Ең алдымен қара металл деген не? Қара Металл– темір және оның қорытпаларының өндірістік атауы. Кең тараған түрлері – темір мен көміртектің біріккен қорытпалары – шойын мен болат және ферроқорытпалар.
Қара металдарға темір мен оның қорытпалары жатады. Ал темірдің хром, кремний, магний, титан және т.б. элементтермен қоспасын ферроқорытпа дейді. Қара металдар өндіріске аса қажетті шойын мен болаттардан тұратындықтан, оларда өндіру, өндеу, қолдану кең көлемде қолға алынған. Домна пештерінде темір кендерінен бастапқа шойын алынады. Оның үлкен үлесі (80-85 пайыз).