Сабақ тақырыбы. Көмірсулар, оларды жіктеу және маңызы Күні



Дата07.02.2022
өлшемі20,97 Kb.
#92214
түріСабақ
Байланысты:
Көмірсу.Био.БК-110.15,.09.
Көмірсу.Био.БК-110.15,.09., Көмірсу.Био.БК-110.15,.09., кіріспе-КТ-105-11.09-анатом

Пәні: Биология.
Сабақ тақырыбы. Көмірсулар, оларды жіктеу және маңызы
Күні: 15.09.2020ж
Тобы: БК-110
Сабақтың типі: теориялық.
Жасушаның шамамен 2-5% массасында көмірсулар болады. Бұл заттар - көміртек, сутек және оттектен тұратындықтан осылай аталған.Оттек пен сутектің арақатынасы су молекуласының құрамындағыдай. Қарапайым көмірсулардың жалпы формуласы - (СН2 О)n немесе Сn2 O)n (8-сурет). Көмірсулардың атауы құрамында неше көміртек
атомы болатынына байланысты: триоза - 8 көміртек атомы, тетроза - 4, пентоза - 5, гексоза - 6 жәнет.б. Олардың формуласы:
С3Н6O3,- триоза;
С4Н8O4 ,- тетрода (эритроза);
С5Н10О5- пентоза (рибоза);
С6Н12 О6 - гексоза (глюкоза, фруктоза).
Көміреулар молекуласанына байланысты 3 топқа бөлінеді: моносахарид, дисахарид және полисахаридтер.
Моносахаридтер немесе қарапайым көмірсулар бір молекуладан тұрады. Глюкоза - ең көп таралған көміреу. Оның негізгі қызметі энергетикалық қызмет болып, ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл фотосинтез нәтижесінде түзілетін бірінші көміреу.
Егер моносахаридтердің 2 молекуласы қосылса, онда дисахаридтүзіледі. Мысал ретінде көдімгі қантты - сахарозаны келтіруге болады.Сахароза молекуласы алты көміртекті қанттан - глюкоза мен фруктозадан түзіледі. Осы екі молекуланың қосылу реакциясы су молекуласының түзілуімен жүлеге асады. Сондықтан қызылша қантының формуласын:
6Н12 О6,), алу Н2О, немесе С11Н 22О11 | түрінде жазуға болады. Көмірсулардыңжалпы формуласы Сn2O)m түрінде жазылады.
Негізінен барлық моносахаридтер мен дисахаридтер суда жақсы ериді (гидрофильді), қалыпты жағдайда кристалл құрылымды, түсі ақ, дәмі тәтті болады.
Полисахаридтер - өзара байланысқан өте көп моносахарид молекуласынан тұрады. Олардың жалпы формуласы (С6Н12 О6,)n - (Н2O)n.
Бұларға целлюлоза, крахмал, гликоген және хитин жатады. Кейбір подисахаридтер суда ерімейді. Крахмал ыстық суда ісінуі мүмкін, бірақ ерітіндітүзбейді.
Бірдей құрылымдық бірліктердің - мономерлердің көп санынан тұратын, өзара химиялық байланысқан кез келген зат полимер депатадады. Полимерлерді көбінесе полимер тізбектерідеп атайды, себебі мономерлер өзара тізбекке қосылған буындарға ұқсайды. Егер полимерлер бірдей мономерлерден немесе бірнеше әртүрлі мономерлердің біртипті ретінен тұрса, оларды ретті деп атайды. Сендер оқып-үйренген полсахаридтер - мономерлері глюкоза молекулалары болып табылатын ретті биополимерлер
Полисахаридтерде глюкода молекулалары әртүрлі байланысуы мүмкін. Егер полисахарид сызықтық тармақталмаған тізбекті болса, ол тірек қызметін атқарады . Мысалы, осындай рөлді өсімдіктерде жасуша қабырғасының целлюлозасы, ал буынаяқтыларда хитин атқарады. Қор ретінде жиналатын көміреулар (крахмал мен тликоген) тармақталғантізбекті болады.
Полисахаридтерден моносахаридтерді және керісінше моносахаридтерден поли-
Сахаридтерді алуға болады. Осындай ыдырау және глюкозадан гликоген полисахаридін
алу (керісінше) реакциялары адам ағзасында инсулин жөне глюкагон гормондарының
әсерінен жүзеге асады. Көмірсулардың физиологиялық маңыздылығы. Олардың ең маңызды қызметі - энергетихалық(1-кесте). Полисахаридтер крахмал жөне гликөген сияқты қорға жиналу, ал целлюлоза мен хитин – құрылымдық (құрылыс немесе механикалық)қызметін атқарады.
1-кесте. Көмірсулардың негізгі рөлі

Көмірсулар типі

Алауы

Тірі жүйедегі: рөлі

Формуласы



Моносахаридтердің
жалпы формуласы
Сn2 O)n
Элементтердің арақатыныасы
1:2:1

Рибоза



РНҚ - рибонуклейн қышқылының| құрамына енеді(нәруыздар биосинтезін қамтамасызетеді)

С5Н10О5
(пентоза)




Дезоксирибоза

ДНҚ-дезоксрибоза нуклейн қышқылының құрамына енеді (хромосомалар заты- тұқым қуалау ақпараты)

С5Н10О5
(пентоза)




Глюкоза

Жасушалардың негізгі энергия көзі,фотосинтез нәтижесі
1г ыдыраған кезде Е-17,6 кДж н/е 5,5ккал/моль

С6Н12 О6
гексоза




Фруктоза

Өсімдіктер көмірсулары

С6Н12 О6
гексоза

Дисахаридтер
Моносахаридтердің екі молекуласынан тұрады



Сахароза

Қызылша н/е қант қамысы

С12Н 22О11 глюкоза және
фруктоза




Лактоза

Сүт қанты

С12Н 22О11 глюкоза және
галактоза

Полисахаридтер- тұрақты полимерлер олардың мономерлері-моносахаридтер

Крахмал

Өсімдіктердің негізгі көмірсу қоры

6Н12 О6,)n - (Н2O)n.


Мономер-
глюкоза




Гликоген

Жануарлрдың негізгі сақтамалы көмірсу қоры




Целлюлоза (мақтада-98%,
қылқанжапырақтылар сүрегәнде -50%



Өсімдіктердің жасушалық қабырғасының құрылымдық көмірсулары




Хитин

Саңырауқұлақтардың, буынаяқтылырдың сауыттарының және кейбір қарапайымдардың жасушалық қабырғасының негізгі құрылымдық бөлігі

Мономер-ацетилглюкозамин

Тақырып бойынша қысқаша қорытынды:


1. Органикалық заттардың құрамындаміндетті түрде көміреу бола-
ды. Осы аттардың негісгілері: нәруыздар, майлар, көміреулар және нуклеин
қышқылдары, бұлар барлық тірі жасушалардаболады.
3. Көмірсулар көміртек, оттек және еутектен тұратын оаттар С(Н.0),.
8. Моносахаридтердің екі молекуласынан тұратын күрделі көмірсулар
дисахаридтер,ал көп молекулалардан тұратын көміреулар полисахаридтер
деп аталады. Олардың жалпыформуласы: С.(Н,0),,
4. Моносахаридтермен дисахаридтергидрофильді, дәмі төтті. Олар энер-
гетикалық қызметатқарады. Мысалы, глюкоза - негізгі энергия көзі. 1 г
глюкоза ыдырағанкезде 17,6 кДж энергиятүзіледі.
5. Целлюлоза жөне хитин сияқты полисахаридтер құрылымдық(меха-
никалық), ал крахмалмен гликоген көптеген тірі ағзалардың қордағы энер-
тия көзі.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Неліктен көміреулар деп атайды?
2. Көмірсуларға анықтама беріңдер.
3. Көмірсулардың неліктен жасушаның қажетті құрамбөлігі болып
Табылатынын түсіндіріңдер.
Тапсырма
1. Моносахаридтердің қызметін сипаттандар.
2. Түсіп қалған сөздерді жазыңдар,
1. РНҚқұрамынакіретін көмірсу -
2.Сүт қанты-
3. Рибозамен дезоқсирибозаның құрылысынсалыстырыңдар.


Негізгі әдебиет: Биология 10. Н.Г.Асанова, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибрагимова. Алматы «Атамұра» 2019
Қосымша әдебиет: Биология 10. А.Сартаев, М.Гильманов. Алматы «Мектеп» 2014

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет