарлы бет қыртысы – шаң-тозаңға, ал жер эрозияға ұшырады.

Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Қазақстанда Орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар зиялылар мен жастар арасында наразылықтар туғызды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы – Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуезовтер бас болып, «Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту, себебі осы кезеңде ұлттық салт-санадан гөрі, кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып көбірек дәріптелді.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсті. Қоғамдағы қайшылықтар шиеленісе түсті. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, Горбачевтің социализмды «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.


Сөздік:

жылымық – оттепель тыңайтылған – удобренный

сыңаржақ – односторонний науқан – сезон

қоныс – поселение; стоянка рухани – духовный

ізеттілік – почтительность; вежливость

ерте көктемгі жылымық – ранняя весенняя оттепель

қасірет – горе; страдание; печаль; скорбь; беда; трагедия

тың – целина; целинный; бодрый; крепкий; свежий


16-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіндегі

етістіктерді бір бағанаға келер шақ формасына салып, екінші бағанаға өткен шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Қарастырылу: қарастырыл+ған ( бұрынғы өткен шақ ); Үш

кезеңге бөлініп қарастырыл+ған. Болу: бол+ды; ауыр бол+ды.


17-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі өткен, келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
18-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздер сөз тіркестерін бір-бірімен мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

  1. металлургия а) жерлерді игеру

  2. әскери ә) интеллигенция өкілдері

  3. радиоактивті б) шек қойылды

  4. тПрямая соединительная линия 424ың және тыңайған в) бағындырылды

  5. ұлттың г) қоры

  6. қазақ ғ) төмендеді

  7. ұлттық санаға д) өнеркәсіп

  8. тікелей Мәскеуге е) зиялылары

  9. қоғамдық тұтыну ж) газдар

  10. тұрмыс-жағдайы з) флагманы


19-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Етістіктің өткен шақ категориясының жұрнақтарын тауып, олардың астын сызып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы).

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және шәкіртақы төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмаслды. Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс-дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені, мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы және т.б. халықтың тұрмыс-жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Еңбек ақы төлем жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырлған жоқ. 80-жылдардың ортасында Республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.


Етістіктің өткен шақ категориясы

( Категория глагола прошедшего времени)
Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта болғандығын көрсететін етістіктің түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:

  1. Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).

  2. Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).

  3. Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).

Жедел өткен шақ: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз+ды+м (написал), айт+ты+м (сказал).

Бұрынғы өткен шақ: -қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: Мен бар+ған+мын, кел+ген+сіз; 2. бұрынғы (ежелгі) өткен шақ; -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады. Мысалы: мен бар+ып+пын, (сен) кел+іп+сің, (ол) оқы+п еді.

Ауыспалы өткен шақ: есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Қазір, бүгін, ертең, келесі күні үстеулері арқылы айтылса, онда етістік келер шақта болады. Мысалы: Мен бұрын хат жаз+атын+мын (өткен шақ). Ол қалаға ертең бар+атын еді (келер шақ).
20-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, етістіктің өткен шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тарихи жағдайлар, күрт төмендеу, қасірет, халықтың денсаулығы, химия өнеркәсібі, қазақтың арыстары, еңбектерін жариялау, тыйым салу, ұлт саясаты, бұрмалаушылық, ұлттық сана.


21-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1954 жылдан бастап Қазақстанда .....................................................................

Қазақ тіліндегі мектептер саны ........................................................................

Ол атаулар санамызда бекіп, ............................................................................

1956 жылы Қазақтың үш арысы ......................................................................

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ....................................................................

Алайда, бұл шаралардың ..................................................................................

80-жылдардың ортасында ................................................................................


22-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақтың (жедел, бұрынғы, ауыспалы) жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). 1970-80 жылдары Қазақстан ғылым саласында біраз табыстарға қол жеткіз... . Республика ҒА-ның бірсыпыра ғылыми-зерттеулерін дүние жүзі таны... . Осы жылдары «Қазақ ССР тарихы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақстанның металлогениясы», т.б. іргелі зерттеулер жарық көр... . Әл-Фарабидің, Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға бол... . Алайда, Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да бол... . Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып кел... . Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қойма... .

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет