Ф.7.02-07
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректор
__________ Ажидинов А.С
«_____» __________20___ ж.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша
Шымкент, 2016 ж.
Элективті пәндер каталогы – студенттің білім алу траекториясын өздігімен және икемді белгілеу мүмкіндігін қалыптастыру үшін таңдау бойынша компоненттер құрамына кіретін пәндердің тізімі. ЭПК-нда «5В011500 – Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша пәндер бағдарламасының қысқаша мазмұны сипатталған.
ОҚПУ студенттері мен оқытушыларына арналған.
Құрастырушылар: аға оқытушы Султанкулова Қ.А., з.ғ.к. Имашев Б.Е., з.ғ.к. Бейсебаева С.Б., Жармағанбетов Н.
Кафедра мәжілісінде қаралып, талқыланған (хаттама № 1, «26» 08. 2016 ж.).
Кафедра меңгерушісі: Уйсынбаева К.М.
Элективті пәндер каталогы жұмыс берушілермен келісілген:
Налиханова Қ.Ү. - №26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназия директоры
Медетова А. – жоғары санатты мұғалім
Факультетінің әдістемелік комиссиясы мәжілісінде мақұлданған:
(хаттама № 1, «27» 08. 2016 ж.).
Әдістемелік комиссия төрайымы: Ақылбаева Г.И.
Элективті пәндер каталогы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Оқу – әдістемелік Кеңесінің мәжілісінде бекітілген: (хаттама №1, «29»08. 2016 ж.).
СТУДЕНТКЕ ЖАДЫНАМА
Құрметті Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті!
Сіздің қолыңызда – Элективті пәндер каталогы! Бұл – элективті оқу пәндерінің жүйелі аннотацияланған тізімі. Каталог Сіздің білім алу траекториясын жан-жақты қалыптастыруыңызға, өз бетіңізбен шапшаң әрі икемді етіп таңдауыңызға мүмкіндік беру мақсатында құрастырылған. Бұл – Сіздің жеке оқу жоспарын құрастыруға көмекшіңіз.
Оқытудың кредиттік технологиясы барысында барлық оқу пәндері 3 циклге бөлінеді: Жалпыға бірдей пәндер (ЖБП), Негізгі пәндер (НП) және Кәсіби пәндер (КП). Осы цикдардың әрбірінде оқу пәндері іштей екіге жіктеледі: Міндетті компонент және Таңдау бойынша пәндер (элективті, яғни таңдалатын оқу пәндері).
Міндетті компоненттің пәндері Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген және осы мамандықтың барлық студенттерінің меңгеруіне міндетті.
Элективті оқу пәндері Сізге кафедралар тарапынан ұсынылады. Элективті оқу пәндерінің жалпы тізімінен Сіз өзіңізге қызықты деп танылған пәндерді таңдай аласыз. Осылайша, Сіздің оқу пәндерінің әрбір циклы бойынша жеке оқу жоспарыңызға 2 тарау ендіріледі: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).
Элективті пәндер каталогының көмегімен Сіздің жеке оқу жоспарыңызға ендіру үшін пәндерді қалай таңдайсыз?
Тізімнен Сіздің оқу семестріңізді тауып алыңыз.
Типтік оқу жоспарында элективті оқу пәндеріне қанша кредит бөлінгенін есте сақтаңыз.
Элективті оқу пәндерінің толық тізімімен танысып алыңыз. Назар аударыңыз: оқу пәндері сәйкес нөмірлері бар таңдау бойынша курстарға біріктірілген. Элективті пәндерді әрбір тобынан тек бір ғана элективті оқу пәнін таңдауға болады.
Сізді қызықтырған элективті оқу пәндерінің сипаттамасын оқып шығып, содан кейін таңдау жасаңыз.
Сіздің таңдаған кредиттер саны Типтік оқу жоспары бойынша талап етілген кредиттер санымен сәйкес келуін тексеріп шығыңыз.
Элективті пәндер каталогын таңдауға Сізге эдвайзер (тәлімгер) көмек бере алады.
№
|
Пәннің коды
|
Пән атауы
|
ҚР бойынша кредит саны
|
ECTS бойынша кредит саны
|
Сместрі
|
Пререквизиті/ постреквизиті
|
Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны
|
Дублин дескрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері
|
Құзыреттері
|
1
|
TKN/OBZh 1104
|
а) Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
|
2
|
3
|
1
|
Пререквизиттер: –
Постреквизиттері: Құқық негіздері, Еңбекті қорғау, Еңбек шарттары
|
Пәннің мақсаты: Студенттерді тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен таныстыру. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдардан халықты, қоршаған ортаны қорғау және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып үйрету.
Пәннің мазмұны: төтенше жағдайларды жіктеу. Табиғи және техногендік сипаттағы апаттар туралы түсінікті қалыптастыру және одан қорғану, шығу жолдарын қарастыру, меңгеру. Зиянды заттар, улы заттар және қорғаныс құралдары туралы мәліметтерді қарастыру.
|
Білімі мен түсінігі:Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәнінен-өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі білім беру, үйрету, оның ережелері мен нормаларымен таныстыру. Сонымен бірге қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы әсерінен, сондай-ақ дүлей зіл-зала, ірі авариялар және апаттардан қорғау шаралары туралы білімі мен түсінігін көрсете білу.
Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін- қауіп қатерді тани білуде, яғни оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін болған зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіншілігін, сонымен бірге болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алуда, дұрыс шешім қабылдауда қолдану.
Пайымдаулар:Төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың түрлерін ескере отырып пайымдаулар жасауға қажетті ақпарттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.
Коммуникативтік қабілеттілік: төтенше жағдайлардан шығу және болған жағдайда білікті іс-әрекет орындау, денсаулықты қорғау және нығайту үшін алдын ала жасалатын іс-шараларды кез-келген маман иесіне жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша алған білімдерін одан әрі дамыту, өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер:
Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей алады;
Қауіпсіздікті ұйымдастыру практикалық шараларын қолданады;
Қауіп қатерді тани біледі;
Болғалы тұрған қауіп қатердің алдын алады;
Қауіп қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрект жасай біледі;
Өмір сүру ортасына қауіп туғызатын элементтін анықтайды;
Адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлейді;
Ақпараттарды іздеудің, жинақтаудың, талдаудың, өңдеудің және берудің әртүрлі әдістерін біледі; Адамның адамға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды біледі.
|
2
|
ETD/EUR 1104
|
б) Экология және тұрақты даму
|
2
|
3
|
1
|
Пререквизиттер: –
Постреквизиттері: Еңбекті қорғау, Құқық негіздері, ҚР азаматтық құқығының негіздері
|
Пәннің мақсаты: табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру. Биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.Адам, қоғам табиғат арсындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресустарын тиімді пайдалануды адами-экологиялық тұрғыдан негіздеу.
Пәннің мазмұны: Тұрақты дамудың концепциялары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.
Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, жаһандық экология.
|
Білімі мен түсінігі: Соңғы жылдары пайдалы қазба қорлардың азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануыныңи айрықша белең алып отырғандығына, кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлығы соншалық адамдардың денсаулығының бұзыла бастағандығының себептерін оқып үйретуде білімі мен түсінігін көрсете білу.
Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін- қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресустарын тиімді пайдалануда дұрыс шешім қабылдауда қолдану.
Пайымдаулар: табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу.
Коммуникативтік қабілеттілік:
социумды апаттық кризистарсыз дамыту және тұрақты дамудың заңдылықтарын қалыптастыра білу.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Алынған білім-дерін экологиялық тапсырмаларды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.
|
Арнайы құзыреттер:
Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя біледі;
Тұрақты даму идеяларын жүзеге асырады;
Биосфераның даму заңдылықтарын сақтайды;
Тұрақтылығын сақтау жағдайларын біледі.
|
3
|
RK/RP 1201
|
а) Рим құқығы
|
3
|
5
|
1
|
Пререквизиттер: –
Постреквизиттер:
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы, Мемлекеттік қызмет және басқару, ҚР азаматтық құқығының негіздері, ҚР қылмыстық құқығының негіздері
|
Пәннің мақсаты: Рим құқығы дүниежүзілік заңнама мен құқықтанудың дамуына әсер етті. Әрбір сауатты заңгер Рим құқығымен танысуға тиіс. Бұл пәннің мақсаты - осы кезде халықаралық құқықта түрлі мемлекеттердің сауда және басқа азаматтық қатынастарында қолданылатын Рим құқығынан бастау алған заң термин сөздерін меңгеру болып табылады.
Мазмұны: Рим құқығы Рим мемлекетiнiң құл иелену құқық тұсындағы құқығымен айқындалады. Рим құқығының барлық жүйесi шет мемлекттердiң тарихи құқығы курсында оқытылады. Римнiң азаматтық құқық негiздерi пәнi мүлiктiк құқықтың маңызды мәселеллерiмен, сонымен бiрге отбасылық құқықтың қағидаларын Абсолюттiк монархия тұсындағы мезгiлiн қамтиды.
|
Білімі мен түсінігі:
Құқықтық және демографиялық мемлекет құндылықтарын білу.
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
құқықтық түсініктерді қалыптастыруды, алған білімін нақты ұсыныстармен ұштастыра білу.
Пайымдаулар:
құқықтық білімдермен және түсініктермен тарихи тұрғыдан бағалау жүргізу.
Коммуникативтік қабілеттілік:
Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізе білу.
|
Арнайы құзыреттер: Құқықтық білім негіздерін меңгере алады;
Жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып алған білімдерін қолдана алады.
|
4
|
KMKT/
PKPV 1201
|
б) Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие
|
3
|
5
|
1
|
Пререквизиттер: –
Постреквизиттер: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы, Мемлекеттік қызмет және басқару, ҚР азаматтық құқығының негіздері, ҚР қылмыстық құқығының негіздері
|
Пәннің мақсаты: Қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алатын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Мазмұны: Құқықтық білімдер жүйесінде құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие негізгі орындардың бірін алады, себебі құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні. «Құқық негіздері» заң мамандығын алатын студеттерге арналған құқық теориясының негізін, Қазақстан Республикасының заң шығарушылығын түсіндіретін жүйелі оқу курсы.
|
Білімі мен түсінігі:
Нормативті жағдайларда іске асырылатын осы қызметтің кәсіптік және қоғамдық мәнін түсіну;
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
Алған білімін нақты ұсыныстармен ұштастыра білу.
Пайымдаулар:
Этикалық және ғылыми көзкарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.
Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтауды, оның құндылығын ұғындыру, түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізе білу.
|
Арнайы құзыреттер: Құқықтық білімдер жүйесінде құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие негізгі орындарда, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын қолдана алады.
|
5
|
KRMKT/ IGPRK 1202
|
а) ҚР мемлекет және құқық тарихы
|
3
|
5
|
1
|
Пререквизиттер: -
Постреквизиттер:
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, ҚР азаматтық құқығының негіздері, ҚР қылмыстық құқығының негіздері
|
Пәннің мақсаты:
ҚР мемлекеті мен құқығының жүйелері мен институттарын – білу, сол арқылы ұлттық жүйені дамыту, және оның алдында тұрған күрделі ғылыми мәселелерді шешу
Мазмұны: ҚР мемлекет және құқық тарихы ұлттың бір жақты нұсқаудың шеңберінен шығып, тарихты, құқықты кең аяда зерттеге жол ашады. Ұлттық құқықтық жүйе мен шет елдердің құқытық жүйесінің арақатысын анықтау әр түрлі мемлекеттірдің ұлттық, құқықтық жүйесінінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Түрлі құқықтық жүйелерді зерттеу, әр елдің құқығының даму жолдары мен ерекшеліктерін түсінуге көмектесумен қатар, өз елінің заң ғылымдарын дамытуға құқықтық шындық туралы жаңа теориялық білім ғана емес, ұлттық құқықтың даму тұжырымдамасын жасап қалыптастыру да қолданылады.
|
Білімі мен түсінігі: Нормативті жағдайларда іске асырылатын осы қызметтің кәсіптік және қоғамдық мәнін білу.
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
жалпы білім жүйесінде заң пәндерінің өзара байланысы және құқықты кәсіби қызметте іске асыра білу.
Пайымдаулар:
әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.
Коммуникативтік қабілеттілік:
жеке заң мамандықтарының кәсіби қызметінің ізгілікті
аспектілерін, моральдық-этикалық құндылықтарды меңгеру.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Заң саласындағы түрлі мамандардың кәсіби этикасы спецификасының қажеттілігін негіздеу.
|
Арнайы құзыреттер:
ҚР мемлекеті мен құқығының жүйелері мен институттарын біледі, сол арқылы ұлттық жүйені дамыту және оның алдында тұрған күрделі ғылыми мәселелерді шеше алады.
|
6
|
HKN/OMP 1202
|
б) Халықаралық құқық негіздері
|
3
|
5
|
1
|
Пререквизиттер: -
Постреквизиттер:
Құқық негіздері, Шет елдердің конституциялық құқығы, Сыртқы экономикалық қызметтерді құқықтық реттеу
|
Пәннің мақсаты: халықаралық жеке құқық жеке құқық саяасат ретінде, заң ғылымының саласы ретінде және дербес оқу пәні ретінде тек XIX ғ. жартысында қалыптасты. Ал Қазақстан Республикасында халықаралық жеке құқыққа деген қызығушылық тек қоғамымызда саяси және әкономикалық өзгерістер енгізіле бастағаннан бастап пайда болды. Халықаралық жеке құқық ұлттық құқық болып табылады, бірақ ол халыкаралық жария құқығы мен шетел құқығымен тығыз байланыста жүріп отырады. Халықаралық құқық пен жария құқығының мақсаты бір - әр түрлі саладағы халықаралық қызметтестікті күшейту. Бірақ халықаралық жария құқыкта басты орынды мемлекеттердің саяси қарым-қатынастары басымдыққа ие. Бұл пәнді оқытудың мақсаты болып халықаралық сипаттағы жеке қатынастарды зертгеу болып табылады. Пәннің мазмұны: жеке сала ретінде азаматтық құқықты оқыту барысында халықаралық құқықта жеке құқықтық қатынастарды реттеу жөнінде білім беру. Бұл пәннің міндеті болып - студенттердің мына білімді игеруі табылады: халықаралық жеке құқықты Қазақстан Республикасының дербес кұқық саласы ретінде қарастыру; халықаралық сипаттағы жеке құқықтық қатынастарды реттейтін қазақстандық заңдылық пен халықаралық шарттар жөнінде мағлұмат беру; қазақстандық заңдылыктың коллизиялық нормаларын түсіндіру мен қолдану.
|
Білімі мен түсінігі: Бұл пәнді оқыту барысында алынған білім базалық заң білімін алу үшін қажетті. Әрбір тәжірибеленуші заңгер халықаралық жеке құқық бойынша негізгі білімді қажет етеді. Білімі мен түсінігі н қолдана білу: Халықаралық жеке кұқыктың басты мазмұны болып - әр түрлі мемлекеттердің бір мәселеге байланысты құқық нормаларының арасындағы коллизиялық проблемаларды жою танылады. Курсты оқыту барысында студенттер халықаралық сипаттағы жеке құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің нысандары мен әдістерін зерттеу. Пайымдаулар: Оқыту барысында халықаралық сот және арбитраждық тәжірибесі де қарастыру. Коммуникативтік қабілеттілік:
жеке заң мамандықтарының кәсіби қызметінің ізгілікті
аспектілерін, моральдық-этикалық құндылықтарды меңгеру.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Заң саласындағы түрлі мамандардың кәсіби этикасы спецификасының қажеттілігін негіздеу.
|
Арнайы құзыреттер:
Халықаралық құқығының жүйелері мен институттарын біледі, сол арқылы халықаралық жүйе алдында тұрған күрделі ғылыми мәселелерді шеше алады, қазақстандық заңдылық пен халықаралық шарттар жөнінде мағлұмат алып, қазақстандық заңдылыктың коллизиялық нормаларын түсіндіру мен қолдана алады..
|
7
|
EN/OE 1105
|
а) Экономика негіздері
|
2
|
3
|
2
|
Пререквизиттер: –
Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Мемлекет және құқық теориясы, Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Постреквизиті:
ҚР еңбек құқығы, Менеджмент негіздері, Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі, Экономиканы мемлекеттік реттеу
|
Мақсаты: «Экономика негіздері» курсы Қазақстан территориясында болған тарихи-экономикалық оқиғаларды іргелес елдердегі халықтардың тарихымен өзара байланыстарын көрсететін Отандық тарихтын басты және жалпы бағыттарны анықтап беруі тиіс.
Мазмұны: Қазақстан экономикалық тарихы - бағдарлама ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи-экономикалық процесстерді қамтиды.
|
Білімі мен түсінігі:
Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
Пайымдаулар:
әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып,
пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер: Қазақстанның экономикалық тарихы бойынша теориялық әдістемелікті міндетті түрде біледі; экономика саласын тарихи тұрғыдан зерттеу негіздері мен құрылымын біледі;
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік даму заңдылықтарын анықтай біледі; қорытынды жасауды біледі; экономикалық білім негіздерін меңгере алады;
диалектикалық дамудың мақсаттары мен әдістерін біледі;
заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе біледі.
|
8
|
KN/OP 1105
|
б) Құқық негіздері
|
2
|
3
|
2
|
Пререквизиттер:
Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекет және құқық тарихы
Постреквизиттер:
ҚР еңбек құқығы , Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі, Мәдениет және дін, ҚР азаматтық құқығының негіздері
|
Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алатын студенттерге құқық негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Курстың мазмұны: «Құқық негіздері» мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні.
|
Білімі мен түсінігі:
«Құқық негіздері» Қазақстанның құқық жүйесі және оқушылардың әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік – құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік – құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі түрде қарастырады.
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
Пайымдаулар:
құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу; адам және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуді меңгеру;
Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер: Құқық негіздері пәні бойынша мемлекет идеяларын іске асыра алады, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын шеше алады; нақты құқықтық жағдайларды өз бетiнше кең ауқымда талдай бiледі; қоғамдық- құқықтық қатынастарға талдау жасап, өзара байланыстарды аша алады.
|
9
|
МD/КR
1204
|
а) Мәдениет және дін
|
3
|
5
|
2
|
Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие Постреквизиттер:, Әлеуметтану, Саясаттану, Философия ҚР азаматтық құқығының негіздері
|
Пәннің мақсаты: Қазіргі таңғы әлемдік және отандық мәдениет дамуында бүгінгі күнгі қалыптасқан күрделі мәселелер мен оны шешудің жолдарымен, ҚР және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып жастардың бойына мәдениет пен діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау. Мазмұны: Мәдениет және дін – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Ол антропология, этнология, лингвистика, психология, әлеуметтану, тарих, саясатттану және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мәдениет және дін философиялық ілімінің құрамдас бөлігі болғандықтан философиялық ойшылдықтың мұрагерлігіне сүйенеді. Алайда, философияның қалыптық жүйесіне қарамастан дінтану тарихи-дискриптивтік зерттеулерді қолдана отырып, дүниетанымдық ұстанымнан тыс, объективтік, толеранттық, нақты тарихи зерттеулерге сүйенген дербес ғылымы болуға тырысады.
|
Білімі мен түсінігі:
Әлемдік мәдениет жетістіктерін, діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын білу. Білімі мен түсінігін қолдана білу:
түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу, түрлі деструктивті діни көзқарастарды алған біліміне сәйкес талдай білу.
Пайымдаулар: қоғамымызда болатын террористік, экстремистік төтенше жағдайлар туралы пайымдаулар жасауға қажетті ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.
Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйренеді. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
|
Арнайы құзыреттер:
Әлемдік мәдениет және діндер туралы ғылыми білімді және оны қоғам өмірінің әр саласында өз өмірлерінде тиімді пайдалана білу; мәдениет және дін туралы қалыптасқан білімінің негіздерін, ұлттық және де басқа да мәдениеттерді түсінеді, дінді сараптауда дүниетанымдық көзқарастарын қоғам ішіндегі діни теріс ойдың қалыптаспауы үшін пайдалана алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |