Кыркуйек
1
|
Менің балабақшам
|
Дыбыс пен әріп
|
Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру,дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алу ды,жазу кезінде дұрыс отыруға ,дәптер, қа- рындашты дұрыс ұстауға үйрету,ойлау қабі леттерін дамыту,қағылезділікке,бастаған іс ті аяқтай білуге,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, сендер балабақшада сөз, сөйлем, буын, дыбыстармен танысасыңдар.
Сендер сөздің дыбыстан тұратынын білесіңдер ме? Біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз.
Негізгі бөлім
Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз.
– Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?
– Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?
– Түнде қасымызға маса келгенін қайдан білеміз?
Педагог қойған сұрақтарына балалардың дұрыс жауап бергендері үшін мадақтайды.
Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.
«Жаңбыр» саусақ ойыны:
Жаңбыр жауса,
Тырс-тырс,
Айтады гүл:
– Дұрыс-дұрыс.
Жаңбыр жауса,
Тырс-тырс.
Айтады қыр:
– Ырыс-ырыс.
|