Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі туралы мәліметтермен бөлісу.Қаңтар оқиғасы туралы терең мағлұмат беру. Студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу
«Бекітемін» Колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: _______________ Г.Исаева __________2022ж
Тақырыбы: «Қаңтар оқиғасы, дамудың жаңа кезеңі» Мақсаты: Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі туралы мәліметтермен бөлісу.Қаңтар оқиғасы туралы терең мағлұмат беру. Студенттерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Қаңтар оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Қаңтар оқиғасы. Дамудың жаңа кезеңі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Қазақстанды дүр сілкіндірген қаңтар оқиғасында, ресми дерек бойынша, 227 адам өліп, мыңнан астамы жараланған. Елге "шетелде дайындалған террористер" мен "қарулы бандиттер" шабуылдады деп мәлімдеп, "ескертусіз атып тастауды" бұйырған Ақорда ҰҚШҰ күшінің көмегіне жүгінді. Азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар "шамадан тыс күш қолданған" билікті сынап, көп адам мерт болған оқиғаны ашық, тәуелсіз зерттеуге үндеді.
Осы қанды оқиғада оқ құшып қаза тапқан адамдарға алғысымызды білдірсек дейміз. 1мин үнсіздік..