Кіріспе Шымкент



бет1/6
Дата28.11.2023
өлшемі81 Kb.
#193778
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Менің кіші Отанымның тарихы. Шымкент Бөпіштай балсезім соңғысы
ҚМЖ №6, киши отан жоспар, Шымкент киши отан, «Динамика негіздері» 1 тапсырма, МИТ-23-3нк Сарсембек Қуаныш МӨЖ1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1, 12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

Мен Шымкен қаласы № 26 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Бөпіштай Балсезім Шымырбекқызы.
«Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша қорғайтын тақырыбым

«Шымкент – көне қала»


1. Түйенің қасында айтылады кіріспе

Шымкент — Қазақстандағы Республикалық маңызы бар қала], 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.
Қалада 1 210 700 адам тұрады (1 қыркүйек 2023ж). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында, қаланың қазіргі аумағы 117 мың га. Әр гектарында өткен күннің белгісі бар Шымкент тарихының тамыры терең. Сонымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады және де Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды.



2. Ашық аспан музейінде айтылады.
Құрылу тарихы Қала атауы туралы


Біз қазір Шымкент қаласының тарихының тереңде екенін дәлелдеген «Шым қала» тарихи – мәдени кешеніне келіп отырмыз. «Шымкент ескі қалашығы» – жергілікті маңызы бар, тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны.

2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты.

Көне Шымкент қалашығының көлемі 4,5 га. Қазіргі мегаполистің оңтүстік бөлігінде қаланың жалпы деңгейінен биік орналасқан көне қаланың пайда болуымен дамуын зерттеу үшін, мұнда үздіксіз археологиялық қазба жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сондай зерттеулердің бірі 2003-2004 жылдары әкімшіліктің қолдауымен, 2004-2008 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Байтанаев сол зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «История Шымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жазып шығарды. Ол басқарған экспедиция 2003-2004 жылдардағы қазба нәтижесінде қаланың 2200 жылдық тарихы бар екендігін дәлелдеген. 2200 жылдық тарихы 2019 жылдың 12-27 қараша айында ЮНЕСКО көлемінде мойындалып, 2020 жылы өтетін Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кіруі мегаполис үшін өте маңызды оқиға болды. 2003-2004 жылы зерттелген екінші қазбаның тереңдігі 12 метрден асып, нәтижесінде б.д.д І ғасырдан бастап кейінгі ортағасырға дейін жататын материалдар табылды. Бұл табылған керамикалық материалдар Шымкент қалашығының даму кезеңін айқындап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет