«Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі» Шымкент қаласы «Шағала» бала бақшасының Әдіскері Қаныбекова Айшат



Дата10.06.2017
өлшемі74,01 Kb.
#18712
«Бала тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі»
Шымкент қаласы «Шағала» бала бақшасының

Әдіскері Қаныбекова Айшат
Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, Мағжан ата­ла­ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке­рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас­тар. Олар за­ман та­ла­бы­на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар­тып отыр. Ба­ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ере­сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба­ла­лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо­лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо­лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай­да ба­ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор­ны ерек­ше. Себебі, ба­ла- бақшаға ба­ра­тын ба­ла қоғамда өз ой­ын ашық айтуға үйренеді. Со­ны­мен қатар жан- жақты жетіледі. Біз бүгінгі тақырыбымызда қаламыздағы екі балабақша жай­ын­да ой қозғамақпыз. Оның бірі мемлекеттік, екіншісі же­ке меншік балабақша. Енді же­ке-же­ке тоқталып өтелік:

Баланың жа­сы­на сай сабақтар, со­ны­мен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл да­мы­ту, ай­на­ла­мен та­ны­с­ты­ру, ва­лео­ло­гия, секілді пәндерді оқытамыз. Ән-күй, де­не тәрбиесімен ай­на­лы­са­тын бөлме жұмыс істеп тұр. Ән, би өнеріне ба­у­ли­мыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Балабақшамызда толықтай жағдай жа­са­лып отыр. Балабақшада «Балбөбек», «Біз мек­теп­ке ба­ра­мыз», «Алғашқы қадам», «Зе­рек», «Мек­те­пал­ды дайындық», «Қайнар» бағдарламасы бой­ын­ша ба­ла­лар­мен жұмыстанады екен.

Біздің ба­ла­ла­ры­мыз қаламызда ұйымдасты­ры­ла­тын мәдени шараларға белсенді түрде қатысады. Қатысып қана қоймай, «Үркер»интеллектуалдық марафонына қатысты, «ПОНИ-2014»Халықаралық турнирге де қатысты,жүлделі орынға да ие бо­лып жүр. А.Курбантаев,Т.Ненахов,И.Мансуров.Б.Шералиев.,Ж.Абибулла.,Алиасқар Б.,Анартаева Р.,Елшібай А.,Есенкұл Ә., секілді ба­ла­ла­ры­мыз­бен мақтанамыз», — дейді балабақша тәрбиешілері . Майорова Л.П.,Баирханова Г.Т.,Асембекова Г.Т.,Эсенова А.Т. сияқты тәрбиешілерді үлгі тұтамыз. Р.М.Райымкулова балабақшаның меңгерушісі алғашқы ашылған кезінен бері осы күнге дейін абы­рой­мен еңбек етіп ке­ле жатқан тәжірибесі мол қызметкер.Қазақстан Республикасы мекемелер арасындағы 2012-2013ж. қаржы-құру рейтинг қорытындылары корпаративтік табыс салығы Қазақстан бойынша-36 орын,ОҚО бойынша-6 орынға иеленді және балабақшаның ма­териалдық-техникалық базасының нығаюына, ғимарат пен тәрбиеленушілердің бөлмелерінде техникалық та­лап­тар­да белгіленген санитарлық-гигиеналық нор­ма­лар мен ережелердің толықтай сақталуына өз үлесін қосып ке­ле жа­тыр.

- «Ба­ла­лар — біздің болашағымыз.» Сондықтан ба­ла­лар­ды ерек­ше күтіп, тәрбиелеу ке­рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойы­на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр­май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба­ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Балабақша ең ал­ды­мен ба­ла­ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба­ба­ла­ры­мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас­та­ла­ды, яғни тәрбиенің негізі от­ба­сы­нан бас­тау ала­ды. Балабақша, одан кейін мек­теп адамның қоршаған ор­та­да же­ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты­рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се­беп­кер бо­ла­ды деп ой­лай­мын. Ата-ана­лар таңертең бізге ба­ла­ла­рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама­нат­тап бізге сеніп тап­сы­рып кет­кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол­май­ды. Ба­ла­лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар­ды бір күн көрмесем сағынып қаламын.

- Балабақша ұжымы барлық балабақ- ша­лар секілді ке­ле­шек ұрпақтың тәрбиелі бо­лып өсуіне қызмет ету­де. Ашылғанына бір жыл то­ла­ды. Аз уақыттың ішінде жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, бірнеше рет ашық сабақ өткіздік. Әрине, әлі де та­лай тәжірибе жи­нап, еңбектенеміз. Бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жат­та­тып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің са­на­сы­на сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға ты­ры­са­мыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пай­да­ла­нып әрі ба­ла­ны қызықтыратын тақпақтар үйретеміз. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жас­тан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жас­тан асқасын досыңдай сыр­лас» — де­ген та­ма­ша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шы­нын­да да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп кел­ген алғашқы сәттен бас­та­луы ке­рек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ен­де­ше, жас сәбиді алғашқы күннен бас­тап тәрбиелеу ке­рек. Әрине, баланың тәрбиесі от­ба­сы­нан бас­та­ла­ды. Де­ген­мен, тәрбие ретінде балабақшаның да ала­тын ор­ны ерек­ше. Қазақтың про­бле­ма­сы балабақшадан бас­та­ла­ды. Балабақшаның са­нын көбейту ке­рек.

2010 жы­лы «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да қаламызда бірнеше жекеменшік балабақша ашылған бо­ла­тын. Би­ыл да бірталай балабақша ашы­ла­тын шығар де­ген ой­да­мыз. Өйткені, мұнайлы өңірде ал­ты мыңнан аса ба­ла бақшаға ба­ру үшін ке­зек­те тұр. Мемлекеттік балабақшаға ба­рай­ын де­се, орын жоқ, кезекті ұзақ уақыт күтесің. Ал жекеменшік балабақшаға ба­рай­ын де­се, кез кел­ген ата-ананың ай­ы­на 20 мың теңгені төлеуге ша­ма­сы жетпейді. Қалалық перзентхананың санақ мәліметтеріне жүгінсек, ап­та сай­ын қаламызда 85-ке жуық әйел бо­са­на­ды. Сондықтан балабақшаны көбейту — уақыт күттірмейтін та­лап.
«Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі»

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.


Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.
Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал - мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін туғызамыз.
Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.
Өз – өзіне қызмет ету;
- Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
- Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
- Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірде серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 - 3 жапырақ жинаған соң «жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмыс жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне баулыдым.
Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс - қимылы, балалармен, үлкендермен қарым - қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндерімздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым - қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата - анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады.Адамгершілік тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен келетіні анық. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» бекер айтпаған. Дана, ойшыл Абай атамыз бұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата - анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан».
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!
Тәрбиенің алтын бесігі - балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!Кері қайту

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет