Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі38,89 Kb.
#195825
  1   2   3
Байланысты:
МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1
ҚМЖ №6, Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ МОДЕЛДЕУ» КАФЕДРАСЫ
МӨЖ


Тақырыбы: ЭАЖ кластары. АЖ жобасының түсінігі мен құрылымы
Орындаған: Сарсембек Қ.Қ.
Группа: МИТ-23-3нк
Тексерген: Утебаев Қ.А.
ШЫМКЕНТ 2023
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әдетте әзірлеу процесінде өзгертілетін, іріктеуі болжалды пайдаланушылар тарапынан қойылатын талаптардың негізінде іске асырылатын ЭАЖ-ды жүзеге асыру әдістерінің ауқымды жиынтығын білдіреді. Шешімдерді қабылдау теориясы тұрғысынан қарағанда ЭАЖ жобалау процесі – бұл тапсырыс берушінің талабын қанағаттандыратын жүйенің (ЭАЖ жобасының) сипатын алуға бағытталған жобалау-конструкциялық шешімдерді қабылдау процесі.
ЭАЖ жобасын нақты бағдарламалық-техникалық ортада ЭАЖ-ды құру мен пайдалану жөнінде жобалау шешімдерінің сипаттамасы берілген жобалық-конструкциялық және технологиялық құжаттама деп түсінеміз.
ЭАЖ-ды жобалау – ЭАЖ мемлекеттік стандартпен қарастырылған жобасы, құжаттаманы сипаттау мен жинақтау ережесінің белгілері аясындағы құру процесі түсінігінде, яғни архитектураның, құрылатын жүйенің функционалдық құрылымы мен алгоритмінің бір мағыналық түсінігінің сипаттамасы. Осы тұрғыдан бастап жобалау ЭАЖ тіршілік циклдің түрлі кезеңдерінде жобалық шешімдерінің дәйекті нысандалуына алып келеді: техникалық және жұмыстық жобалауының талаптарын жоспарлау мен талдау; ЭАЖ енгізу және пайдалану.
ЭАЖ-ды жобалау объектілері жеке элементтер немесе олардың функционалдық және қамтамасыз ететін бөліктерінің кешені болып табылады. Сонымен, дәстүрлі декомпозицияға сәйкес міндеттер, міндеттердің кешені мен басқару функциясы функционалдық элементтер болады. ЭАЖ қамтамасыз ету бөлігінің элементтер мен олардың ақпараттық, бағдарламалық және жүйені техникалық қамтамасыз ету кешендері жобалау объектілері болады.
ЭАЖ жобалау субъектілері ретінде мамандандырылған (жобалық) ұйымдардың құрамында, әдетте, жобалық қызметті іске асыратын мамандардың ұжымы және ЭАЖ әзірлеу қажеттілігі үшін тапсырыс беруші – ұйым болады. Әзірленетін жүйенің масштабы жобалау процесіне қатысушылардың құрамы мен санын анықтайды. Кең көлемді және жобалық жұмыстарды қатал мерзімде орындау кезінде жүйені әзірлеуге бірнеше жобалау ұжымдарының (әзірлеушілер-ұйымдарының) қатысуы мүмкін. Бұл жағдайда барлық орындасушы-ұйымдардың қызметін үйлестіретін басты мекеме айқындалады.
Бірге орындаушылардың жүйе жобасын әзірлеуге қатысу нысаны әр түрлі болуы мүмкін. Нысанның ең көп таралған түрі әр орындаушы дайындаланатын жүйенің қандай да бір бөлігін басынан соңына дейін орындайды. Әдетте, бұл функционалдық бағыныңқы жүйе немесе басқару міндетінің өзара байланыс кешені болады. Жобалау процесінің жекеленген кезеңдерінде жұмыстарды орындайтын жеке орындасушылардың қатысу нысаны сирек кездеседі. Тапсырыс беруші мен әзірлеушінің функциялары қиюласып жататын нұсќа да бар, яғни ЭАЖ өз күштерімен жобалауы мүмкін.
ЭАЖ-ды жобалауды іске асыру масштабқа және әзірленетін жобаның ерекшеліктеріне сәйкес жобалаудың анықталған технологиясын әзірлеушілердің пайдалануын жорамалдайды.
Жобалау технологиясы – ЭАЖ жобалау және ұйымдастыру әдістері мен құрылымдарының жиынтығы (ЭАЖ жобасын құру және жаңарту процесін басқару).
Жобалау технологиясы негізінде технологиялық процесс жатады, ол әрекеттерді, олардың дәйектілігін, атқарушылардың құрамын, осы әрекеттерді орындауға талап етілетін ќұралдар мен ресурстарды аныќтайды.
Сонымен, ЭАЖ жобалаудың технологиялық процесі толығымен іс-әрекеттердің байланысқан және бағынатын, тізбекті-параллельдік жиынтыќќа бөлінеді. Олардың әрбіреулерінің өз тұрғысы болады. ЭАЖ жобалау кезінде анықталған құралдарын пайдалану тән. Сондықтан, әдете, ЭАЖ әзірлеушілерінің алдында өз сипаттамасы бойынша ең үлкен дәрежеде нақты кәсіпорынның талаптарына сәйкес келетін жобалау құралдарын таңдау міндеттері тұрады.


Жобалау құралдары:



  • өз класында жобалау объектісіне өзге нұсќалыќ болуы тиіс;

  • ЭАЖ тіршілік циклінің барлық кезеңдерін жиынтығымен қамтуы тиіс;

  • техникалық, бағдарламалық және ақпараттық үйлесімді болуы тиіс;

  • игеру мен пайдалануда қарапайым болуы тиіс;

  • экономикалық жағынан мақсатқа лайықты болуы тиіс.

ЭАЖ жобалау құрылымын екі класқа бөлуге болады: компьютерді пайдалану арқылы және пайдаланусыз.

Компьютерді пайдаланусыз жобалау құралы ЭАЖ-дың барлық сатыларында және кезеңдерінде қолданылады. Бұл жобалау операциясының ұйымдастырушы-әдістемелік қамтамасыз ету құралдары және ең алдымен жүйелерді жобалау процесін реттейтін түрлі стандарттар. Ақпараттарды жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттаманың бір ізге келтірілген жүйесі, ақпараттар ағымының сипаттау мен талдау модельдері және т.б. да осы стандартқа жатады.


Компьютерді пайдалану арқылы жобалау құрылымы ЭАЖ жобалау процесінің жекеленген сияқты, барлық деңгейлері мен кезеңдерінде де қолданыла береді, осыған сәйкес жүйе жобасының элементтерін, тарауларын, жүйелердің жобасын толығымен дайындауды қолдайды. Компьютерлерді қолдану арқылы жобалау құралдарының барлыќ көптүрлілігін төрт бағыныңқы кластарға бөледі.
Бірінші бағыныңқы кластарға ақпаратты өңдеу операцияларын жобалауды қолдайтын операциялық құрылымдар жатады. Осы құралдардың бағыныңқы класына алгоритмдік тілдер, стандартты бағыныңқы бағдарламалардың және объекті кластарының кітапханалары, макрогенераторлар, деректерді өңдеудің типтік операциялары, бағдарламаларының генераторлары және т.б.; сонымен қатар операциялық жүйелердің функцияларын ұлғайту құралдары (утилиттер) жатады. Осы класқа сондай-ақ жобалаудың қарапайым аспаптық құралдары қосылады: бағдарламаларды тестілеу және жөндеу үшін; жобаны құжаттандыру процесін қолдау және т.б. Соңғы бағдарламаның ерекшелігі мынада, оның көмегімен жобалаушылардың еңбек өнімділігі артады, бірақ аяқталған жобалық шешімдер әзірленбейді.
Сонымен, осы бағыныңқы кластың құралдары ЭАЖ жобалаудың жекеленген операцияларын қолдайды және бір- біріне тәуелсіз қолданыла береді.
Екінші бағыныңқы класќа ЭАЖ жобасының жекеленген компоненттерін жобалауды қолдайтын құралдар жатады. Осы бағыныңқы класқа жалпы жүйелік белгілеу құралдары жатады:

  • деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);

  • қолданбалы бағдарламалардың әдістік бағдарланған пакеттері (дискретті бағдарламалау, математикалық статистика есептерін шешу және т.б.);

  • кестелік процессорлар;

  • статистикалық ЌБП;

  • сараптық жүйелердің қабықтары;

  • графикалық редакторлар;

  • мәтіндік редакторлар;

  • топтастырылған ЌБП (жоғарыда аталған бағдарламалық құралдарды топтастыруға мүмкіндік беретін орнатылған сұхбаттық мүмкіншіліктері бар интерактивті орта).

Жоғарыда аталған жобалау құралдары үшін оларды ЭАЖ технологиялық бағыныңқы жүйелерін әзірлеуге пайдалану тән: деректерге ақпараттарды енгізу, сақтау мен енгізуді ұйымдастыру, деректерді есептеу, талдау және көрсету, шешімдерді қабылдау.
Үшінші бағыныңќы класқа ЭАЖ жобасының тарауларын жобалауды қолдайтын құралдар жатады. Осы бағыныңқы класта жобалаудың функционалдық құралдарын бөліп шығарады.
Функционалдық құралдар фукцияларды, міндеттер кешенін және басқару міндеттерін іске асыратын автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге бағытталған. Сала тұрғысындағы әр алуандылыќ ұйымдастырушылық жүйелердің типіне (өнеркәсіптік, өнеркәсіптік емес салалар), басқару деңгейіне (мысалы, кәсіпорын, цех, бөлім, учаске, жұмыс орны), басқару функциясына (жоспарлау, есептеу және т.б.) бағдарланған осы бағыныңқы класс құралдарының әртүрлілігін тудырады.
Ақпаратты өңдеу жүйелерін жобалаудың функционалдық құралдарына типтік жобалық шешімдер, қолданбалы бағдарламаның функционалдық пакеттері, типтік жобалар жатады.
ЭАЖ жобалау құралдарының төртінші бағыныңқы класына жобалау процесінің стадиялары мен кезеңдерінде жобаны әзірлеуді қолдайтын құралдар жатады. Осы класќа ЭАЖ жобалауды автоматтандыру құралдарының бағыныңқы класы жатады (CASE-құралдары).
Қазіргі заманғы CASE-құралдары өз кезегінде негізінде екі белгі бойынша жіктеледі:

  • ЭАЖ-ды әзірлеу процесінің қамтылатын кезеңдері;

  • топтастыру дәрежесі: жекеленген жергілікті құралдары (tools), ЭАЖ әзірлеудің көптеген кезеңдерін қамтитын топтастырылмаған құралдар (toolkit) жиынтығы және жобалыќ деректердің жалпы базасымен – репозиториймен (workbench) байланысқан толық топтастырылған құралдар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет