Барлық уақытта да реформа қиындықпен енетіні баршаға мәлім



Дата24.03.2020
өлшемі23,4 Kb.
Барлық уақытта да реформа қиындықпен енетіні баршаға мәлім.

Қазақстанның даму саясатында үштілділік саясаты бірнеше жыл бұрын қолға

алынған. Назарбаев зияткерлік мектептері, дарынды балаларға арналған

қазақ түрік лицейлерінде, басқа да ақылы мектептердің оқушылары оқуын

тәмамдағанда бірнеше тілді меңгеріп шығатынының куәсі де болып жүрміз.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының

төртінші басымдығында «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі

қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі –

жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90%

ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2

есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық

прогреске жете алмайды»-делінген. Осы орайда Білім және ғылым министрі

Ерлан Сағадиевтің халық алдына берілген есебінде «Үштілді білім беру

кезінде негізгі басымдық қазақ тіліне беріледі. Біз бүкіл жаппай халықтың

қазақ тілін меңгергенін көздейміз.Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінен бөлек Қазақстан тарихы да тек қазақша оқытылады. 2019 жылдан бастап

химия,биология,физика және информатика сабақтары жоғары сыныптарда

таза ағылшын тілінде өтеді. Ал орыс тілі,литература, дүние жүзі тарихы

сияқты үш пән барлық мектептерде орысша жүргізіледі»-деген болатын. Білім

саласында жаңашылдық,өзгерістер мен реформалар жиі болуы-қалыпты үдеріс

деп ойлаймын. Өйткені әлем күн сайын өзгеруде,заман талаптары жоғары,

сондықтан біз заманның ағымына ілесіп,жаңашылдықпен жаңарып

отыруымыз керек.


Үштұғырлы тіл- өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын

бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтін отырған. Бірнеше тілде сөйлей де жаза да

білетін азамат өз елінде де, шет елдерінде де бәсекеге қабілетті тұлғаға

айналары сөзсіз.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті сұхбатында: «Тілді байытуымыз керек.

Халықаралық тілдерменен байытсақ тіліміз байыйтын болады. Қорқудың еш

қажеті жоқ. Дүние жүзінің 70% халқы ағылшын тілін қолданады. Неге оны қолданады? Ғылым мен білімнің өркендеп өскені, ақпараттық құралдардың,

интернеттің тілі, медицинаның тілі, ғылымның тілі, мәдениеттің тілі-ағылшын тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ өмір сүруімізге болады деуге әрине болады.

Бірақ та, ағылшын тілінде шығып жатырған білімді онда білмейсің. Оны білмесең өркендеп өсуің, болашағыңа балта шабасың. Сондықтан қалайда біз өркендеп өсіп мемлекетімізді болашаққа қарай итермелеп, экономикасын көтеретін озат 30

елдің ішіне кіреміз деп отырғанда біздің жастарымыз ағылшын тілін

білмесе....Егер біз үштұғырлы тілді болатын болсақ біздің жолымыз ашық болады»-деген болатын. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру

мүмкіндігін арттыратын жағдайдың бірі - үш тілді қатар меңгеру. Үш

тілді меңгеріп әлемнің кез келген бұрышында адамдармен ортақ тіл табыса

білетін жастарымызды оқыту негізі-мектепте қалануы тиіс.


Тіл білу-заман талабы. Ағылшын тілін балабақшадан бастап үйреніп, оны

мектепте әрі қарай оқып жетілдірсе, жоғарғы оқу орындарына әсіресе тіл

білгендіктен балалар шет елдерде оқып,білім алуға мүмкіндігі зор. Баласының

ағылшын тілін жетік меңгергенін барлық ата-ана қалайды. Балалардың мектеп

бітіргенде үш тілде сайрап тұрғаны мектеп пен ата-ана үшін де,мемлекетіміз

үшін де зор мәртебе.Үш тілде 11 жыл бойы білім алған оқушы мектеп бітірген соң еркін сөйлей алып, өзі қалаған әлемнің белгілі оқу орындарынан білім

алып, білікті маман атанып,елімізді көркейтуге өз үлесін қосса деген үлкен

міндет тұрғандай.


Қанша тіл білсең өзгеден соншалықты биіксің немесе қанша тіл білсең сонша

адамсың демекші, кең байтақ өсіп өніп келе жатқан осындай тәуелсіз елімізде жас ұрпақтың және біз секілді жастардың үш немесе оданда көп тілді меңгеруі тиіс

деп ойлаймын. Жаһандану дәуірінде ғұмыр кешіп отырған қазіргі жас

ұрпақ үшін көптілді меңгеру аса маңызды міндеттердің бірі. Себебі адам

баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі бәрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни сөздік қоры бай, ұшқыр ойлы ұрпақ қана келешегімізді кемелдетпек.

Алтынсарин атындағы білім беру ұлттық академиясының вице – президенті Мариам Мұқатаева : «2017 – 2018 жылдары бесінші сыныпқа бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқығандар келеді. Осы кезеңнен бастап жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады. Ағылшын тілі сабағында төрт пәннің материалы қолданылады. Бесінші сыныптан бастап осы пәндердің терминологиясын ағылшын тілінде оқыту басталады.»


Мемлекет тарапынан педагогтердің біліктілігін арттыру әркез жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған

жол картасы» аясында өзге мұғалімдер секілді менде ағылшын тілінен

алған базалық білімімді әрі қарай жетілдіріп «Евразия» тілдер және

менеджмент институнда ұйымдастырылған курстан өттім.

Информатика ағылшын тілінде оқытудың ана тілінде оқытудан ерекшелігі информатика терминдерді ағылшын тілінде енгізу, әртүрлі пәндегі бір ғана терминдердің ағылшын тіліндегі мағынасы түрліше болатынына оқушылардың назарын аудару. Сонымен бірге зертханалық жұмыстарда қолданылатын құралдардың , компьютерлік құрылғылардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білу, есептердің шығарылуын ағылшын тілінде түсіндіре білу, сабақты бекіту кезеңінде сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру, алынған нәтижені түсіндіру, сәйкес қорытынды жасау қажет.

Оқушылар бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілін оқығанына қарамастан физика пәнін ағылшын тілінде оқыту елеулі қиындықтар туғызады. Қиындықтардың бірі ағылшын тіліндегі жалпы орта білім берудің міндетті стандартына сәйкес информатика оқулығы жоқ, ағылшын тіліндегі есептер жинағы жоқ. Қазіргі таңда біз үшін бірінші қажеттілік терминдерді енгізу мәселесі. Осы орайда курс барысында алған информатика пәнінен терминдер жинағымен өздеріңізбен бөліссем деймін.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін компьютерлік терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Сонымен қатар оқушы 7сыныпта тақырыптың соңында 6 сөзден жаттаса, 8сыныпта 8 сөзден , ал 9сыныпта 10 сөз жаттаса, оқушылар осы 3 жылдың ішінде барлығы 1632 сөз жаттайды.

Соның нәтижесінде 10-11 сыныпта информатика пәнін толық түрде ағылшын тілінде өтуге мүмкіндік береді.
Информатиканы ағылшын тілінде оқыту үрдісінде оқушылардың әр тоқсандағы алған білімінің нәтижесін қадағалау мақсатында уақыт қорынан әр тоқсанда 1 сағат бөліп, оқушылардың терминдерді меңгеру мүмкіндігін тексеруді ұсынамын.
Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуға көшудің қадамдары:


  • Теория (қазақ тілінде)

  • Есеп (ағылшын тілінде)

  • Сөздік ( терминдерді қазақ тіліне / ағылшын тіліне аудару)

  • Экспермиенттік тапсырма (ағылшын тілінде)

  • Тест ( ағылшын тілінде)

Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылына дейін жаратылыстану пәндерінің

мұғалімдері ағылшын тілін толықтай меңгеріп үлгере ме?- деген қоғамда

үлкен сұрақ туындауда. Менің ойымша,адам ешқашан бір нәрсені үйренуден

қорықпау да,қашпау да керек секілді.Көз қорқақ,қол батыр деген. Адамзат

біліп тумайды, бәрін жүре бара,өсе келе үйренеді емес пе,барлық қорқынышты

жойып,үйренуге деген құштарлықты арттырып,мақсат қоя білу керек. Ал,

үйренемін дейтін адамға қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Ғаламторда

қаншама үйден шықпай-ақ дайындалатын бейнесабақтар, онлайн курстар,

сөздіктер мен оқулықтар бар.Ғаламтор жүйесіне қосылу бәріне қолжетімді

болмаса да,ұялы телефондарды барлығы қолданады.Ұялы телефондарына

ғаламтор желісін қоспайтын адам қазір кемде кем.Телефондағы «плэй маркет»

жүйесінде ағылшын тілін меңгеремін деген адамдарға сөздіктер,

аудиосабақтар мен аудиокітаптар енгізілген.Осындай мүмкіндіктерді тиімді

пайдаланып,әр мұғалім курстан бөлек үйден қосымша дайындалса тезірек

үйреніп кетеріне сенімдімін. Біз мұғалімдер жалпы үнемі ізденіс үстінде

жүретін халықпыз.Заманның қарқынды дамуына ілесіп, жас ұрпаққа сапалы

білім беру жолында әр күн сайын еңбектеніп,жаңа нәрсені үйренуге,

жаңашылдыққа ұмтыламыз.
Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар жол десек,үш тұғырлы тіл-бәсекеге қабілетті ұлт болудың игі бастамасы.Үштілді меңгерген жас ұрпақтың

болашағы жарқын,алар асуы мен бағындырар белесі мол болары хақ.

"Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп" ММ

Баяндама:


«Информатика пәнін ағылшын тілінде окытудағы алғашқы қадамдар»

(Аудандық тамыз кеңесі)


Дайындаған: Ибраева З.Б




2018 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет