Баланың балабақШАҒа бейімделуі дауылбаева Мархабат Жаңабайқызы



Дата02.02.2023
өлшемі17 Kb.
#167219
Байланысты:
БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІ


БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІ
Дауылбаева Мархабат Жаңабайқызы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №1 санаториялық бөбекжай- бақшасының педагог-психологі

Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделуі – әр балада әр түрлі қабылданады, жаңа ортаға бейімделу процессі - бұл жаңа ортаға бейімделу ғана емес күні бойы жаңа режімді, жаңа орта, жаңа қарым-қатынас сонымен қатар жаңа дағдаларын дамытуға балалар түрлі жолмен өтеді .


Осы кезеңде кейбір балалар ауыр, ал кейбіреулері жеңіл қабылдайды. Бейімделудің ауыр жолымен өткен кейбір балалардың бейімделуі 3-4 айға созылады. Жеңіл бейімделу кезеңі 1-2 күн болды. Ұзаққа созылған бейімделу кезеңі көптеген факторларға байланысты болады, мәселен, баланың денсаулығына, жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне, үйдегі ата-ана ықпалына т/б себептерге байланысты. Бұл кезде балаға тәрбиеші тарапынанда жеке қолдау керек, яғни балаға жақсы көңіл күй сыйлап ортаға қосу.
Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделуін, тамақтануы, ұйықтауы, өзгелермен қарым-қатынасы, сөйлеу әрекеті, ойын ойнаудағы белсенділіктері бойынша балаға жеке карта ашып бейімделу уақытын белгілеп баланың бейімделуі жайында ата-анамен бірігіп бірдей жұмыс жасалады.
Баланың балабақшаға бейімделуі әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде көрніс табады Балабақшада таныс емес адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайда бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкендермен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері мынадай:

  • басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен;

  • дәретке өзі отырып үйренбегендіктен;

  • кей тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

Балабақшаға бала қалғанда алғаш екі сағатқа ғана қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады. Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Қобалжуы қиын ата аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая түседі. Осы кезде ата-аналар балаға көмек берулері керек.
Ертеңгілік қоштасуларды жеңілдету тәсілдері:

  • Баламен тез қоштасып үйреніңіз, қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады;

  • Балаңыз сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, көрінбей қашып кетпеңіз;

  • Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін табыңыз және соны қатал ұстаңыз;

  • Балаңыз балабақшаға барғаны үшін алдарқатып ойыншық сатып алмаңыз;

  • Үйде балабақша күн тәртібін қатаң сақтаңыз.

Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай көндіру қиын болады. 1-2 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі. Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз. Үйдегі жағдайда баланың өз-өзіне қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз; жуыну, сүртіну, шешіну, өз бетінше тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану.
Киімдері міндетті түрде ынғайлы болуы шарт. Баланың «Социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп тіл табысатын болады. Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбінесе ата ана тарапынан болуы керек, оның өзіне керек екендігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді.
Қорыта айтқанда тәрбие тал бесіктен басталады, әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, ой-өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан-жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс– тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі балабақшадан басталып, мектепке жанжақты педагогикалық өрісін табады.
Педагог өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады. Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту мен тәрбиелеу мақсатында тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арнайы осы мақаламды ұсынып отырмын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Танымдық белсенділікті қалыптастыру-«Мектепке дейінгі тәрбие»
2. Жұмабекова Ф.Н. – «Мектепке дейінгі педагогика»- Астана , 2007
3. Отбасы және балабақша 2007 ж № 2, № 3, № 6,
4. Нұрмұхамбетова Т.Р . Тәжірибелік психология №І Шымкент 2006 .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет