Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес береді



Дата12.12.2021
өлшемі16,13 Kb.
#99709
түріСабақ
Байланысты:
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек


Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес береді

Баланың үйдегі атмосферадан бөлек бір ыңғайлы орын болуы керек. Мысалы, мектепте парта мен орындық болса, үйде тура сондай бір ыңғайлы кеңістік жасап қойған дұрыс. Үйдің үлкен-кішілігіне қарамай, міндетті түрде баланың орны болғаны абзал. Сонда оның оқуға деген ынтасы артады. Өз кеңістігінде отырған бала үйдегі жағдайларға көп алаңдамай, сабаққа зейін қоя алады".

Ата-аналар оқу процесіне араласпауы керек. Бала мұғаліммен бірге толығымен сабаққа енуі тиіс. Оны қайта-қайта түртпектеудің қажеті жоқ.

"Енді, ата-аналар үйде жүргеннен кейін құлағын түріп жүреді ғой. Дегенмен, оқу процесіне араласып, "мына жерде былай ғой, мұғалімнің айтып отырғаны осылай, оны неге түсінбейсің" деп, комментарий айтудың қажеті жоқ. Бала мұғаліммен бірге сабаққа толығымен енуі керек. Ал сырттан айтылған ескертулердің пайдасынан гөрі зияны көп"



Достарымен кездесуге жағдай жасау қажет


Онлайн сабақ бітсе де, балаға бірден ескерту жасау дұрыс емес. Соның орнына қосымша ақпарат іздеп, оған жаңа тақырыпты түсінуге көмектесу керек. Сол кезде баланың өз-өзіне деген сенімі артады.

"Әдетте, бала мектепке кеткенде ата-анасы оның сабақта қалай отырғанын және не істегенін көрмейді ғой. Баланың өзі мектепте болған жағдайдың жартысын айтса, жартысын айтпауы мүмкін. Енді, ол мінез-құлқына байланысты. Сондықтан онлайн сабақ біткеннен кейін де баланың мазасын алмаған дұрыс. Оның біліміне, сабақты түсіну қабілетіне күмән туғызу өз-өзіне деген сенімін төмендетуі мүмкін. Сол себепті ата-анасы барынша ұстамдылық танықтан жөн"

Негізі, онлайн оқу ол да бір жаңалық, өмірдегі өзгеріс. Ал кез келген өзгерістің жаман жағы болмайды, жақсы жақтары көп. Ата-аналар онлайн оқуды солай қабылдаса, баласы да оңай алып кетеді. Себебі, бала көбінесе, ата-анасының көзқарасын көшіреді. Сондықтан үлкендер "онлайн оқу да бір жақсы нәрсе, біздің дамығанымыз, балаларға да қолайлы, себебі жұмысы да сонымен байланысты болады, соған жасалған қадам, біз үшін тиімді өзгеріс" деп, іштей қарсыласпай, соған бағынса, баласы да жаңа жағдайға оңай бейімделеді".




Онлайн оқу кезінде бала жылап, сабақты оқи алмаймын деп жатады. Маманның айтуынша, бұның барлығы – ата-анасынан берілген көзқарас. Оқушылар мектептен кейін де кейбір тақырыпты түсінбей келеді. Себебі, біреу сабақта түртіп отыруы мүмкін, басқа бір себептер де болады. Ал онлайн оқу кезінде ондай кедергілер жоқ. Дегенмен, тақырыпты түсінбей қалған балаға барынша көмектесу керек, ары қарай өзі де алып кетеді. Өйткені, қазіргі балалар техниканы жақсы біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет