Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: «Қошақан» Мақсаты: Білімділігі



Дата21.06.2022
өлшемі143,19 Kb.
#146934
Байланысты:
қошақан
Экол. и БЖД 2 видеолекц. 2020г, 1. Оку багдарламасы Физика 10-11 сынып ОГН 1- сагат дурыс (1), * òåð³ ñûíàìàëàðû(Ìàíòó, àòð), Үсенов Б МКВСУ ргр3 АУТк20-11


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру
Тақырыбы: «Қошақан»
Мақсаты:
Білімділігі:Үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру;
Дамытушылығы: Майлықты умаждау әдісі арқылы, қағаз кесектерін
қалыптастырып қошақанды жасауды үйрету.
Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: үлестірмелі суреттер, әр балаға ақ түсті майлық, желім.
Методикалық әдіс:

  1. Шаттық шеңбері

  2. Д/о: «Ненің дауысы?»

  3. Үй жануарлары (видео)

  4. Д/о: «Төлін тап»

  5. Тақпақтар

  6. Ғажайып сәт

  7. Қошақанды құрастыру

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Себебі біздің сабағымызға көптеген қонақ апайлар келіп отыр. Алдымен осы апайлармен амандасып алайық.
-Ал енді мен сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақамын.Барлығымыз тұрайық, бір-бірімізбен амандасайық.
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!

-Сәлеметсіздер ме?

Шаттық щеңберін қимылмен орындайды.



Ұйымдастырушы-лық-ізденістік

Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Д/о: Ненің дауысы?»
(Үнтаспадан үй жануарларының дауысын қосып, қандай жануар екенін атау)
Жарайсыңдар,Ал жаңа тыңдағандарың үй жануарлары ма,әлде жабайы жануарлар ма?
Ендеше, қазір бәріміз бейнетаспадан осы ұй жануарлары туралы видео көрейік.
(бейнетаспадан үй жануарларының видеосын көрсету.
Балалар біз не көрдік. Оларды біз бір сөзбен не деп айтамыз.Олардың жанында нелері жүрді?
-Ендеше, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр.
Д/о: «Төлін тап»
( суретте үй жануарлары тұр.Оларды төлдерімен сызықпен қосу.)
Ал осы үй жануарларының төлдері туралы тақпақтар білеміз бе?

Ғажайып сәт: Қой келеді.(көңілсіз қой ішке кіреді.)


-Мәә-мәә, сәлеметсіңдер ме балалар?
-Сәлеметсіз бе, қой? Сіз неге көңілсізсің?
Қой: мен өз қошақандарымды жоғалтып алдым. Оларды көрмедіңдер ме?
-Жоқ көрмедік, бірақ біз сізге қағаздан қошақандар жасап береміз.
-Балалар қойға қошақандар жасап береміз бе?
-Балалар,экранға қараңдар,ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Ал осы суретте не жетіспейді?қошақанның денесінде не жетіспейді?
-Ендеше біз күнде өзіміз пайдаланатын майлықты умаждау әдісін пайдаланып, қошақандардың бұйра жүндерін жапсырамыз.
(Жапсырып көрсету.)
Әуенді сергіту сәті.
Балалар жұмысы.
Балаларға көмектесу.

Ән: «Төлдер!»


Осы үй жануарларына қалай қамқорлық жасайтындарын қорытындылап сұрау.

Ойынға қызығушылықпен қатысады.
Үй жануарлары

Балалар мұқият отырып қарайды.


Үй жануарлары


Төлдері

Ойынға қызығушылықпен қатысады.

Білеміз.
Ерасыл:Құлын


Құлын,құлын құлыншақ
Желкілдейді тұлымшақ
Құйрығында құндызы
Маңдайында жұлдызы.
Гүлден:Лақ
Аппақ менің лағым
Қос құлағы шұнағым
Қарның ашып қалды ма?
Неге сонша жыладың?
Айзере: Лақ
Шөре-шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секектеме деміңді ал
Селтеңдемей құлағың.
Балнұр: Бұзау
Мөө-мөө деген әні бар
Үй маңынан табылар
Ойқастаған бұзауым
Ойнақтаған жануар.


Е.Тұрсынай: Ақ қозым
Момақаным менің
Маңырама төлім
Тойғызады кешке
Енең келіп кешке.

Сәлеметсіз бе?


Иә, жасаймыз.


Қошақанның

Бұйра жүндері.


Балалар қимылдарды орындайды.


Балалар майлықты жыртып, умаждау әдісімен қошақанның бұйра жүндерін желімдейді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қой балалардың жасаған жұмыстарын қарап, бағалайды.
Қой балаларға ризашылығын білдіріп, рақмет айтып,қоштасады.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: Үй жануарлары жайында білімдерін толықтырады.
Игереді: бұйра жүнді қошақанды жасаудың әдіс-тәсілдерін.
Меңгереді: майлықты умаждау әдісімен қошақанды жасауды.

№43 «Арман» балабақшасы




Білім саласы-«Таным»
Ортаңғы «Түймедақ» балаларына арналған ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті-Құрастыру

Тақырыбы: «Қошақан»

Дайындаған: Тәрбиеші: Ғұбашева Г.Н


Атырау қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет