Бегалина Даметкен Балгужиевна
Көкшетау қаласы, №5 көппрофилді «Тандау» мектеп – гимназиясының
қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
Сабақтың білімділік мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің білімдар, ақылғой, ойшыл, зиялы ірі тұлға екенін білім алушыларға жеткізу, жай сөйлемнің түрлері бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Шәкірттердің ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге және сауатты болуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке , ізгілікке балу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілі СТО (сын тұрғысынан ойлау техналог. стратегиялары)
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, сөйлесу.
б) сабақтың мақсатын айту
«Шаттық шеңбер». (Психологиялық сәт)
Мұғалім мен оқушылар шеңбер құрып, бір біріне алма кезең өз тілектерін білдіреді. Психологиялық сәттен кейін оқушылар аса сергектікпен сабаққа қатысады.
Оқушылардың қызыл, сары, көк түс таңдауларына қарай үш топқа бөлеміз, топ басшыларын сайлаймыз. Топ басшысы топтағы балалардың еңбектерін бағалайды.
Қағазда бүгінгі сабақта болатын тапсырмалар жазылған, әрбір оқушының тапсырма бойынша алған бағасын қойып отырады, ең жоғарғы баға «5», мұғалім өзіде қадағалап отырады.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл. Әр топ тақтадан үш түстің бірін таңдайды, қызыл, сары, көк. Түстердің тапсырмалары әр түрлі.
1 топ – Өткен сабақ «Көкшетау» мазмұндау, мәтінін б-ша.4-сұрақ.
2 топ – жай сөйлемнің түрлері, ережесін айту.
3 топ – жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіру.
Балалардың жауабын тыңдаймын. Әрбір топтан шығып тапсырма бойынша жауап береді.
Тақтада сөйлем шығады: Ол балалар үшін көп әңгіме, өлеңдер жазған.
Мұғалім: Балалар, бұл қандай сөйлем? Жай сөйлемнің қандай түріне жатады? Балалар, кім туралы айтылады, қалай ойлайсыңдар?
Балалар, бүгінгі сабағымыз Ыбырай Алтынсарин туралы болады.
III. Жаңа сабақ. Лексикалық тақырып Ыбырай Алтынсарин.
Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-ұстаз, этнограф-ғалым, тұңғыш оқулық – хрестоматияның авторы. Ыбырай Алтынсарин 1841 ж 20 қазанда қазіргі Қостанай өңірінде дүниеге келген.
Балалар, тақтаға көңіл бөліңіздер, видео (6-7 мин) Ыбырай Алтынсариннің өмірі жайлы.
IV. Кітап бойынша жұмыс. Мәтіндегі бейтаныс сөздермен танысу, хормен оқу. Бейтаныс сөздермен сөйлем құрастыру. Мәтінді оқушыларға оқыту. Түстерді таңдай отыра мәтін бойынша тапсырмаларын орындайды (тақтада түстер көк, сары, қызыл)
топ Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын айтады.
топ Ыбырай Алтынсариннің шығармалары жайлы әңгімелеу.
топ Шығармаларының тақырыбы жайлы әңгімелеу.
Таңдаған тапсырмалар бойынша балалар дайындалады.
2 тапсырма. Әрбір топ тақырыптары бойынша үш сұрақтан құрастырады.
Сұрақтарын топ арасында ауыстыра отырып жауап береді.
Бірінші топтың сұрағына екінші топ жауап береді. Екінші топтың сұрағына үшінші топ жасап береді. Үшінші топтың сұрағына бірінші топ жауап береді.
3 тапсырма. Граматика. Түстерді таңдай отыра тапсырмалар алады, морфиологиялық талдау парыз, атақы, синтаксистік талдау сөйлем. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы туды.
4 тапсырма бүгінгі тақырыпқа байланысты «Бес жолды өлең» құрастыру.
Әрбір топ құрастырады.
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
сөйлем синоним.
5. Рефлексия
Жасыл түсті стикергемен жақсы түсіндім, қызықты болды, сары - сұрақтар бар, ойланамын , қызыл түсті - түсініксіз болды деп жазып береді.
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы сөздерді жаттау әңгімелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |