Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс естегілер Отаншылдық»



Дата27.12.2016
өлшемі125,42 Kb.
#5400





Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс... естегілер... Отаншылдық» тақырыбында өтетін Республикалық байқауға төмендегі шығармалармен фотосуреттерді ұсынады.


Аудандық білім беру бөлімінің бастығы А.Сапаров

Л.Қлышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Шығарма

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды


Орындаған:

Бескалиева Айгерім.

8асынып оқушысы.

Тексерген:

Боранбаева Ш.К.



Шығарма
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды
Мен соғысты көргенім жоқ, кеш мені,

Қаралы жыл қасіретін жырламадым кеш келіп.

Бірақ, мынау мұң танымас ұрпағыңның өскені

Емес пе ел жадында қанды жолдың өшкені.

Мен соғысты көргенім жоқ.Мен тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмірде дүниеге келдім.Соғысты тарихтан білемін.Мен соғысты нағашы атамның естеліктерінен, әңгімелерінен тыңдап, атамның өзі сияқты соғыс ардагерлерінің әңгімесінен білемін.Біздер соғысты кинодан көріп, кітаптан оқып білеміз.Көзімнің алдына С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі есіме түссе, әкесі соғыстан қайтпаған кішкентай Аянның өксігі, әйелдер, жас балалардың күні – түні жұмыс істеуі, аштыққа, суыққа қарамауы көзге елестейді.

Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа – тұс келген нағашы әжемнің соғыс жылдарындағы көздерімен көрген неше алуан оқиға көріністерін қинала әңгімелейтін еді.Міне, мұның бәрі менің көз алдымда бір заманда болған ертегідей.

Биыл – Ұлы Отан солғысының аяқталғанына 65 жыл.Соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.Сол жылдар жаңғыры адамзат жүрегін әлі сыздатуда.Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған соғысқа қатысқан аталарымыз ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды.

Соғыс – адам басына келген қайғы мұң.1941 жылы 22 маусымда басталған.Ұлы Отан соғысы адамзат баласына үлкен қасірет әкелді.Соғыста миллиондаған адамдардың өмірі қиылды.Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты Кеңес Одағы халықтарының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы тұрды.Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы атамыз, батыр қыздар Мәншүк пен Әлия, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың ерліктерін неге ұмытамыз?!Бұлар біздер үшін үлкен мақтаныш!



9 мамыр – «Жеңіс күні» - мен үшін бір үлкен мейрам, мереке болатын.Мен ес білгелі нағашы атамның үйінде дастарқан жайылып, соғысқа қатысқан ауыл ардагерлері бас қосушы еді.Соғыс туралы әңгіме айтып, жастар соғыс туралы патриоттық әндер айтатын.Атам ордендерін тағып,бір ерекшеленіп кететін.Өкінішке орай, атам қазір жоқ.Атам Галиев Сүлеймен 1918 жылы Шыңғырлау ауданының Марксизм ауылында дүниеге келген. Әке – шешесі ерте қайтыс болып, 5 жасынан жетім қалады.Украина жерінде әскери борышын өтеп жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады.Осы жерде соғысқа алынады.«3 Украина» майданында соғыста болады.Венгрия, Австрия, Румыния, Чехословакия елдерін азат етуге қатысады.Екі рет жарақат алады.Вена қаласында ұзақ жатып емделеді.Румынияда жасалған протез тісі таң қаларлықтай болатын.Атам соғысқа бастан – аяқ қатысып, 1946 жылы соғыстан оралады.Көптеген медальдармен марапатталған.Атам соғыс және еңбек ардагері.Атамды әлі ауылдастары мақтан тұтып әңгімелейді.Міне, ата – бабаларымыз сыйға тартқан бақытты өмірімізді қорғау - әрбір саналы азаматтың, біздердің борышымыз.Қан мен тер, қиылған өмір арқылы келген бостандық – тарихи шындық.Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміз ешқашан да,ешуақытта естен шықпайды, ұмытылмайды.Біздер соғыстың,оның сұмдықтарының, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған ардагерлерімізді ұмытуға қақымыз жоқ.Барлығын есте сақтауға міндеттіміз.Аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата – анамыз әрқашан қасымызда болсын! - деп тілеймін.



Каталог: Pobeda
Pobeda -> Шығарма «Жеңіс, ес, отаншылдық»
Pobeda -> Павлодар облысы Екібастұз қаласы
Pobeda -> Сочинение. Казахстанцы в Великой Отечественной войне. Война святее нету слова, в тоске и славе этих лет
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Pobeda -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет