Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет12/18
Дата08.06.2018
өлшемі1,42 Mb.
#41867
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Қидандар.Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын

мекендеген.

X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін ба-сып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Корші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді- 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соқ-қысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осы-дан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығы-мен батысқа қарай көшіп, олардың саяси ықпалы Жетісу жеріне, Сырдарияның оц жағалауына және басқа аймақта-рға тарады. Жергілікті жерлердегі түркі тайпалары кидан-дарды қарақытайлар деп атады.

1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағүн-ның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағүнды басып алып, Қарахандар әулетінің би-леушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемле-кетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесей-ден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлүқтарды бағынды-рып, Шығыс Түркістанды қосып алды. 1137 жылы кдрақы-тайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады.

Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжүк сүлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қала-сын басып алды. Осыдап кейін Елюй Дашы өзін ең жоға-рғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. Қай-тар жолда гурхан әскерлері Бүқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бүқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Қарахандар әулетін қарақытай-лар өз боданына (вассал) айналдырды. Осы үлан-байтақ өңірді мекендеген халықтар, соның ішінде түрік тайпала-ры мен үлыстары Қарақытай мемлекетінің қүрамына кірді. Қарақытайлар өзіне бағынған үлыстардың хандарын және аймақтардың билеушілерін өкімет басынан тайдырмады. Олар Қарақытай өкіметіне бодан ретінде бағынды да, өз биліктерін жергілікті жерлерде жалғастыра берді. Қарақы-тай өкіметі олардан тек алым-салық алуды ғана білді. Алым-салықтың екі түрі болды. Оның бірі - үй басынан алына-тын бір динар түтін салығы, екіншісі, егіншілер өнімінің оннан бірі көлемінде алынатын астық салығы еді.

Қарақытайлар Жетісу және Орта Азия жерлерін басып алған кезде, ондағы қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпады. Өйткені олар бүл жерлердегі қалалармен және егіншілік аймақтармен сауда жүргізуге мүдделі болды. Олар мүндағы өздеріне дейінгі саяси-билік қүрылымды және әр түрлі аймақтар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Қарақытайлардың әрбір қалада өз билеушісі отырды. Ол Қарақытай гурханына салықтан түскен ақшаны жеткізіп беріп тұрды. Хорезмде алымдар мен салық-тарды гурханның арнайы жіберген адамдары жинады. Ал басқа аймақтарда алым жинау және оны қарақытай-лардың астанасына жеткізу жергілікті феодалдарға міндеттелді.

Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен қатар басқарудың патриархаттық - феодалдық принцип-тері нығая түсті. Дегенмен мүнда жоғары билікті мүраға қалдыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болды. Мәселен, гур-хан өлген жағдайда оның мүрагері болып әйелдері тағай-ындалу орын алды. Мұның өзі жергілікті мүсылман халқы-ның түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды.

Қарақытай билеушілері өзі орналасқан қалаларда хан сарайларын, будда ғибадатханаларын салдырды. Оларды салуда Қытайда қалыптасқан қүрылыс үлгісі мен өнер өрнектері қолданылды. Қалаларда қол өнер мен сауда да-мыды. Көшпелі мал шаруашылығымен шүғылданған ай-мақтарда егіншілік етек алды. Қарақытай мемлекетінде түратын түркі халықтарының көпшілігі ислам дінін қабылдады, сонымен бірге онда буд-да дініне сенушілер де, несториан дінін үстанушыларда кездесті.

Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Табүян басқарды. Жеті жылдан соң Дашидың үлы Иле әкесінің та-ғына отырып, 1150-1164 жж. гурхан болды. Ол қайтыс бол-ған соң, қарындасы Бүсүған таққа отырып, 1164-1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Қарақы-тай ордасында саяси өзгерістер болып, Бүсүған өлтірілді. Оның орнына Иленің баласы Жилугу гурхан болды. Жилу-гу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.

Жилугу үстемдік еткен кезде кидан ақсүйектері алым-салықты көбейтіп, халықты аяусыз езіп қанады. Қарақы-тайлар өздерінің салық саясатын айтарлықтай өзгертіп, ашық тонауға көшті. Олар бейбіт қоныстарға шапқыншы-лық жасады, адамдарды өлтірді, түтқынға алды, тонады. Жаңадан жаулап алған аймақтарда Қарақытай әскерлері едәуір шоғырланды. Енді оларға жергілікті халықтың салым төлеу міндеттілігі күшейді. Бүдан басқа қарақытай шон-жарларының басқаруы халықты үлкен ауыртпалыққа үшы-ратты, олардың қысым жасауы, әсіресе салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары бүқараның наразылығын туғызды. Нәтижесінде Қарақытай мемлекеті әлсіреп, Орта Азияда басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан гурид билеушілері қара-қытайларға күйрете соққы берді. Көп кешікпей гурханның қол астынан қүтылуға тырысқан Хорезмде қарақытайларға қарсы шықты. Гуридтерге қарсы күресте Қарақытай мем-лекетін қолдаудан бас тартқан Хорезм-шахы Бүхараны қор-шап басып алды. 1205 жылы қарақытайлар Термезден кетті. Осыдан кейін олардың бодан-вассалдары - Самарқанд пен Бүхара билеушілері - гурханға қарсы күресте Хорезммен одақтасты. 1210 Хорезмшахы Мүхаммед Тараз қаласының жанында қарақытайларға күйрете соққы берді. Бүл жағ-дайды Жетісу жеріне көшіп келген наймандар пайдаланды. 1213 жылы қарақытайлардың Жетісудағы иеліктері най-мандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті. Сөйтіп, Қарақытай мемлекеті ыдырап тарады.

Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан - Найман, Керейт, Жалайыр ру-тайпалары. Найман тайпалар одағы/түрікше "сегіз тайпа одағы'7 VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғ-айдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Найманның батыстағы көршісі Ертіс өзені бойында тұрған қаңлылар, ал солтүстігінде - қырғыздар, шығы-сында - Тола алқабын, Орхонның орта ағысы және оң жақ бетін алып жатқан меркіттер мен керейттер, Оңтү-стігінде үйғырлар болды. Алайда, бүл қоныстар түрақ-ты болмады, өзара талас-тартыс, соғыс пен шапқыншы-лықтар барысында тайпалар бір жерге түрақтай алмай, жаңа жерлерге көшіп отырды. Өйткені наймандарда және олармен көрші керейттер де көшпелі мал шаруашылығы-мен айналысқан еді.

Х-ХІІ ғасырлардың басында наймандар Ляо империя-сына бодан болып, оның батыс аймағында, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде түрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті қүрылғаннан кейін наймандардың жері солардың иеліктерімен көрші болды. Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы үлыстардың қүрылуымен қатар жүрді. "Үлыс" деген сөз ол кезде "халық" деген үғымды білдірді, әрбір үлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі, хан басқарды. Хан ордасы үлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болып, әскері - ондық, жүздік, мыңдық, түмендерге бөлінді. Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде үйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен кажетті қүжаттарды куәлан-дырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті үлыс-тардың бірі болған. Шыңғысханның әкесі Ясукай батыр-дың түсында найман елін Иналых Білгі Бүқа хан билеген. "Иналых" - сенімді, "білгі" - білімді, кеменгер, "бүқа" -үлық, мықты деген сөз. Бүқа ханды тек ез үлысы емес, өзге үлыстар да қадыр түтып қүрметтеген. Білгі Бүқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбүқа) хан мен Бүйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман үлысын екіге бөлген. Бүл алауыздықты монғолдар пай-далануға тырысты. 1199 жылы Шыңғысхан керейлердің билеушісі Оң ханмен одақтасып, найман Бүйрық ханға шабуыл жасайды. Алтай аймағының Ұлыңгір көлінің маңындағы шайқаста Бүйрық хан жеңіліп, қырғыз еліне қашып кетеді.

1202 жылы Бүйрық хан меркіт, татар, қаташын үлыста-рымен бірігіп, үлкен әскер жинап, Шыңғысханға шабуыл жасайды. Бірақ оның шабуылы жеңіліспен аяқталып, езі қашып қүтылады. 1204 жылы Шыңғысхан керейлерді жау-лап алғаннан кейін, найман Таянхан мен меркіттердің би-леушісі Тоқтабектің біріккен әскерлеріне шабуыл жасап талқандайды. Таянхан қаза табады, ал оның баласы Күшлік хан майдан шебінен қүтылып шығып, әкесінің інісі Бүйрық ханға кетеді. 1206 жылы монғолдар Бүқтырма езенінің бой-ында Бүйрық бастаған наймандарды жеңіп, оның өзін елтіреді. Бүйрықты паналаған Күшлік хан мен меркіт би-леушісі Тоқтабек Ертіс бойына қашады.

1208 жылы Шыңғысхан Алтайдағы Күшлікхан бастаған наймандарға қатты соққы берді. Бүдан кейін наймандар-дың бір бөлігі Алтайдан Жетісу жеріне ойысты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып койды. Осы кезде Жетісу жерінде Қарақытайдың әскерлеріне Хорезм шахы Мүхаммед шабуыл жасап соққы берді, ал қалғандарын 1213 жылы Күшлікхан басқарған наймандар жаулап алды. Қарақытай әскерлері талқандалып жеңілген кез-де, олардан үйғырлар бөліиіп шықты. Осыдан кейін Қарақытай мемлекеті қүлады. Хорезмшах наймандардың шабуылынан қорқып, оларға Сырдария өзеніне дейінгі жерлерді - Сайрам, Ташкент және Ферғананың солтүстік бөлігін бөліп берді. 1218 жылы моңғолдар Жетісу жеріндегі наймандарды талқандап жецді. Қашып шыққан Күшлікті олар үстап алып Бадахшанда өлтірді. Бүкіл Шы-ғыс Түркістан мен Жетісу жерлері монғолдардың қол ас-тына кешті.Керейттер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер X ғасырдың бас кезіне жатады. Керейттер конфедерация-сының этникалық қүрамы бір текті болмаған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жүрттан күралады. Керейттердің баты-сында - наймандар, солтүстігінде - меркіттер, шығысын-Да - татарлар, оңтүстігінде - тацғүттар мекендеген. Ке-рейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы - Орхон өзені бойындағы Қатынба-лық қаласы.



Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу еңірін қүтты коныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Қүлан сияқты қалала-рында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері ме-кендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлүқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге қүл Қадырханның немересі. Сатүқ Тараз және Қашқар қала-ларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемле-кеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатүқ-тың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағүнды иеленді. Кейін бүл еңірді оның үлы Хасан Боғра-хан мүра етіп алды.

Мүса өлген соң, Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды. Сонымен катар ол Тараз бен Ба-ласағүнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан өмір сүрген алға-шқы ондаған жылдың озінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның үрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) үрпағы-ның ықпалы күштірек болса, ал кейін бүл ықпал Хасан (Хасанилерге) үрпақтарына көшті.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті Самани-лер мемлекеті феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бүхараны ба-сып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ой-сырата сокқы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ со-ғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Ба-ласағүнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуере-нахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп түрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Туған-ханды Қашғар-дан тықсырып шығарды.

1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар ша-буылына үшырады. Олармен шайқастан кейін көп үзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қаған-дығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.

1056 жылы Қадырханның үлы Иинал-тегін өкімет мүра-лығы жолындағы күресте інісі Сүйлеменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп үзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Қадыр-хан Жүсіптің баласы Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Ха-рун басқарады. Олардың түсында Ферғана Шығыс қағана-тқа күшпен қосылады, ал екі кағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай етеді. Тоғүрыл хан өлгеннен кейін оның орнына баласы мүрагер болып тағайындалады. Алайда екі ай өткеннен кейін Тоғүрыл тегінін немере ағасы Боғра хан Харун (1074-1102 жж.) билікті басып алып, Баласағү-нда, Қашғар мен Қотанда өз иелігін жүргізді. Тап осы кез-де Қарахан мемлекетіне саяси куаты әбден толысқан Салжүқ мемлекеті тарапынан қатты қауіп төнді. Сөйтіп, 1089 жылы Салжүқ сүлтаны Мәлік шах (1072-1092 жж.) көп әскерімен Батыс қағанаттың орталығы Самарқандты басып алды. Салжүқ әскері Узкентке жеткеннен кейін Боғ-ра хан өзін Мәлік шахтың боданымын деп мойындауға мәжбүр болды. Салжүқтар Қарахан мемлекетінің ішкі істе-ріне көп араласпай, онда өздеріне қолайлы хандарды та-ғайындаумен шектелді. Бүл кезде Шығыс түрік қағанаты-ның билеушісі Тоғүрыл Қашғарды басып алды.

1102 жылы Боғра-хан өлгеннен кейін Тараз бен Баласа-ғүнды билеуші Қадыр-хан Жабырайыл салжүқтардың Орта Азиядағы үстемдігіне қарсы шықты. Мәуеренахрды басып алған ол салжүқтардың жеріне беттеді, бірақ Термез түбінде жеңіліске үшырап түтқынға түсті. Осыдан кейін Салжүқ сүлтаны Санжар Ибрахим Тамғаш ханның шобересі Арсы-лан ханды (1102-1 ІЗОжж) Мәуеренахрдың билеушісі етіп тағайындады. Арсылан ханда салжүқтардан бөлек тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Оның бүл саясатын дін ба-сылары, ақсүйек-феодалдары, әскери басылары қолдама-ды. Оларға қарсы күресте Арсылан баласы Насырмен бірлесіп елді билемекші болды. Бүған дін басылары қарсы шығып, Насырды у беріп өлтірді. Арсылан комекке салжүқ билеушісі Санжар сүлтанды шакырды. Ол әскерімен келіп Самарқандты басып алды. 1130жылы Арсылан кайтыс болды. Осы оқиғалардан кейін, XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Қарахан мемле-кетінің ыдырап қүлауына шығыстан көшіп келген қидан тайпаларының да үлкен әсері тиді.


Бекіту сұрақтары

1.Түрік тайпалары жөнінде қандай тарихи деректер білесіз?

2.Түргеш,қарлұқ тайпаларының саяси тарихы.

3.Наймандар мен керейтер ұлысының этникалық тарихы.

4. Қарахан мемлекетінде жер иелену формалары.

Пайдаланған әдебиет

1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV ғасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). -А., Білім, 2005. 320 бет.

2. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.- 256 б. Тоқтабай А.У. Түркі халықтарының этнографиясы. А., 2002.

3. Қабышұлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007.

4. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

5. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.

6. М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.

7. Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. А., 1993.


2.ШЫҢҒЫС ХАН ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Дәрістің мақсаты. Қазақстанға жасалған маңғол – татар шапқыншылығы, «Отырар опаты»және Сырдария қалаларын алу, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси зардаптарын тарихи деректер негізінде көрсету.

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салу-шы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, Моңғол-дың бүкіл тайпаларын өзінің кол астына біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді жақтаушы-моңғол ақсүйектерінің қүрылтайы болып, онда ол салтанатты жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғол-дардың әміршісі болып жарияланды. Осыдан кейін Тему-чин өзін хан көтерген ақсүйектердің қүлкынын тойғызу мақ-сатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік жүргізді.

Шыңғысхан әскери-үйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат /барунғар/, сол қанат /жоңғар/ және орта-лық /гол/ атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте он мың адамнан түратын бірнеше түмгелер /түмен-дер/ болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "он-дықтан" күрылды.

Өте қатал тәртібі, мүқият қүрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері-ной-ондар, багадурлар, мергендер, сечендер түрды. Шыңғысха-нға бүлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың таңдаулы жауынгерлерден түратын кешігі /үланы/ қызмет етті. Онын көмегімен Шыңғысхан нойондар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп үстады.

1207-1208 жылдардың қысында Шынғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдін оңтүстігіндегі басқа да "орман халықтарын" бағындырды. 1208-1209 жылдары Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан ша-буыл жасап, таңғұттық Си Ся мемлекетін күйретті. Шыңғ-ыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аЙ-мағындағы ұйғырлар моңғолдарға ез еркімен бағынды. Олардың ел басшысы Баршық өзін Шыңғысханның бода-нымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды /Пекинді/

бағындырды.

Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоға-рғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жа-рақ, қамал бұзатьш машиналарын және оны қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз әскерінің санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бүл үшін ол мүсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәлі-меттер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хо-резм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.

Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы най-манның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға қарсы түруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мүсылмандарды қудалауы, қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған жергілікті халық Шыңғысханға мойынүсынатынын білдірді. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырғ-ан Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп кешікпей оған сылтауда табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйе-; ден түратын керуенінде монғол жансыздарын қосып есеп-тегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жа-сады деп күдіктеніп, оларды олтіруге бүйырды. Шыңғыс-хан Хорезм шахынан Қайырханды үстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бүл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді олтіруге әмір берді. "Отырар апаты" деп аталатын бүл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.

Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастағаи бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғы-рын Сыр бойымен төмен бағыттады. Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетіп жүктеді. Шың-ғысхан кіші үлы Төлеймен - екеуі әскердің негізгі күштерімен Бүхараға беттеді.

Хорезмнің шахы Мүхаммед моңғолдарға карсы түруға дайын емес еді. Өзін онша жақсы көрмейтін жергілікті фе-одалдардың күш біріктіріп езіне қарсы шығуынан корық-қан ол оскери күштерді әр қалаға бөліп үстап отырған. Мүныц өзі Шыңғысханға қалаларда түрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз қүртып жіберуге мүмкіндік жасады.

1219 жылдың күзінде Шыцғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мүнда Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан ба-сқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғаны-сы Қазақстан мен Орта Азияның халык бүқарасының моң-ғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқ-ын көрінісі болды. Қарамағында қамал бүзатын техника-сы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер, ататын ма-шиналары болса да, моңғолдар бүл қаланы алты ай бойы ала алмады.Қаланың қүлауына опасыздық себеп болған еді.

Бекіту сұрақтар

1.Маңғол мемлекетінің құрылуы.

2.Харезм мемлекетіне қарсы жорықтар

3. «Отырар опатын» қалай түсінесіз?

4.Маңғол-татар шапқыншылығының зарадаптары

Әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы., + 1994.

2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. А., 1996.

3. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.

4. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы.

5. Қ. Салғарин. Қазақтың қилы тарихы. А., 1982.



3. ҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Дәрістің мақсаты Маңғол-татар шапқыншылығынан кейінгі кезеңдегі Қазақстан жерінің ұлыстарға бөлінуі.

1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрыл-тай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шьщғысханның мүрагер немересі, Жошының ұлы Батый /Бату/ басқаратын

олды.

Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары тұрды.



Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Қамадағы Булға-рияны, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен үрыстар жүрді. Орыстың шағын қаласы Козельск түрғындары жеті апта бойы моңғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті. Осы үры-старда мыңдаған моңғолдар қырылды. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп моңғолдар қаланы басып алып, оны жер-

мен-жексен етті.1239 жылдың басында моңғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу үрыстар жүргізе отырып, моңғолдар Переяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы үзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті, моңғолдар қала ішіне басып кіргеннен кейін де, қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға

үшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.Орыс халқыньщ моңғолдардың күшін әлсіреткен, ола-рға қарсы жүргізген ерлік күрестің нәтижесінде ғана Ба-тыс Еуропа моңғол шапқыншылығынан аман қалды. Бірақ, соның өзінде моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап қүлазытты.

Батыйдың тау суындай екпінді жорығы барысында монғолдар кең байтақ жерге ие болды. Оның шегі баты-ста - Днестрге, шығыста - Ертіске, оңтүстікте - Солтүстік Кавказға, Солтүстікте Батыс Сібір ойпатына дейін жетті. Батый иеліктерінің қүрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы жерлер енді. Орыс княздіктері де Батыйға тәуелді бодан болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректеме-лерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір үлысы ретінде енген еді, ал XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін ол дербес ел болып

бөлінді.

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қып-шақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан үрпақтары, хорезмдіктер түрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орта-лық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы немесе Сарай әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Ал-тын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Бер-ке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 ж., Төле-Бүқа 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1342-1357 ж. түсын-да қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы үлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытай-мен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналы-сып, қолөнерді дамытты.



Берке хан түсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан түсында үстем дінге айналды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет