Бекітілді: М. Тулегенов Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру



Дата07.03.2022
өлшемі41,55 Kb.
#134468
Байланысты:
ҚМЖ математика
Русский 2тема, Термодинамика, Дәрістердің қысқаша мазмұны (1), ОТЧЕТ ЕЖЕНЕД 13.02-19.02.2023

Бекітілді: _______________ М.Тулегенов Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

10ҰОҚ.Тақырыбы: Айналамдағы
заттарды санаймын. 10-ға дейінгі реттік санау.

Мектеп:126 орта мектеп



Күні:13.12.2021ж

Педагогтің аты-жөні: Есенкелдиева Майя

Мектепалды сыныбы



Қатысушылардың саны:11

Қатыспағандардың
саны:0



Оқыту мақсаттары

0.2.1.1. 1-10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.
0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік
нөмірін атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:
-10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:
-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірінатайды

Кейбір тəрбиеленушілер:
-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың
реттік нөмірін атайды

Тілдік мақсаттар



Дағдыларын дамыту:
-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің
сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен
терминологияны пайдалана алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
-бірінші, екінші, ..., оныншы.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
–Кері тəртіппен қалай санау керек екенін түсіндір?
–Қалай ойлайсың, реттік санау кезінде сандарды тастап кетуге болама?


Жазу:
-Дәптерге сандарды ретімен жазу




Алдыңғы білім



1-10 ға дейін сандарды санау




Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар



Басталуы 0–5 минут



Ынталандыру.
Сұрақтар қою арқылы сабақты бастаймын
-Балалар осы мезгіл қай мезгіл?
-Қандай ай?
-Бүгін аптаның қай күні?
Өзектендіру.
Сандарды және карточкаларды сызып қос.Балалар тақтаға шығып сандар жазылған карточкаларды алады. .Сандар қатары түзілгеннен кейін жанында тұрған сандарды салыстыруға болады.

Математикалық дәптерге жазу

Ортасы
6–15



Мақсат қою (проблемалық жағдай).
1-10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.
Дəптердегі 1- тапсырманың суретіне қарауды
ұсынамын.
– Жарысқа қанша бала қатысқан?–деп сұраймын.
Əрі қарай екі оқушы шығады екеуіне екі шелек қарама-қарсы қойылады.Бір-біріне допты санап шелекке салады.Жеңіске жеткен балаға сан жазылған жұлдызша беріледі. Хормен тура жəне кері тəртіппен санайды. Сандарды сəйкестендіру бойынша
ойыны ұйымдастырылады. Мысалы тақтаға алма,алмұрт жемістерін іліп қосынды+ және азайтқыштарды айтады.
Оқулықпен жұмыс 4 тапсырма Сандардын үстін саусақтармен жүргізу.Түрлі түсті қарындаштармен үстін басу.
(Ұ) Педагог Балдарға тақта төбесінде жазылған 1-10 ға дейін тура және кері айтқызамын.Жеке-жеке тақтаға шығарып сұрау.
«Сергіту сәті»
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Екі қолды қосқанда
Тең болады оң саусақ

1- тапсырмадағы суретке қайтып оралуды


жəне кім бірінші, екінші жəне т.с.с. келе жатқанын айтуды
ұсынады.
Ұяшыққа сандарды жабыстырамын.Сол сандарды алып нешінші сан екенің айтады.Бірінші, екінші, үшінші деген сандық ұғымды білдіретін сөздерге балалардың назарын аударамын. Мұндай сөздерді
біз:
– Саны бойынша нешінші? деген сұраққа жауап беру үшін
пайдаланамыз.
Бүгінгі ҰОҚ-де біз реттік сандар туралы үйренеміз.
Сергіту сəті.
Алда жаңа жыл келе жатыр.Тақтаға шыршаны ілемін ,түрлі-түсті қағаздан жасалған ойыншықтарды алып шыршаны безендіреді.)

Математикалық дәптермен жұмыс.


Тақтаға алма,алмұрт жемістерін ілу.
Дәптермен жұмыс
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандар
Оқулықпен жұмыс

Шырша ойыншықтары



III. Тақырып бойынша жұмыс
16–25

Жаңаны қолдану.
(Т) Балалар реттік санауды үйрену үшін оларды қатарға (10
адам) тұрғызып, санаудың қажетті бағытын көрсетіп,
ретімен санауды сұраңыз.
Педагог балаларды кейінгі жəне алдыңғы санды анықтауға
жаттықтырады.
«Көрші сандар» ойыны əртүрлі ұйымдастырылуы мүмкін:
1-нұсқа: Бала көршілерін атайды, ал балалар санның өзін
көрсетеді.
2-нұсқа: Бала санды атайды, ал балалар көршілерін
көрсетеді.
Алдыңғы білімді бекіту.
) 3- тапсырманы орындауды ұсынады, онда фигурадағы
торкөздердің санын санап, қажетті түспен бояйды.
Шаттық шеңбері: «Көңілді күн» ойыны
.

Жиынтық
полотно.
Оқулықпен жұмыс

IV. ҰОҚның қорытындысы.
Рефлексия.
26-30 мин.

Рефлексия:
Қорытынды.Балаларды мадақтау,мақтау
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтаймын
Тапсырманы орындау барысында санауды,шелекке допты санап салуды,шыршаға санау арқылы ойыншық жабыстырды.
Балалар сендер бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар.Сондықтан мен сендерге жарайсың деген смайлктерді ұсынамын.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет