Билет №8 Тұрақсыз стенокардия. Нитроглицерин Тұрақсыз стенокардия



бет2/8
Дата29.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#141351
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Билет №8
Қазақстан тарихы 100 дата
Гидрохлортиазид: бүйректің ми қабатында өтетін бөлігіне әсер етіп, натрий иондарының реабсорбциясын төмендетеді. Иректі өзекшелердің проксимальді бөлігінде карбоангидразаны бөгейді, несеппен калий иондарының (дистальді өзекшелерде натрий ионы калий ионына алмасады), гидрокарбонаттар мен фосфаттардың шығарылуын күшейтеді. Магний иондарының шығарылуын жоғарылатады; организмде кальций иондары және ураттардың шығарылуы іркіледі. Диурездік әсері 1 - 2 сағаттан кейін дамиды, ең жоғары шегіне 4 сағатта жетеді, 10 - 12 сағатқа созылады. Қанттық емес диабетпен науқастарда антидиурездік әсер білдіреді (несептің көлемін азайтады және оның концентрациясын арттырады).
Артериялық қысымды айналымдағы қан көлемін азайту, қантамырлары кенересінің реактивтілігін өзгерту, қантамырларын тарылтатын дәрілік заттардың прессорлық әсерін төмендету (эпинефрин, норэпинефрин) және ганглийлерге депрессорлық әсерінің күшеюі арқылы төмендетеді. Кейбір жағдайларда глаукомада көзішілік қысымды төмендетеді.
Артериялық қысымды төмендету үшін: ішке, тәулігіне 25-50 мг,
Жағымсыз әсері:  аритмия, ортостатикалық гипотензия - бас айналуы, бас ауыруы, құрысулар, парестезия, сананың шатасуы, летаргиялық ұйқы, ашушаңдық, көңіл күйдің өзгеруі - көрудің транзиторлы бұзылуы, ксантопсия - ауыздың құрғауы, шөлдеу сезімі, жүректің айнуы, құсу, сілекей бездерінің қабынуы, іш қатулар - сарғаю (бауырішілік холестатикалық сарғаю), панкреатит, холецистит - бүйрек жеткіліксіздігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет