Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Қ. Төлегенова



Дата08.09.2017
өлшемі86,94 Kb.
#30970
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

__________ Қ. Төлегенова

«04. 05. 09. 10. 15» 12 2015ж

Сыныптар: 1- а,ә,б,в,г,ғ,д,е

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

13 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі

маңыздылығын ашу.



Сабақтың міндеттері;

  • Мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;

  • Қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

  • Қайырымды, жағымды қарым – қатынастар жасауға тәрбие беру;

Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаз, қарындаш, себет, қағаздан жасалған гүл желектері.

Шаттық шеңбері

Балалар бәріміз шеңбер құрып, ән шырқайық.


Екі көзің не үшін керек? (Көздерін көрсетеді)

Жақсыларды көру үшін! (Құлақтарын ұстайды)

Құлақ деген не үшін керек? (Қолдарын алға созып алақандарын жаяды)

Ақыл – кеңес тыңдау үшін! (Қолдарын жан – жағына қарап созады)

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!



Жағдаяттарды талдау

Бұл жағдаяттарды талдатудың мақсаты – оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, көмек туралы ұғымдарының кеңейтуге, өз ойларын еркін айтуына ықпал ету.



Сахналау

Сахналық көріністі талдау. «Достық көмек»

Көрініске 3-4 оқушыларды қатыстыру арқылы «Достық көмек» атты әңгіме бойынша сахналық көрініс өткіземін. Балалар көрініс бойынша сұрақтарға жауап береді. Рөльдерде: Алмат. Елжан, Әділет – оқушылар және автор – мұғалім.

Ортаға үстел қойылады. Бір орындықта басын салбыратып, көңілсіз Алмат отырады.

Автор: - Бүгін Алмат көңілсіз. Математика пәнінен үй тапсырмасын орындалмағаны үшін нашар баға алып қалды. Қанша тырысса да сол тапсырманы түсінбей ақ қойғаны. Әйтпесе үй тапсырмасына уақыт бөліп біраз отырған. Үйге барғанда анасы не дер екен... Осылайша ой құшағында отырғанда сыныптастары Елжан мен Әділет кіріп келеді. (Елжан мен Әділет рөліндегі оқушылар есіктен кіріп келеді.)

Елжан : - Алмат, неге көңілсізсің? Мен қазір үй тапсырмасын тездетіп орындаймын. Сен үзілісте менен көшіріп ала сал.

Әділет: - Алмат, қажет етсең, сабақтан кейін біздің үйге барып, бірге дайындалайық. Мен саған есептің шығару жолдарын түсіндіріп берейін. Шығару жолын түсінбей, бағаң түзелмейді.(шын көңілмен айтады)

Автор: Алмат қай досының көмегін қабылдарын білмей, ойланып қалды.

Сахналық көріністен кейін балаларға ойландыратын сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіруіне мүмкіндік туғызады.



  • Сендер Алматтың орнында болсаңдар, кімнің көмегін қабылдар едіңдер?

  • Қай бала Алматқа шын достық көмек көрсеткісі келді?

  • Сендер «көмек», «көмектесу» дегенді нені түсінесіңдер?

  • Сендер кімге, қандай жағдайда көмек көрсеттіңдер?

  • Біреуге көмек көрсеткен кезде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

  • Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар! Адамға қиналған сәтте қол ұшын беру, жақсы, жылы сөздер айтып демеу, жақсылық жасау – көмек деп айтылады. Көмектесу сол адамға деген жанашырлық сезімнен туады. Әділеттің Алматқа ұсынған көмек досына немқұрайдылықпен қарамғанын, оған деген шын жанашырлығын көрсетеді. Өйткені оның көмегінің пайдасы Елжанның ұсынған көмегі сияқты уақытша ғана емес, оның жақсы оқып кетуіне пайдасын тигізеді.

Мәтінмен жұмыс

Қайырымды болу, көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Арыстан мен тышқан» ертегісін әңгімелеп беремін.



Арыстан мен тышқан

Ертегі

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын» - дейді ол. Арыстан тыщқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып: « Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді міне, тыщқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің» депті.

Көрдіңбе, кішкентай тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.



Сұрақтар қойылады.

  • Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?

  • Тышқан Арыстанның жақсылығын қалай қайтарды?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Ойын: «Көмектсе білейік»

Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойынның шарты бойынша мұғалім допты қағып алған бала өзінің беретін көмегі туралы(қолғабыс, сөзбен көмек болсын, ақыл ату көмегі болсын) айтуы қажеттігін түсіндіреді. «Көмек» туралы айтып бір балаға допты лақтырамын. Допты қағып алған бала өз тарапынан көрсетілген көмек туралы айтып, (Мен досымның көңілсіз сәтінде жақсы сөздер айтып, оны қуантамын. Мен сыныпта қағаздарды жинауға көмектесемін. Мен досыма есептің шығару жолдарын көрсеттім. Мен Сәулеге өлең жаттауға көмектестім. Мен ініме ақыл айттым және т.б) келесі балаға допты лақтырады. Барлық бала айтып біткенше, ойын осылайша жалғаса береді.



Дәптермен жұмыс

Дәптердегі суреттерге қарап, өзара көмек туралы әңгіме құрастыру.



Жүректен жүрекке

Балаларға сабақ соңында жақсылыққа жетелеу мақсатында себеттегі қағаздан жасалған гүлдерді таратып беремін. Әрбір гүлде алдын ала «Қайырымды бала», «Мейірімді бала», «Қайырымды бала», «Әдепті бала», «Рақымды бала», «Қамқор бала» деген сөздер жазылады. Әр балаға гүлді сыйлау сәтінде онда жазылған сөзді дауыстап оқып беремін.



Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

__________ Қ. Төлегенова

«11. 12. 22. 23. 24» 12 2015ж

Сыныптар: 1- а,ә,б,в,г,ғ,д,е

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары

14 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көмектесе білейік

Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі

маңыздылығын ашу.



Сабақтың міндеттері;

  • Мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беру;

  • Қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту;

  • Қайырымды, жағымды қарым – қатынастар жасауға тәрбие беру;

Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаз, шалқан ертегісіне арналған суреттер, қағаздан жасалған гүл желектері.

Шаттық шеңбері

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Сәлеметсіз бе, апай!

  • Сендерді көргеніме қуаныштымын.

  • Көңіл күйлерің қалай?

Сахналау

«Шалқан» ертегісі бойыгша сахналық көрініс ұйымдастыру балаларға өзара көмектің қажеттілігін түсіндіру мақсатында көздеу. Балалар кейіпкерді таңдауына өздері үлес қосады. Өзі автор боламын.

Автор: атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып, үйден де үлкен боп өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып шығара алмайды. (Атай әжейді шақырады.)

Атай: Әжесі, әжесі, көмектесіп жібер. (Әжей келіп, атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып шығара алмайды.

(Әжей немересін шақырады.)

Әжей: Қызым, қызым көмектесіп жібер.

(Немере қызы келіп, әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, ата шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып шығара алмайды. (Немересі күшігін шақырады.)

Немересі: күшігім, күшігім көмектесіп жібер.(Күшігі немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып шығара алмайды.

(Күшік мысықты шақырады.)

Күшік: Мысық, мысық көмектесіп жібер. (Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып шығара алмайды.

(Мысық тышқанды шақырады.)

Мысық: Тышқан, тышқан көмектесіп жібер. (Тышқан мысыққтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немересі әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуіненн ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды.)

Автор: Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды тартып шығара алмайды.

(Мысық тышқанды шақырады.)

Сахналық көріністен кейін балалармен бірге өзара көмектің нәтижесін тұжырымдаймыз.

Дәйексөз

Тақтаға «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деп жазып қою, мәнін түсіндіру.



Ойын: Оқушыларға көмек көрсетудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Біз де» ойыны өткізіледі.

Балалар шеңбер құрып, дөңгеленіп отырады. Ойын бастаушысы ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс – әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады. Балалар ойын бастаушының айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де» деп жауап беруі керек. Ал қосылуға болмайтын сөзге «біз де » деп айтып қалған бала айып тартатын болады. Ән салып, немесе би билеп, т.б. өнер көрсетеді.



Ойын бастаушысы: Мен әрқашан көмекке дайынмын.

Балалар: біз де.



Ойын бастаушысы: Мен көмектескен адамға рақмет айтамын.

Балалар: Біз де.



Ойын бастаушысы: Мен көмек сұраудан ұяламаймын.

Ойын бастаушысы: Мен көмек беруге асықпаймын.

Балалар: біз де.......

Балалар:.........

Осы кезде біреу: «Біз де» деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып орнына би билеп, ән салады. Бұдан соң ойын қайта басталады.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма. Махаббат пен Алпамыс Махаббаттың әжесіне бара жатыр. Үйге апаратын жол өте ұзақ. Жолда өзен, тоғай, таулар бар. Махаббат пен Алпамысқа әжей үйіне тез жеткізу үшін төте жол табуға көмектесу қажет. Сендер қалай көмектесер едіңдер? Төте жол болу үшін берілген суретте не жетіспейді? Соларды ойлап тауып суретін салыңдар.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер жасап, «Көмектесем бәріне» өлеңін бірге айтамыз.



Көмектесем бәріне

Отын жарып беремін.

Суды да алып келемін,

Аялаймын мамамды.

Тиеді ылғи көмегім,

Ең елгезек баламын.

Үлкен тілін аламын,

Өссем деген ойым бар.



Таудай биік талабым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет