Бағдарламасы бойынша рефлексиялық есеп



Дата10.06.2017
өлшемі110,55 Kb.
#18347
«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика

кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша рефлексиялық есеп

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мен «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша теориялық білім алып, біліктілігімді жетілдірдім. Оқу барысында көп нәрсені үйрендім. Топта жұмыс жасау ынтымақтастық атмосферасының қалыптасып, өзгелермен пікір алмасуға, өз – өзімді реттеуге үйрендім.. Жалпы мұғалім қандай болу керектігін және оқушыларға қалай білім беру керектігін үйрендім. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты: педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту болып табылады.

Ал негізгі міндеттеріне: оқыту үдерісін жоспарлау; оқушыларды оқу үдерісіне тарту;

АКТ құралдарын тиімді қолдану; оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау;өзінің оқыту үдерісі туралы рефлексиясы жатады.

Бағдарламаның мазмұны сындарлы оқыту теориясына негізделген

Сындарлы оқыту негізінде оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуді, өзін – өзі реттеуді, оқушылардың өз беттерінше білім алуына жағдай жасау қажеттігін білдім. Және Бағдарламаның жеті модулімен танысып, жүйелі жоспар құруды үйрендім. Тізбектелген орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды модульдерді кіріктіріп, оның әдіс – тәсілдерін қолдана отырып жоспарладым. Сындарлы оқыту барысында оқушылардың өз ойын еркін айтуға, алған білімін өмірде пайдалана алуына үйретуіміз керек.

Оқу бар да, оқуды үйрету бар. Адамдар ойлауға, шешім қабылдауға және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Сыни тұрғыдан ойлау ең маңызды мәселелерді талқылап, оны тәжірибеге енгізіп, ой елегінен өткізуді қамтиды. Маған бұл модульдің оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейтін тұстары әсер етті.

Егер пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай, олардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмаларды жиі беріп отыруы маңызды екенін түсіндім.

1-сабағымыз 2016 жылдың 4-қазанында «Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі» және « Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары» тақырыбында болды.Топта 20 тыңдашы бар, топ тренері - Ташенова Жұлдызай апай.Топ старостасы – Мейірбекова Айгерім. «Жарқырауыңа жәрдем ет» әдісін қолданып топ мүшелері өздерін таныстырып өтті. Топқа бөліну, бірігіп жұмыс жасау, өте қызық болды. Сергіту сәтінде тренеріміз «Құбырды байланыстыр» ойынын ойнатты.Бұл ойын кезінде топтағылар құбырды байланыстыра алмай біраз қиналдық,бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде құбырды байланыстырып, оның ішінен допты домалаттық. Мінсіз оқушының сипатын анықтадық.Үй тапсырмасына «Мен қолданған әдіс» тапсырмасы берілді. Сабақта қолданған кез-келген әдіс туралы біліп келу тапсырылды. Бұл курстың біз үшін, яғни мұғалім үшін өте пайдалы әрі қажет екенін білдім.

2-сабақ «шаттық шеңберін» құрудан басталды.Онда бір-бірімізге қарап тұрып, одан кейін теріс қарап, бойымызға тез өзгеріс енгізу керек. Сосын басқа адам сенің бойыңдағы өзгерісті жылдам табу керек. Бар мүшелерге жапырақтар таратылды, сөздер жасырылған.Сөздер не үшін жазылған екенін білмей біраз қиналдық, ақырында ол сөздер буынға бөліну арқылы топқа бөлінетінімізді білдік. Топ атауларын да тақырыппен, өмірмен байланысты атап, оларға түсініктеме берілді.

Курстағылар 3топқа бөлінді.1-Алғырлар,2-Табиғат, 3-Қырандар.

Одан кейін мәтін оқылды, онда сыныптағы бар оқушыны бірдей жақсы көру, олардың ішкі жан-дүниесіне терең үңілу керектігі туралы айтылды.

3-сабақты «Жаңалығыңмен бөліс» әдісімен бастадық ,онда әркім өзіндегі жаңалықтар туралы айтты.Үйге берілген тапсырма бойынша алып келген әр әдіс түрлерімен таныстырды. Сауалнама қорытындысын шығардық , сынып мәдениеті туралы.Курс тыңдаушылары әкелген әдістерді жинақтап кітапша шығаратын болдық.»Оқытудың әдіс-тәсілдері» деп атадық. «Трещина в кувшине» көрсетілімін көрдік.Оны өз ортамызда талқылау жүргіздік.Тренеріміз «Конверт - сұрақ» әдісімен тапсырма таратты, онда эссе жазымыз керек екен. Кешегі күнге қарағанда көп нәрсе үйреніп, біраз мағлұматтар алдым.

4-сабақ.Онда біз жұмыс жасайтын болашақтағы мектеп макетін жасау жөнінде тапсырманы орындадық. Әр топ өзінің макеттерін түрліше етіп жасап,түсіндірді. «Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері» - сабағымыздың тақырыбы.Шеринк әдісі арқылы конференция залында отырғандай секілді отырдық. Құндылық,ұстаным,стратегиялық іс-әрекет туралы білдім. Сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына не əсер етеді? Оқуда қандай кедергілер кездеседі ? т.б сұрақтарға жауап іздедік. Балалар құқығы жөніндегі конвенция 1989 жылы қабылданған,онда әр бала өз пікірін білдіруге құқылы деп айтылған.

5-сабақ «Оқушыларды ынталандыру» тақырыбымен өтті. Мақсаты: оқудағы кедергілерді анықтау,оларды ынталандыру, оқу туралы пікірін анықтау.Оқушының оқуына әсер ететін факторлар кестесімен жұмыс жасадық.Оқуына әсер тетін факторлардың оң түрі және қиын түрі болатынын білдім.Үйге тапсырма - «Кері байланыс» түрлерін анықтап келу. Өте көп құнды деректермен танысып, іс-тәжірибе жинақтадым. Айтылған әрбір пікір құнды екенін түсіндім

6-сабақта «Мозаика» әдісімен топқа бөліндік.Суреттерді құрастыру арқылыболды.

Әлемнің жеті кереметі туралы ролик тамашаладық. Видеоролик тамашалап, әрбір тыңдаушы өздерінің құнды пікірлерін айтты Сабақ тақырыбы: «Әлеуметтік өзара іс-қимыл» Инклюзивті оқыту жайында көп мағлұмат алдым. Коммуникативті дағдыларды жетілдіру арқылы инклюзивтікке қол жеткізуге болатындығына көз жеткіздік Инклюзивті оқыту-білім алу барлығына қолжетімді деген қағидатқа негізделген оқыту. Сергіту сәтінде «Атом - молекула» ойынын ойнадық, ойынға қатысушылар 2-3-4-ден топтасу керек.Артық қалған ойыншы айыбын түрлі тәсілмен өтейді. Бүгінгі өткен тақырып бойынша  көп нәрсе үйрендім. Тұжырымдамалық карта жайлы танысып білдік. Күннен күнге білімімді шыңдап, көп нәрсе үйрену үстіндемін.

7 – сабақ «Оқудағы кедергілер» деп аталды.Мұғалімдер оқуда тыңдауы мүмкін барлық кедергілерге талдау жасайды,оларды шешу жолдарын ұсынады.Мұғалімдер өз тәжірибесі негізінде кедергілерді азайту әдістерін әзірлейді. Оқушылар тіл үйренуде белгілі бір стратегияларды қолданғанда жоғары нəтижеге қол жеткізеді. 1985 жылы О’Малли оқудың үш стратегиясын атап көрсетеді: метатанымдық, танымдық; əлеуметтік. Метатанымдық стратегиялар жоспарлау, мониторинг жəне оқу жетістіктерін бағалаумен байланысты.

8 – сабақ: Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.

Сабақ басталар алдында «Дәрменсіз көбелек» ролигін көрдік. Әр топтар ролик туралы өз ойларын ортаға салды. Одан кейін 3 топқа бөліндік.

1-топ: Аудиалдар – құрастырушы

2-топ:Визуалдар – сурет құрастыру

3-топ: Кинетиктер – сахналау

Тапсырмаға «шалқан» ертегісі берілді.Әр топ берілген тапсырманы сауатты орындады,мәтінді жақсы түсіндірді, Қолда бар материалды пайдаланып сахналық көрініс қойды. Өте қызық болды.

Келесі сабақ: Диалогтік оқытудың мәні. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта

әңгімелесуді пайдалану әдістемесі. Сабақ басталар алдында «Боз орамал» ролигін көріп, ондағы негізгі кейіпкерге мінездеме беру керек болды. Соңғы бөлігін әңгімені аяқтау жөнінде тапсырма берді. Әр топ өз ойларын айтып шықты.

12-сабақ: Сын тұрғысынан ойлаудың мәні. Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды

пайдалану. Сабақты «Есімдер сыры» тренингімен бастадық.Әр қатысушы өз есімінің бастапқы әрпіне сай сын есімді қолданып айту керек. «Қар лақтыру» әдісі бойынша топқа бөліндік.

16-сабақ: Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ пайдалану әдістемесі. АКТ-ны сабақтарымда қолданудың өте тиімді екенін түсіндім. Келешекте барлық сабақтарымда қолданам деп алдыма мақсат қойдым. Оқыту мен оқудағы интерактивті әдіс, бұл сабақ барысындағы оқушы –оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі әрекеттер болып табылады. Интерактивті тақтаны қолдана отырып оқушыларға тақырыпқа байланысты қол жетімді, видео, суреттерді көрсетуге тырыстым. 

18 – сабақ: Бағалау критерийлерін белгілеу.Оқу мақсаты, жаттығу мен бағалау критерийлері арасындағы байланысты бағамдау. Мұғалімдер сабақ табысты болу үшін бағалау критерийлерін әзірлейді. Жиынтық бағалау- оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару. Бағалаудың түрлерімен таныса отырып, сабақта оқушыларды бағалауда көп қажеттілігі бар екенін ұқтым. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ажырата алтын болдым. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретінін білдім. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды.

Мен топтық жұмыстар барысында оқушылардың бір-бірімен бәсекеге түсіп, оқуға деген ынтасының, қызығушылығының артқанын байқадым. «Даналық ағашы» оқыта-үйрету ойыны бойынша оқушыларға қиын сұрақтар дайындатып, әр топқа сол сұрақтарды араластырып таратып, жауап беру тапсырылды.

Оқушыларға тек сұрақ қою ғана емес, қойылған сұраққа нақты, толық жауап беру керек екенін түсіндірдім. Оқыта үйрету ойынының соңында тақтаға барлық оқушының аты жазылған постер ілініп, әр оқушы сұраққа толық жауап берген оқушынының атын стикерге жазып, постерге жабыстырды. Нәтижесінде: «А» дегейлі оқушым оқыта-үйрету ойынының зерек оқушысы атанды. Бұл әдісті қолданудағы мақсатым - оқушыларға сұрақ қоюдың маңызды дағдылардың бірі болып табылатындығын ұғындыру.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруға мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да жауаптары да маңызды. Мұғалім оқушылардың білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын ашық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады

Сыни тұрғыдан ойлау сабақ барысында айтуға, балама шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа тәсілдерді енгізуімізге, басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу болып табылады. Оқыту барысында дәстүрлі сабаққа қарағанда, осы оқу бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде жүргізілген сабақтарымыз өз нәтижесіне тез әрі жеңіл түрде қол жеткізеді. (2000 сөз)

«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика

кадрларының кәсіби даму бағдарламасы эссе


Мұғалім болу бала кезден арманым еді. Сол арманыма қол жеткізіп бұл күнде мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрмін. Бала жанын түсіну,оған өміріне қажет білім беру,саналы азамат етіп тәрбиелеу әрбір ұстаздың қоғам алдындағы жауапкершілігі деп білемін. Жаңа қоғамға жаңашыл ұстаз тәрбиелеу мақсатында жаңа міндеттерді жүзеге асырып жатқан бұл үш айлық курстан үйренгенім көп.Сергіту сәттерінен топқа бөлу,тағы түрлі топқа бөлу әдістері түрленіп өткізілді.Әр күн сайын жаңа топпен жұмыс жасағанда әріптестерімді жақыннан танып,күнде жаңа идеяларға куә болдым. Тапсырмаларды әр түрлі флипчарттармен орындау барысында топта талқылаулар жүргіздік.Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген модульдерді жан жақты қарастырдық.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінде мұғалімдердің қалай оқыту керектігін, балалардың қалай оқитынын жақсарту мақсатында жасалатын іс- әрекеттер туралы болды. Сабақтар құрылымының дәстүрлі түрден айырмашылығы үнемі топпен, жұппен жұмыс істеуде. Топта бір-бірінің идеяларымен бөлісіп,оқушы өз ойын топқа еркін жеткізе біледі. Бұл ынтымақтастықпен жұмыс жасау барысында балалар проблемаларды шеше білуге үйренумен бірге бірлесе отырып өзіндік көзқарас қалыптастырады,оқушы өзін танытуға мүмкіндігі зор.

Мұғалім неліктен өзгеру керек? Мінсіз оқушы қандай болу керек? Әр ұстаз білім беріп жүрген оқушыларының мінсіз болғанын қалайды.Сол мінсіз баланы тәрбиелеу үшін мұғалім де үнемі даму үстінде болу керек.Шетел мемлекеттерінде баланың мақсатқа бағытталған және тез тіл табысатын қасиеттері барынша маңызды деген мәліметтері қызықтырды.Осындай болжауларға қарай отырып мен өз елімізде балаға қалай назар аударылатынына көз жүгірттім. «Тәрбие басы-тал бесіктен» деген бабаларымыздың дана сөзінің мағынасы тереңде жатыр.Ата-ананың өз ұрпағының тәрбиесіне аса көңіл бөлуі оның дұрыс азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.Тәрбиелі,білімді адам ғана өз мақсатына жете алады деген түсінігімізге өзгешелік енді.Бүгінгі таңда баланы қарым-қатынас жасай білуге көп үйрету қажеттігін ұғындым.Сыныптағы диалог менің пәнім үшін өте тиімді деп ойлаймын.Диалогтік әңгімелердің түрлерін сабақта тиімді қолдануға тырысамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы маған таныс технология болғандықтан оның курстағы ерекшелігін табуға тырыстым. Сыни тұрғыдан ойлау баланың берілген тапсырманы талқылау нәтижесінде сыни көзқарас қалыптастырады.Сын тұрғысынан ойлаудың ережесінде бала үнемі жұппен жұмыс жасайды,ал бұл жерде ол ереже болмайды.Әр топта оқушы санының қандай болуы маңызды емес.Ол топқа берілетін тапсырмаларға байланысты болады екен.Бағалаудың көптеген түрлеріне тоқталдық.Біз дәстүрлі сабақта баланың мүмкіндіктерін ескермей ортақ бір бағамен тоқталушы едік.Енді формативті және жиынтық бағалау түрлерін тиімді пайдалана білу оқушы ынтасын жоғарылатыды деп ойлаймын.Бастауыш сыныпта кеңінен қолдануға тырысамын.Өзгенің жетістігін бағалау балалар үшін қызықты.Оқытуда АКТ пайдалану жолдарын дұрыс ұғындым.Дәстүрлі сабақта интерактивті тақтадан балаларға мәлімет қана көрсете отырсақ бұл модульде оның түрлі жақтарын жүзеге асыруға болады.

Курстың мен үшін берері көп болды.Алдағы тәжірибемде дұрыс қолдана аламын деген сенімдемін. Әрқашан мектеп көшбасшысы болып,оқушыларымды да соған жетелеуге тырысамын. Ең бастысы балаға бостандық бере отырып, ой еркі мен сөйлеу еркінен шектемеу керек, сонда ғана білім шыңына жетеріміз анық. 

Жаңа форматтағы мұғалім болып қалыптасу үшін «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша курстан оқып-үйренгендерімді іс- тәжірибеде қолданып көру керек болды. Сол себепті сабақ жоспарларын жаңа үлгіде дайындап, сабақ барысында оқушыларды басты рөльге қойып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашатын тапсырмалар дайындадым. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша өз сабағымда бес жолды өлең, Семантикалық картаны, Венн диаграммасын, Блум таксономиясын, INSERT, Кубизм, сәйкестендіру тапсырмаларын көптеп қолданамын. Бұл бағдарламаны тереңдей оқып үйреніп оны оқу үрдісінде қолдану арқылы мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түсесің. Осы бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыдан қарап, мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әркез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі:оқушының қызығуын арттыра отырып қиялын дамытуға арналған.

Мұғaлiмге сaбaқ берудiң тиiмдiлiгiн aрттыру мен педaгогикaлық шеберлiктi жетiлдiрудi көздей отырып жaңa бiлiктiлiктер мен тәсiлдердi қaлaй қолдaну қaжеттiгiн тәптiштеп сипaттaйтын әрекеттiң жекеше жоспaрын жaсaу тиiмдi.

Бiлiм беру мен бiлiм aлудaғы өзгерiстер мұғaлiм мен оқушы aрaсындaғы ынтымaқтaсты дaмытуғa ықпaл етедi. Бiздiң мaқсaтымыз оқушылaрдың мүмкiндiктерiн бaрыншa толық жүзеге aсыруғa қaжеттi жоғaрғы деңгейлi ойлaу бiлiктiлiктерiн дaмытуғa, топпен бiрлесiп жұмыс жaсaуғa көмектесу.

Сaбaқтың тиімділігін aрттыру жолдaрының бірі - әр сaбaқтa мынaдaй жaғдaйлaр жaсaу болып тaбылaды: оқушылaрдың оқу мaтериaлының негізін сaбaқтың өзінде меңгеруі тиіс, бірaқ бұл негіздер кездейсоқ емес, сaнaлы игерілуі керек.

Мұғaлiм керi бaйлaныстaр aрқaсындa мұғaлiм-оқушының, оқушы- мұғaлiмнiң, оқушы-оқушының қaндaй сұрaқтaрғa жaуaп aлғысы келгенiн,қaндaй мәлiметтi aлғaнын, қaншaлықты түсiнгенiн бiлiп отырды. Рефлексия арқылы оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Өзіме келетін болсам, мен әр сабағымда рефлексия бөлімін түрлендіріп өткізіп жүрмін. Мысалы «Соңғы сөзді мен айтайын», «Бақшада» әдістері арқылы жүргіземін. «Соңғы сөзді айтайын» әдісінде әр топтан бір оқушы шығып сабақтан алған әсерін және өзге топтардың артықшылықтары мен жетіспейтін тұстарын атап көрсетеді. Қалған оқушылар өз ойларын стикерге жазып қалдырады. 



Қорыта келгенде, бұл жеті модуль идеяларын күнделікті іс- тәжірибемізге ендірсек, жоғарыда айтылғандай кедергілерден арылармыз деген ойдамын. (250 сөз)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет