Баяндама «Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар»



бет1/4
Дата06.02.2022
өлшемі53 Kb.
#63944
  1   2   3   4

Баяндама
« Балабақшада мемлекеттік тілді меңгеруде қолданатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар»
«Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі- тіл, бірі- дінің жүректегі»
Жүсіп Баласағұни

Егеменді ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге,мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы балалардың ( басқа ұлт өкілдері балаларының) қазақ тілін меңгеруге қойылатын мақсаты:



  1. Басқа ұлт өкілдерінің балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.

  2. Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.

  3. Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.

  4. Сабақта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықтыру, мазмұнын түсініп, айтуға үйрету.

  5. Ұсынған ойын-тапсырмаларды дұрыс орындау, не істегені туралы айтып беруге үйрету.

  6. Байланыстырып сөйлеуге, шығармашылыққа ( өздігінен 4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыруға үйрету. Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету.

  7. Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту.

  8. Қазақ тілінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

  9. Айналадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін қазақша айтуға үйрету.

  10. Қазақ ертегілерін, әңгімелерді тыңдап түсінуге, мұғалімнің жетекші сұрағына сүйеніп әңгімелеуге үйрету.

Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауызша сөйлеу. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Сабақта әр түрлі технологияларды қолданады.
Сол технологияның бірі- ойын арқылы оқыту технологиясы.Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни оқу іс-ірекеттің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан- жақты тұлға дамиды.
Кез келген халықтың ұлттық қазынасы- тіл болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру- баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тііл үйренудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру. Шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін ойын технологиясын пайдалану қажет.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін ойын арқылы оқыту технологиясын қолданамын.
Мақсаты: Бүлдіршіндерге күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тіірек сызбалар арқылы қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет