Білім алушы ___________________________________ 6 " " Қазақ әдебиеті ІІІ т. БЖБ №1
"Мен балаң жарық күнде сәуле қуған..."
С.Торайғыров«Шығамын тірі болсам адам болып»,«Шәкірт ойы» өлеңдері,С.Мұратбеков«Жусан иісі» әң.
Оқу мақсаттары:6.Т/Ж2 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.6.А/И1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.
Бағалау критерийі: Білім алушы -Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды. -Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады.
Тапсырмалар 1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз.
Р\с
|
Шығармадан үзінділер
|
Идеясы
|
1
|
...- Ертеде бір жетім бала бопты... ‒ деп Аян екінші ертегісін бастады.
Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар... Ғажап ертегілер еді...
Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі-бәрі: ерлік те, ізгілік те,сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән небір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді...»
|
|
2
|
«...Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:
− Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді.
− Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап. ‒ Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі...
Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.
− Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын, - деді күлімсіреп.
Біз, балалар, Аянды көп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой...»
|
|
2. Автордың: «Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес,» - деп ой толғауының мәні неде деп ойлайсыз? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жеткізіңіз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
|
Тап.
|
Дескриптор
|
Балл
|
Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды
|
1
|
үзіндіні негізгі мәселені ажыратуда қолданады
|
1
|
көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды
|
1
|
үзіндінің идеясын анықтайды
|
1
|
Нақты эпизодтың маңыздылығын талдайды
|
2
|
автор сөзінің маңызын анықтайды
|
1
|
толғаудың мәнін ажыратады
|
1
|
өз ойын білдіреді
|
1
|
Барлығы
|
|
8
|
«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...» БЖБ нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» / С.Мұратбеков «Жусан иісі»
Достарыңызбен бөлісу: |