«Қазақстан тарихы» кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша 2014–2015 оқу жылының І семестріне есеп беруі



Дата17.06.2018
өлшемі123 Kb.
#42594
«Қазақстан тарихы» кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша 2014–2015 оқу жылының І семестріне

ЕСЕП БЕРУІ
Бүгінгі таңда жоғары сапалы білім – табысты, анық болашақ кепіл екендігі жақсы белгілі. Жастардың жоғары оқу орнында білім алуы тек олар таңдаған мамандықты игерумен шектелмейді. Бұл –өзінің құрдастарымен тығыз қарым – қатынас, өз қабілеттерін көбірек көрсету мен айқындауға ұмтылу, дүниеге көзқарас пен тәртіп үлгісін қалыптастыру уақыты, яғни жоо – да студенттер оқу үрдісіне ғана емес, тәрбие үрдісіне де қосылған. Қазіргі уақытта барлық дерлік жоғары оқу орындарында тәрбие жұмыстарының бөлімдері қызмет атқарады. Олардың қызмет аясында студқалашықтар, спортклубтар, студенттік жастар ұйымы және т.б. болады. Тәрбие жұмыстарының базасында студенттік жастар мәселесін кәсіби зерттеп, олардың шешілуіне бірге әрекет жасайтын әлеуметтік және әлеуметтік – психологиялық қызметтер құру приниципті жаңа бағыт болып табылады.

Маман тұлғасының қалыптасуындағы тәрбиелік аспектілер - кафедралар және жоо жетекшілігінің профессорлық – педагогикалық құрамының педагогикалық қызметіндегі кілттік функция қатарына жатады. Университет ұжымы оқу және тәрбие жұмыстарын жастардың шығармашылық жұмыстар мен ашық әсерлерге бай өмір сүріп, дұрыс мінез - құлық таңдап, біздің мәдениет пен халықтың рухани мәнін құрайтын құндылықтарға бағдарланып ұйымдастыруға ұмтылады.

Университет пен кафедра дәстүрін сақтайтын және дамытатын ішкі оқу қызмет түрінің жаңа, интегративті сипатқа ие болатын мысалдарының бірі - «Н.Ә. Назарбаев –тұлға, саясаткер және көшбасшы» ЭССЕ байқауын, «Біз – Қазақстандықтар» компьютерлік графика байқауын, «Қазақстан Республикасының Конституциясы–мемлекеттің негізгі заңы» дөңгелек үстелін , ҚарМТУ бірінші курс студенттерінің арасында Қазақстан тарихы бойынша олимпиада өткізу, «Жаңа Қазақстанның қалыптасуы бойынша ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыр шешуші шешімдер» ІІ Аймақтық ғылыми – практикалық конференция ұйымдастыруға қатысу және өткізу, ҚарМТУ студенттерінің арасында «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің тарихы» тақырыбында бейне байқау өткізу, «Менің Отаным – Қазақстан» жыл сайын университеттік студенттік ғылыми – практикалық конференциясын өткізуді атауға болады. Берілген формалардың құндылығы - өзін өзі тәрбиелеу үрдісіне студенттердің көптеген санын тартуға, оларды жыл бойы жүйелік дайындыққа, дамытуға, ең алдымен, іс – шараларға қатысу үшін қажетті әлеуметтік елеулі және кәсіби маңызды сапаларды дамытуға бағыттайды.

2014-2015 оқу жылының тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан тарихы» кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты Нурлигенова З.Н жетекшілігімен 2014 жылы 30 қыркүйекте «Н.Ә. Назарбаев –тұлға, саясаткер және көшбасшы» тақырыбында ЭССЕ байқауы өтті. ЭССЕ қатысушылары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің І курстары болды.

XIV–XV ғасырларда қалыптасқан қазақ халқы жеке мемлекет құруға көшті. М. Хайдар-Дулати: «Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары өзара дауласып, көптеген келіспеушіліктер пайда болды. Олардың кейбіреулері өз мүддесі мен қауіпсіздігі үшін Керей мен Жәнібек хандардың жанына жиналды. Алдымен барлығынан бөлініп, қашуға тура келді, таршылық көріп, абайлап өмір сүрді, бұл үшін оларды „ћазаћ“ деп атап кетті. Бұл тұрақты атауға айналды».

 XIX ғасырдың көрнекті ресейлік ғалым шығыстанушы В. В. Вельяминов-Зернов Қасым ханмен байланысты, өзінің ірі зерттеуінде екі ірі қайраткер – Керей мне Жәнібек хандардың – «Тарихи Рашиди кітабына сүйеніп, оның растығына күмән келтірмей, қазақ халқының бірігуіндегі жетекші рөлі туралы айтады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Б. Ахметов, К. А. Пишулин, Т. И. Сұлтанов секілді белгілі тарихшылар еңбегінде Қазақ хандығы 1455–1465 жылдарда құрылды деп айтылған. А З. Қинаятұлы өзінің «Қазақ мемлекеті және Жошы ханды тарихи зерттеу» кітабын қорытындылай келе: «Керей мен Жәнібектің бұл қадамы 870 хижра жылы (1465–1466) қазақтардың өз қолына саяси билік алып, Ақ Орда туын көтерумен аяқталды». Осылайша, Қазақ хандығы толығымен 1455–1471 жылдарда қалыптасты.

Кеңес мерзімінде Қазақстанда мемлекеттік атрибуттар болды, бірақ мемлекет мәртебесі болған жоқ. Керей мен Жәнібек хандар жеке, егеменді мемлекет құру арманына жеткен жоқ. Жоңғар –қалмақ шапқыншылығы қазақтарды бөлшектеп, оларды біріктіруге мүмкіндік бермеді және бұл оқиға Ресей көмегіне жүгінуге, соңында қол астына өтуге әкелді. Дегенмен, халық өз ұлтын сақтау мүмкіндігін алды.

Кеңестік билік кезінде Қазақстан мемлекетін құру бойынша алғашқы қадамдар қабылданды. Халық қиындықтардан өтіп, басқаша айтқанда, «мың өліп, мың тірілді» және Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «қазақтардың барлық тарихы бірігу тарихы болды. Грекияның бұрынғы премьер министрі, генерал Иоаннис Метаксас былай деді: «Ататүрік идеялары бейбітшілік күндері оның ақылы мен зияткерлігін дәлелдейді». Бүгінде ірі әлемдік саясаткерлер Назарбаевқа жоғары баға беріп, Ататүрікпен қатар қояды. Шынымен де, қандай да бір 20 жыл ішінде –тарих үшін бір сәт– Н.Ә.Назарбаев ірі экономикалық және саяси реформалар өткізді, Абылай армандарын өмірге келтірді. Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шекараны делемитациялау және демаркациялау жүргізілді, осы мемлекеттердің парламенттерімен ратификацияланып, заңмен бекітілді. Әлем картасында алғаш рет «Қазақстан Республикасы» мемлекеті пайда болды. Өз тағдырын өз елінде, Конституциясымен, әнұранымен, елтаңбасымен және туымен шешетін қазақ халқы Н.Ә. Назарбаев басқаратын мерзімде шалқып өркендеді.

АҚШ бұрынғы Президенті Джордж Буш, ТМД жетекшілерінің арасында Нұрсұлтан Назарбаев атын ерекше атап, былай деді: «Ол болашақты болжай алады». Әлемдік держава көшбасшысы, жас мемлекет жетекшісінің биік рухы мен саясаткер данышпандығын көрмесе, осылай айтпас еді. Ұлыбританияның бұрынғы премьер - министрі, темір ханым Маргарет Тэтчер Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі заманғы бес аса көрнекті саясаткерлердің бірі деп: «Назарбаев – шекке кірмейтін тұлға» деп атап өтті. Бұл Назарбаев тұлғасы мен оның Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы тарихи үлесін тану болып табылады.

Ағылшын жазушысы, публицист, саяси биогорафиялар шебері өзінің Н.Ә. Назарбаевқа және оның биографиясын жазуға қызығушылығының мәнін түсіндіре отырып: «Оның өмірі … халық тағдырымен тығыз қиылысады … өз мойнына дәуір жүгін алған саяси қайраткер, батыр қайраткер ретінде қызығушылық тудырады» деді.

Назарбаевтың әлемдік ауқымда тұлға болғандығын келесі мысал растайды. Бірнеше жыл бұрын Түркияның ірі саясаткерлерінің бірі Намык Кемел Зейбек: «Қазақстан алғаш рет тәуелсіздік алғанда, Түркия Қазақстан үшін мысал болады деп ойладық. Міне, 17 жыл өткеннен кейін, мойындауымыз керек, Қазақстан Түркия үшін мысал бола білді» деді. Осы сөздер әлемнің геосаяси картасында Қазақстан орнын атап өтпей ме? Саяси зерттеулердің Исламабад институты сарапшысы Мухаммед Мунир «Пәкістан Обсервер» - де жазды: «Алғыр көшбасшыларға өз мемлекетінің тағдырын өзгерте бірген тұлғалар жатады.   «Таймс» жарияланған газетінде ғасырдың ең ықпалды адамдар тізімінде АҚШ президенті Рузвельт болды. Оның сөздері: «Мен өз халқымды бір үйдің адамдары деп қабылдаймын және олардың әрқайсысының бақыты бір – бірімен байланысты екендігін білу мені өте қуантады». Н. Назарбаевты Рузвельтпен бірқатарға қоя отырып, саясаткерлер Назарбаевтың ұлттық бірлікке жету жолындағы өткізетін жұмысын Рузвельт арманының іске асуына теңестіруі кездейсоқ емес. Н.Ә.Назарбаев бүгінгі таңда шағын БҰҰ деп аталатын Қазақстан халқы Ассамблеясының негізін қалады. Егер Қазақстанда өмір сүріп жатқан жүзден аса ұлттар мен ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениеті дамып, өз театрлары болса, бұл ұлтаралық келісім белгісі емес пе? Н.Ә.Назарбаев халық үшін өмірлік маңызды мәселелерге қатысты батыл бастамалар ұсынады. Бұл алғыр саясаткердің халық пен қоғам бірлігінің концепциясы қалыптастқандығын растайды.

Осыған байланысты ҚарМТУ «Қазақстан тарихы» кафедрасында «Н.Ә. Назарбаев –тұлға, саясаткер және көшбасшы» тақырыбында жыл сайынғы ЭССЕ байқауы жүргізілді. Байқауға 27 жұмыс ұсынылды. Байқау комиссиясының құрамындағы т.ғ.к., профессор С.Д. Шаймуханова, аға оқытушы Н.З. Ошанова, оқытушы З.Н. Нурлигенова, келесі жүлделік орындарды бөлді:

I орын – Ахмадеев Вениамин ФИТ–14–2 тобының студенті

II орын – Жигайлова Надежда ФЭМ–14–2 тобының студенті

III орын – Золотова Светлана ПСК–14–2 тобының студенті.

2014 ж. 5 қазанда «Қазақстан тарихы» кафедрасында «Біз– Қазақстандықтар» компьютерлік графика байқауы өтті. Берілген шара ұйымдастырушылары т.ғ.к., профессор С.Д. Шаймуханова, т.ғ.к., доцент М.Ж. Сулейменова.

Жиналған І курс студенттерінің алдында Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Шаймуханова С.Д. және Сулейменова М.Ж. «Біз –Қазақстандықтар» деп аталатын берілген байқау маңыздылығын атап кіріспе сөз сөйледі. Қатысушылардың назары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұлыжол –болашаққа жол» жаңа Жолдауына, бүгінгі таңда 130 астам ұлт пен ұлт өкілдері тұратындығы және олардың бір – біріне сенімі атып, толерантты болу керектігі атап өтілді. Президент атап өткендей, ұлт аралық келесім – бұл Қазақстан болашағының кілті, біз өз бірлігімізді сақтауымыз керек.

Кейін елбасы 2015 жылы Қазақстан Ата заң қабылдауының 20-жылдығын және Қазақстан халық Ассамблеясы құрылуын салтанатты атап өтетіндігіне тоқталды. Осы мерзімдерді атай отырып, қазақстандықтарды рухани тұрғыда одан да мықты, тату, толерантты ету маңызды.

Қазақстандықтардың тарихы ортақ, мұңға, алғыс естеліктерге бетттері толы. Мұнда Наурыз, Рождество және Хануку мейрамдарын бірге аталып өтеді, ең маңыздысы - бұл мемлекет байлығы – оның халықтар бірлігін сақтау және нығайту.

Қазіргі заманда көп ұлтты Қазақстанның осы барлық елеулі мезеттерін студенттер «Біз –Қазақстандықтар» деп аталатын өздерінің слайдарында көрсетті.

Байқауға 22 жұмыс ұсынылды. Байқау нәтижелері бойынша қорытынды жасалып, мазмұнды рәсімдеу мен мәтінге назар аударылды. Осыған байланысты, орындар келесідей бөлінді:

I орын – Айтамбаев Нурлан БЖД-14-с тобының студенті

II орын– Шомытова Диана МВ-14-1 тобының студенті

III орын – Казденов Алишер ГИК-14-1 тобының студенті.

2014-2015 оқу жылына Қазақстан тарихы кафедрасының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес УиА-14-2, Э-14-2, МВ-14-2, МВ-14-3 (23 студент) тобының студенттері кафедраның тәрбие жұмысына жауапты Нурлигенова З.Н. жетекшелігімен 2014 жылдың 16-17 қазанында Қарағанды облыстық тарихи - өлкетану мұражайында болды.

Бүгінгі таңда мұражайда ғылыми – зерттеу бөлімдері бар: жалпы тарих, археология және этнография, қазіргі заманғы тарих және экскурсиялы – жаппай жұмыс.

Кіріспе зал экспозициясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен егемендік, тәуелсіздік жылдары қабылданған үкіметтік құжаттар ұсынылған. «Жердегі өмірдің пайда болуы» залының экспозициясында – Орталық Қазақстан аймағында тіршілік етіп, жойылып кеткен ежелгі қазба жануарларының экспонаттары көрсетілген заманауи жануарлар әлемі Орталық Қазақстан тіршілік еткен әр түрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар ұсынылған. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген аймақтың сирек, жойылып бара жатқан флора және фауна түрлері көрсетілген. Қазақ халқының дәстүрі – алғыр құстарды үйрету өнерін жандандыратын, «Құсбегі» Қазақстанның Халықаралық мектебі үлкен қызығушылық тудырады. «Археология» залының экспозициясында дәуіп адамдарының өмір сүру заттары орналасқан: палеолит, неолит, қола және Орталық Қазақстан ерте темір дәуірі.

«Бабалар келбеті» залында профессор М.М. Герасимов әдістемесі бойынша, экспозициядағы әр адам бас сүйегі бойынша оның бұрынғы беті қалпына келген. Компьютерлік анимация арқасында, экраннан «тірілген» адамдар елеулі оқиғалар, діни ұғымдар мен өз тайпасының сипатты белгілері, мәдениеті мен әлеуметтік қатары туралы айтады. Витриналарда Қазақстанның ежелгі халқының материалдың мәдениет заттары ұсынылған – қарулар, әшекей бұйымдар, керамикалық ыдыстар.

Қарағанды облысындағы облыстық тарихи – өлкетану мұражайында келесі жинақтар мен экспонаттар ерекше болып табылады:



  • Нумизматичкалық жиынтық

  • XIX–XX ғғ. сәндік қолданбалы өнер жиынтығы

  • Діни мәндегі атрибуттар жиынтығы

  • XVIII–XX ғғ. қару – жарақ жиынтығы

  • Энтомологиялық жиынтық–шамамен 300 түрі

  • Зоологиялық жиынтық

  • Палеонтологиялық жиынтық– Орталық Қазақстанға тән жануарлар қалдықтары

  • XIX–XX ғасырлардағы киімдер жиынтығы

  •  Археологиялық жиынтық.

Мұражай материалдары біздің өлке тарихын ежелгі уақыттан бүгінгі таңға дейін қызық, танымды айтады.

2014 жылы 17 қарашада «Қазақстан тарихы» кафедрасы « Қазақстан Республикасының Конституциясы–мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында дөңгелеу үстел өткізді.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі профессор, тарих ғылымдарының докторы Козина В.В. кіріспе сөз сөйлеп, өзін өркениетті деп санайтын әр елдің өз Конституциясы болу керектігін, ең алдымен онда бастапқы қағидалар мен тағайындалулар, қызметтер мен ұйым негіздері, қызмет түрлері мен әдістері бекітілетінін атап өтті. Ең бастысы –Конституция іргетастық құқықтар мен адам бостандығына жоғары заңды күш беріп, оның ары мен абыройын қорғайды.

Ф.ғ.к., аға оқытушы Нугман Б.К атап өткендей, Конституциялық құрылым негіздері – бұл Конституцияда бекітілген негізгі ережелер мен қағидалардың жиынтығы, оларға сәйкес, өзге нормативтік актілер болу керек. Көкейкесті мәселелер пікір таласында ПО–13–3, ДИЗ–12–2 топтарының Краснова В.В., Чужинова А.С. студенттері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ретінде Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы мен ҚарМТУ I курсының 12 студенттері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары т.ғ.д., профессор Козина В.В, ф.ғ.к., аға оқытущы Нугман Б.К., педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Ошанов Н.З.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер талқыланды:

1. ҚР Конституциясының қалыптасу тарихы.



Тәуелсіз Қазақстанның Алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Конституциялық даму мәселелерінің көкейкестілігі сонымен қатар кез – келген мемлекеттің құқықтық актілер арасында ерекше орын алатындығымен анықталады, қоғам өмір сүруінің жалпы қабылданған негізі, оның мүдделерін ресми айқындау болып табылады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Кеңесі көп новелладан тұратын «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Конституциялық заңның принциптік жаңа ережелері Қазақстанды тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет, сонымен қатар Қазақ КСР Қазақстан Республикасы деп жариялады.

ҚР Екінші Конституциясы республикалық референдумда 1995 жылы 30 қыркүйекте қабылданды.

Осылайша, ҚР 1995 жылғы Конституциясыжаңа саяси - заңды құжат. оның елеулі жаңалығы - барлық институттардың мазмұны мен түрін шешуші рөлде анықтайлын принциптері болып табылады.

2. Конституция құрылымы мен мазмұны.



Қазақстан Конституцисы қысқа және барлығы 98 бөлімнен түрады. Ол ХХ ғасыр соңы үшін стандартты құрылымға ие, шағын преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдер қоғамдық құрылым негіздеріне, құқықтар мен еркіндіктерге, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына (Президенттен бастап Конституциялық кеңес пен соттармен аяқтап), жергілікті билік органдарына, соңғы және ауыспалы ережелерге кезекті арналған.

3. Қазақстанның конституциялық эволюциясы.



Аға оқытушы Ошанов Н.З. атап өткендей, Қазақстан эволюциясы конституционализмге барлық дерлік ХХ ғасырды қамтиды. Сонымен қатар елдің саяси өмірін демократияландыру және экономиканы, жеке қатынастарды либералдану бойынша мемлекеттік шаралар Қазақстанның әлеуметтік дамуына жаңа қарқын беру керек.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының көкейкесті мәселелері түсіндірілді.

Келесі іс шара Қазақстан тарихы бойынша 2014 жылы 3 қарашада өткен мемлекеттік және орыс тілдерігдегі барлық мамандықтардың І курс студенттері арасында олимпиада болды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Козина В.В. кіріспе сөз сөйлеп, берілген олимпиада 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдық мерейтойы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Олимпиаданы өткізу ретімен п.ғ.к, аға оқытушы Огольцова Е.Г. таныстырып, берілген шара екі турдан тұратынан айтты.

Бірінші тур (50 мин.) –келесі тақырыптар арасында біреуінің мәнін ашу:

а) Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

б) XVII-XVIII ғғ. қазақ – жоңғар қатынастары

в) XVIII-XIX ғғ. Қазақстан мәдениеті

Екінші тур – тест сұрақтарына жауап беру (40 мин.).

Олимпиада ұйымдастырушылары п.ғ.к., аға оқытушы Огольцова Е.Г., аға оқытушыТлеугабылова К.С.

Әділ қазылар алқасы: т.ғ.к., профессор Шаймуханова С.Д., ф.ғ.к., аға оқытущы Нугман Б.Г., п.ғ.к., аға оқытушы Огольцова Е.Г., аға оқытушы Тлеугабылова К.С.

Олимпиада қорытындысы:

Мемлекеттік тілде:

1 орын Мырзабекова Алуа МВ-14-1 тобы

ғыл.жетек. т.ғ.к, прфессор Шаймуханова С.Д

2 орын Канатов Темирлан ГПР-14-1 тобы

ғыл.жетек. аға оқытушы Тлеугабылова К.С

3 орын Переверзев Петр БТ-14-2 тобы

ғыл.жетек. аға оқытушы Абдрахманова А.А

3 орын Оралбай Тансулу МЕТ-14-3 тобы

ғыл.жетек. аға оқытушы Ошанов Н.З

Орыс тілінде.

1 орын Толеубекова Алмагуль ОПИ-14-2 тобы

ғыл.жет. т.ғ.к., доцент Даниярова А.Е.

2 орын Бекмуханбетова Саида РЭТ-14-2 тобы

ғыл.жет. оқытушы Нурлигенова З.Н.

3орын Соколова Анастасия БЖД-14-2 тобы

ғыл.жет. т.ғ.к., доцент Даниярова А.Е.

3 орынЧелнокова Дарья ГиК- 14-3 тобы

ғыл.жет. п.ғ.к. Огольцова Е.Г.

барлық жеңімпаздар ҚарМТУ Ректоры ҚР ҰҒА Академигі Газалиев А.М мақтау қағазымен марапатталды. Барлығы олимпиадаға 25 студент қатысты.

2014 жылы қарашада кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы мен ҚарМТУ І курс студеттері (24 студент) «Жаңа Қазақстанның қалыптасуы бойынша Президент Н.Ә. Назарбаевтың тағдыр шешуші шешімдері» ІІ Аймақтық ғылыми – практикалық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді ал салысты.

2014 жылы 8 желтоқсанда «Қазақстан Тарихы» кафедрасында «Қарағанды мемлекеттік техникалық унверсиетінің тарихы» тақырыбында бейна байқау өткізілді.

Кіріспе сөзде пед.ғыл магистрі, аға оқытушы Ошанов Н.З. атап өткендей, институт құру қажеттігі Қазақстанның және жалпы КСРО – ның кеңінен дамып келе жатқан тау кен табу (әсіресе көмір), металлургиялық салаларында жұмыс үшін білікті мамандардың жетіспеушілігімен байланысты болды. Сол себепті 1953 жылы КСРО Министрлер Кеңесімен тау кен мамандықтары бойынша инженерлер дайындығын кеңейту және жақсарту жайлы Қаулы қабылданды.

Аға оқытушы Макалаков Т.Ж. атап өткендей, КСРО Министрлер кеңесінің негізінде № 1223 маусым 1953 жылы және №1274  18 шілде  1953 жылы «Қарағанды тау – кен институты» құрылды.

Байқауға қатысушылар НВП131,2, ПО131, ПО–13–2, ДИЗ122 топтарының студенттері болды. Барлығы 18 студент.

Студенттер ҚарМТУ қалыптасу және даму тарихы бойынша бейне – презентациялар ұсынды.



  1. ҚарМТУ қалыптасу және даму тарихы

  2. ҚарМТУ қалыптасу көзіде көрнекті ғалымдар мен педагогтардың үлесі: Нурмухамедов Ю., Сагинов А.С., Ермеков М.А, Попов И.И және т.б.

  3. ҚарМТУ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ЖОО.

Трутько Е.Ю. бейнепрезентациясында институттың бірінші директоры Нурмухамедов Юнус Кадырбаевич болғандығы, т.ғ.к., институтты 1953 жылдн 1955 жылға дейін басқарғаны көрсетілді.

Кинаята З. студентінің прехентациясында 1955 жылы ректор болған Әбілқас Сағынұлы Сағынов өмірі мег шығармашылығы көрсетілген, сонымен қатар ҚарМТУ мқражайында ұсынылған Ә.С.Сағынов өмірі мен қызметінен бейнематериалдар.

Козлов Н. студенті,ің презентациясында 1955-1958 жж. біздің институтта А.А. Ермеков еңбек атқарғаны көрсетілген. Мемлекеттік қайраткер, «Алаш-Орда» үкіметінің мүшесі, математикадан алғашқы қазақ профессоры, 1935 жылы латын әліпбиінде шыққан математиканың қазақ тіліндегі алғашы кітабының авторы, кітап бөлшегі біздің мұражайда ұсынылған, ал біздің мұражайда Ермековке А.А. стенд арналған.

Студент Нигматзянова Н. 1962-1965 жылдары ҚПТИ студенті болған Н.Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылық қызметі туралы презентация ұсынды. Біздің мұражайдағы стенд бейне презентациясынан, біз Н.Ә. Назарбаев өзінің еңбек қызметін банктегі қарапайым күзетшіден бастап, кейін Днепропетровск техникалық училищесін үздік бітіріп, Қарағанды тау – кен институтына оқуға бағытталды, талапкердің жеке ісі өмір баяны, бірінші курсқа Н.Ә. Назарбаевты тіркеу туралы бұйрық, Завода-Втуздың 5 курстына ауыстыру турлы өтініш, студент Н.Ә. Назарбаевтың сынақ кітапшасының көшірмесі, 5 курсқа көшіру туралы арыз, сол жылдарда домен пішінің формасында Н.Ә. Назарбаев фотосуреттері, А. Смолькин естеліктері көрініп тұр.

Нугман Б.К., студенттер арасында сөз сөйлеп, атап өтті: 1972 жылы Қарағанды политехникалық институты КСРО пайда болуының 50-жылдығын атауда Бүкіл Одақтық сайыста ең жоғары нәтижелерге жеткен үшін ОК КПСС және КСРО ЖК Президиумының, КСРО Министрлер кеңесінің жоғары наградасымен және «Мерейтойлық құрмет белгісімен» марапатталды. Бұл сайысқа Кеңес Одағының 870 жоо қатысты, тек екеуі жеңімпаз деп танылды елдегі бұрынғы Ломоносов атындағы ММУ мен ҚПТИ-КарМТУ.

Әділ қазылар алқасы: Шаймуханова С.Д. – т.ғ.к., доцент.

Нугман Б.Г. – ф.ғ.нк., аға оқытушы.

Огольцова Е.Г. – п.ғ.к. аға оқытушы.

Бейне байқау қорытындысы бойынша Нигматзянова Н., Трутько Е., Казбаев Т., Козлов Н студенттерінің жұмысы атап өтілді.

Қатысушылар ҚарМТУ Ректоры ҚР ҰҒА Академигі Газалиев А.М мақтау қағазымен марапатталды.

Барлығына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, берілген байқау студенттерге өз ЖОО туралы білімін арттырып, біздің университетіміздің ерекше мақтанышы – бұл ҚР Тұңғыш Президентінің жоо екендін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 2014 жылы 4 желтоқсанда осы еелулі оқиғаға арналған «Менің Отаным– Қазақстан» V ішкі жоо студенттік ғылыми – практикалық конференция өтті. Шараны дайындау мен өткізу жауапкершілігі «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Данияроваға, аға оқытушы К.С. Тлеугабыловаға, А.А. Абдрахмановқа жүктелді. Күзгі айлар ішінде қойылатын талаптарға сай қатысушылардың ғылыми шығармаларын таңдау кезеңі мұқият өтті. Конференция жұмысына барлық факультет студенттері қатысты.

Конференцияны ашу үшін салтанатты түрде сәлемдесу сөзімен кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор В.В. Козина, т.ғ.д., профессор З.Г. Сактаганова, КарМТУ кітапхаансының өкілі Г.К. Шайкен сөйледі. қарМТУ кітапханасы тақырыптық стенд және кітап көрмесін дайындады. Кітапхана мен «Қазақстан тарихы» ППҚ тқрақты өзара жұмысын осындай шара өткізуде атап өту керек. Дәстүрлі түрде, қатысушылар сөзінің алдында ГД-13-3 топтарының студенттері – А. Рымбек, А. Ержанов орындауында домбыра музыкасының классигі Құрманғазының «Балбыраун» күйі орындалды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі интерактивті оқу түрлерін қолданумен 19 баяндама тыңдалды.

Барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарында жеткілікті дайындық көрсетіп, тақырып көкейкестілігін анық негіздеп, мәселе мәнін аша білді, шығарылған жағдайды жақсы қорғады. Конференция қатысушылары мен қонақтары кейде күтпеген сұрақтар қойып, пікірталас тудырды.

Білім беру саласында жүргізілген реформалар тұрғысынла әсіресе үздіксізден көп сатылы білім беруге өту кезіндегі ерекше көкейкесті мәселе студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысындағы дағдыларын дамыту болып табылады. Осыған байланысты берілген шараны өткізу мерзімді және мақсатты болып табылады.

Конференцияны қорытындылай керек, Қазақстан тариы кафедрасының меңгерушісі профессор В.В. Козина, доцент А.Е. Даниярова, аға оқытушы К.С. Тлеугабылова, А.А. Абдрахманова барлық қатысушыларға Alma mater білім беру үрдісінің барлық бағыттарында белсенді ұмтылысына алғыс білдірді. Конференцияға қатысушылар ҚарМТУ Ректоры ҚР ҰҒА Академигі Газалиев А.М мақтау қағазымен марапатталды.



Осылайша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде тәрбие үрдісі оқу үрдісімен қатар тұтас педагогикалық үрдістің маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Бұл педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасы тұлғаның рухани – дұрыс мінез құлықты қалыптасуына, өзін өзі тәрбиелеуге қарқын беруге, сана, студенттік жастар сезімі мен тәртібін басқаруға бағытталған.
Қазақстан тарихы кафедрасының

ТЖ жауапты З.Н. Нурлигенова
Қазақстан тарихы каф. меңг. қ.а Е.Г. Огольцова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет