ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 1-4 сыныптар
Бағдарлама авторлары:
Қасымбекова С.І. п.ғ.д., дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-
практикалық орталығының бас ғылыми
қызметкері
Орехов Л. И. п.ғ.д., профессор,
ҚР БҒМ білім беруде еңбегі сіңген қызметкері
Караваева Е.Л. п.ғ.к., доцент, дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-
практикалық орталығының жетекші ғылыми
қызметкері
Хасин В.Б. «Астана» медициналық университетінің тамақтану
гигиенасы кафедрасының доценті
Тайжанов С. Т. Дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық
орталығының аға ғылыми қызметкері
Нұралиева С. К. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясының мектепке дейінгі және жалпы орта
білім беру ҒЗИ ғылыми қызметкері.
Кәрібекова А.Ж. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру
академиясының мектепке дейінгі және жалпы орта
білім беру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.
Алматы
2009
І. Түсінік хат
1. Оқу пәнінің нысаны. «Дене шынықтыру» оқу пәні Мемлекеттік бастауыш білім беру стандартының (ҚР МЖББС, Алматы – 2009) маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.
2. Оқу пәнінің пәні.
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу.
3. Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |