Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қиын-қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды.
Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады?
Жауап:
- Иә, балалар, сырқат адамдарға, ешкімі жоқ қарт-қарияларға қамқор болып, қайырымдылық жасау – қайырымды адамның ғана қолынан келеді.
Әңгімелесу
Сабақта әңгімелесу өткізудегі мақсаты балалардың «Қамқорлық» дегенді қалай түсінетіндерін анықтап білу. Ол үшін оқушыларға мынадай сұрақта қойылады:
Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Ойын-ажттығу
«Сиқырлы жаңғақтар» ойын-жаттығу оқушыларды ойнай отырып ойлантуға, тақырыпты жете түсінулеріне ықпал етеді.
Сырты қатты,
Іші тәтті.
(Жаңғақ)
- Балалар, менің қолымда осындай үш жаңғақ тұр. Шынында да, осы жаңғақтардың сырты қатты болғанымен, іші сиқырлы. Егер біз осы сиқырдың сырын білгіміз келсе, онда жаңғақтың ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз.
1. «Қайырымды іс» тақырыбында әңгімелесу.
* Кімдерге және қандай жағдайда қайырымдылық жасадыңдар?
* Сендерге кімдер және қандай жағдайда қайырымдылық көрсетті?
- Қайырымды іс риясыз, ақ ниетпен, шын көңілден жасалады. Жасаған қайырымдылығын міндет етпейді.
2. «Біз де» Ойын.
Ойынның шарты:
Мұғалім оқушылардың ортасына шығып, қайырымдылықты білдіретін және оған керісінше әрекеттерді айтады. Қайырымдылықты білдіретін әрекеттер айтылғанда балалар «Біз де» деп бірге жауап береді, қайырымдылықты білдірмеітін әрекеттер айтылғанда, үндемей қалады, ал ондай жағдайда «Біз де» сөзін айтып қалған бала айып тартатын болады. Айыпқа не тақпақ, не жұмбақ айтады.
Мысалы:
Жолдан өте алмай тұрған қарияны сүйеп өткіздім.
Біз де.
Жылап отырған баланы жұбатпадым.
?
Сырқат әжейге дәрі бердім.
Біз де.
...
Өзіммен-өзім
Бұл әдістемелік тәсіл балалардың қайырымдылық, қамқорлық сезімдерін дамытуға түрткі болады.
- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашарлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезінесіңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.
Шығармашылық жұмыс
Сабақта оқушылардың білімдерін бекіту үшін шығармашылық жұмыс ұсыну. Мұнда балалар оқулықта берілген суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құрастырады.
Дәйексөз
Қайырымдылық – жылы жүректен.
Халық даналығы
- «Қайырымдылық» дегеніміз бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқаттанған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық – жылы жүректен», деп тегін айтпаған.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген тапсырманы оқушылардың орындауына ұсыну.
Осындай жағдайда құмырсқа мен құстарға қандай қамқорлық көрсете алар едіңдер? Суретті бояңдар.
Жүректен жүрекке
Сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, «Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» деген сауалға жауап алу.
Мысалы:
Мен қамқорлықты ешкімді ренжітпеу деп түсінемін.
Мен үшін қасқорлық – кішілерге көмектесу.
Құстарға жанашарлықпен қарау қасқорлық деп ойлаймын.