Білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айының жұмысы



Дата15.09.2017
өлшемі83,62 Kb.
#32927
Білім бөлімінің 2016 жылдың 9 айының жұмысы
Қазіргі таңда қалада 48 мектеп,94мектепке дейінгі ұйым, 9 мектептен тыс ұйым, 1 кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс жасауда.

Соңғы 5 жыл ішінде мектептер саны 3мектепке көбейді. 2013жылмен салыстырғанда 2мектепке өсті, 2014 жылы «Жаңа орда» шағын ауданында №46 ЖОББМ, 2015 жылы «Арман» шағын ауданында №47 ЖОББМ ашылды.

48 жалпы орта білім беретін мектептер, оның ішінде орта мектебі-46 (95,83%), негізгі -2 (4,2 %) және кешкі ауысымды мектеп -1.Сонымен қатар қалада 4 гимназия (№34, №42, ВБМГ,ЭБГ) және 5лицей (№27, №28, №35, №38, №41) жұмыс жасайды.

2015-2016 оқу жылында 21 қазақ тілді, 15 орыс тілді және 12 қазақ және орыс тілді (аралас) мектептер жұмыс жасайды. Соңғы екі жылда (2013- 18 мект қазақша) қазақ тілінде оқытылатын мектептер саны көбейді.

1 кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектебі тәртіптік мекемедегі оқу-кеңестік пунктімен жұмыс істейді.

Екі ауысымды тәртіпте 42 мектеп (87,5%), бір ауысымда 6 мектеп (№27, 28, 35, 38, ЭБГ, ВБМГ). 2011 жылмен салыстырғанда бір ауысымда оқитын мектептер саны 2 мектепке артты. Үш ауысымда оқитын мектеп соңғы 4 жылда жоқ.

2015-2016 оқу жылында қала мектептерінде 37579 оқушы, оның 20849 бала қазақ тілінде, 16730 оқушы орыс тілінде білім алады.

Оқушылардың білім білік дағдыларын жеке пәндер бойынша жетілдіру мақсатында биылғы оқу жылында 17 мектеп жеке пәндерді тереңдетіп оқытып отыр.



Білім сапасы-59,01% құрайды. Оқу озаттары - 7568, өткен жылдан 623 балаға артық, оқу екпінділері -14518 болды (734–ке көбейген). Негізінде соңғы 5 жылда білім сапасы тұрақты қалыпта.

Қала мектептерінде ұзартылған күн топтарын 31 мектепте ұйымдастырылды, 117 топта 2533 бала қамтылды.

Қазіргі таңда қалада 94 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 50 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым, 1 мектеп-балабақша кешені, 17 жеке-балабақша (15-сі мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайды, 2 балабақша құжаттары дайындалуда), 26 мектеп жанындағы шағын орталық. 3 жеке балабақша ашылу жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдарда 11395 бала, мектеп-балабақшада-25, жеке балабақшаларда 1152, мектеп жанындағы шағын орталықта 978 бала тәрбиеленуде.

Қала мектептері бойынша биылғы оқу жылында 1399 (2015ж.-1430) түлектің 1032-сі (2015ж -945- і) ҰБТ-ға қатысты. Бұл жалпы түлектердің 73,6 пайызын құрайды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда қатысу пайызы 8,5-ке артты.

Мектеп бітіруші 367 (2015ж.- 485) түлек мемлекеттік емтихан түріндегі қорытынды аттестациядан өтті.

ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 81,66.  Үміткер 30 түлектің 20–ы ( 66,6 %) «Алтын белгі» иеленді. 20 түлек үздік аттестат иегері атанды.

Қалалық білім беру бөлімі 2015-2017 жылдарға Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кәсіптік бағдар беру жұмысының тәжірибесін енгізу бойынша Жол картасының 3.4. тармағы негізінде, 2014-2015 оқу жылында №1, 5, 21 ЖОББМ 2015-2016 оқу жылынан бастап №№24, 47 ЖОББМ «Кәсіптік бағдар беру» бойынша кабинеттер жасақталды.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі (индикатор) – инклюзивтік білім беруді дамыту. Яғни, барлық жасөспірімдерге сапалы білім мен тәрбие үрдсіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қала мектептеріндегі мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны –1309, (соның ішінде 334-і түзету сынып оқушылары (МАД тәрбиеленушілерін қоса алғанда), 826- ы логопед, дефектолог мамандарынан көмек алады, 124 – і үйден оқитын оқушы).

Қала бойынша 6(№3,13,16,19,22,45) жалпы білім беретін мектептің 48 коррекциялық сыныбында 308 бала білім алуда.

9 қосымша білім беру мекемесі 9820 оқушыны қамтыған, ол жалпы оқушы санының 26,13% құрайды.

Барлығы 567 үйірме жұмыс жасайды. Олар интеллектуалдық, музыкалық, көркемсуреттік білім беру, шығармашалыққа үйрету, қол өнері, техникалық білім беру, сонымен қатар туристтік дағдыларға үйрету бағыттарында жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерде 566 педагог қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта білім беру бөлімі жаңартылған білім беру жаңа моделіне көшу бағытында жоспарлы жұмысын жүргізуде.

Осы бағытта Орал қаласының білім беру бөлімінің Орал қаласындағы физмат бағытындағы НЗМ-мен тәжірибе алмасу бойынша «Lesson Study» шығармашылық тобы жұмыс жасауда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілдік мемлекеттік деңгейде ынталандыру керек»,- деген болатын.

Үш тілде оқыту –заман талабы. Қазіргі таңда ҚР БҒМ Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы" №712 бұйрығымен бекітілді.

Қала бойынша 3 тілді оқытуды енгізу кестесіне сәйкес, 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін 22 мектепте жұмыс жүргізу жоспарлануда.

2015-2016 оқу жылында 3 тілді оқытуды енгізу жоспарына сай № 28 МЛ (информатика-биология);№ 36 ЖОББМ (физика - математика) білім беру ұйымдарында жаратылыстану-математикалық бағытындағы екі пән ағылшын тілінде жүргізілуде.

2.06 – 11.06.2016 жылы аралығында Қазақ Түрік Лицейі ұйымдастыруымен үш тілдік жазғы мектепке 140 қала оқушылары қамтылса, 14.06-24.06.2016 жылы аралығында № 7 ЖОББМ базасында 280 оқушы ағылшын тілі курсынан өтті.

Мектепшілік ағылшын тілі курсынан жаз айында 821 мұғалімді 115 ағылшын тілі пәні мұғалімі оқытты. БҚМУ- ті ұыймдастыруымен физика, информатика, биология, химия пәні мұғалімдеріне ақылы ағылшын тілі курсы өткізілді. Қалалық ағылышн тілі пәні мұғалімдердің көмегімен тамыз айында барлық физика, информатика, биология, химия пәні мұғалімдеріне аймақтық ағылшын тілі курсы, т.б. шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

2016-2017 оқу жылында үш тілде білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған жол картасына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Барлық қала мектептерінде асханалар мен буфеттерде ыстық және буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. 2016 жылдың мамыр айында ыстық тамақпен 29373 оқушы қамтылды (78,4%).

Эстетикалық бағыттағы гимназия, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназия, №27, 38 мектеп-лицейі оқушыларды ыстық тамақпен 100% қамтыған. Аталған мектептерде ата-аналармен келісім жасалып, ата-ана есебінен қамтылып отыр.

Орал қаласы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы №7 шешіміне сәйкес аз қамтылған, көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы 1-11 сынып және мектапалды даярлық сыныптары оқушылары мен жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар үшін бір оқушыға шаққанда 150 теңге есебінен жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржы шегінде тегін ыстық тамақ беру, 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №3160 және 2012 жылғы 8 қарашадағы №2862 қаулылары негізінде 1-4 сынып оқушыларын 100 теңге есебінен ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған .

Бастауыш сыныптың оқушылары мен күнкөрісі төмен отбасылардың балаларын ыстық тамақтандырумен қамтамасыз ету 100% құрайды.

2016жылдың жазғы үш айда «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 1500 оқушы демалыспен қамтылады. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек және даму мүмкіндігі шектеулі балалар, үздік оқушылар жеңілдікпен қамтылды.

Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттарды бірі болып дарынды оқушыларды 50% ата-аналары есебінен демалыспен қамту есептеледі.



Мектеп жанындағы лагерлер бағдарлы жұмыс жасап, осы оқу жылында лингвистикалық бағытқа ерекше көңіл аударылуда. Тамақтануы ұйымдастырылған 43 лагерлерде 5538 бала (873-і әртүрлі санаттағы балалар), ал тамақтандырусыз 48 лагерде, яғни барлық мектепте, 10750 бала демалыс өткізді.

Жетінші жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырып, жалпы демалыстың бұл түрімен 48 мектептен 1700 бала қамтылуда.

2011 жылдан бері «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2016 жылы бұл лагерде 230 оқушы өз демалысын өткізді.

№6, 17, Круглоозерный мектептерінде 100 баладан аса қамтыған шатырлы лагерлер жұмыс жасады.

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан 12-14 жас аралығындағы 8 оқушы шілде айында Италияның Чезенатико қаласында демалыстарын өткізіп келді

Тамыз айында Елордасы Астана қаласына бюджеттік қаражат есебінен 128 оқушы саяхатқа аттанады.

2016 жылдың 24 шілде – 8 тамызы аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына «Достықтың тоғысы» атты Халықаралық балалар құрылтайы ауысымына қала мектептерінен 8 оқушы жолданды.

№12 (мектеп жанындағы үлеске), Круглоозерный (Калентьев шаруа қожалығы) мектептерінде 140 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері жұмыс жасады.

Балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша көрсеткіш 2015 жылы - 76 % болса, 2016 жылы 1-10 сынып оқушыларынан 77,5% қамту жоспарлануда (27996 оқушы). Осы ауқымды жұмысқа үстіміздегі жылы 46030 мың тг. қаражат бөлінді.

Орал қаласының 48 жалпы білім мектептерінде 2015-2016 оқу жылында 3143 педагог қызмет етті. Соның ішінде 2850 жоғары білімді (90,7%), 293 орта –анаулы білімді. Мұғалімдердің 519-і жоғары санатты (16,5%), 1059-бірінші санатты (33,7%), 883-і екінші санатты, 682- сы санатсыз. Жылдан жылға мұғалімдердің сапалық құрамы жоғарылауда.

Қала мектептерінде күні бүгін 29 магистр (өткен оқу жылында - 19) жұмыс жасайды.

Қала бойынша 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 293760,0 мың теңге қаралған. Соның ішінде №36 мектепке – 159700,0 мың теңге облыстық бюджеттен, №39 мектепке – 134060,0 мың теңге «Жол картасы. Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша, оның ішінде республикалық бюджеттен 79665 мың теңге бөлінген.

Сонымен қатар шетелдік инвестициялар аясында №2 мектепке 377873 мың теңгеге күрделі жөндеу өткізілуде.

Ағымдағы жылда мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 138,9 млн. теңге қаралды.

Оның ішінде 33 мектепке компьютер сатып алуға 41943 мың теңге, 37 мектепке бейне бақылау орнатуға 30200 мың теңге, 41 мектепке дейінгі ұйымға бейне бақылау орнатуға 27171 мың теңге, 6 мектептен тыс ұйымға бейне бақылау орнатуға 5500 мың теңге бөлінді.

46 мектепке мемлекеттік рәміздерді алуға 13723 мың теңге, 31 мектептің дәрігерлік бөлмелеріне жабдықтар алуға 3772 мың теңге бөлінді.

Оқушыларды тасымалдау жұмысын жақсарту мақсатында 3 мектепке 3 бірлік ПАЗ автобусын алуға 25840 мың теңге бөлінді.



10 мектепке жылу есептегіш құралдарын алуға 29665 мың теңге, 9 мектептің шатырларын өртке қарыс өңдеуге 2402 мың теңге бөлінді.2016-2017 жаңа оқу жылына мектепалды даярлық сыныбы,1-11 оқулықтары сатып алынатын болады. 313502 дана оқулыққа бөлінген жалпы сома 313445 мың теңгені құрады.

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы 1 тамызда басталып өткізілді. Акция мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады. Биылғы жылы бюджеттен Жалпыға бірдей білім беру қорына 115153 мың теңге бөлінді.
Каталог: fileadmin -> user upload
user upload -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
user upload -> Отчет акима Желаевского сельского округа города Уральска о проделанной работе за 2015 год
user upload -> Алма Есенбаева
user upload -> М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі
user upload -> Б е к ітемі н орал қаласы әкімінің орынбасары Г. Г. Орынгалиев
user upload -> Суға түсу маусымында адам өлімінің алдын алу Құрметті бақ өкілдері, құрметті көрермендер, бүгінгі таңда адамдардың судағы қазасы
user upload -> 2016 жылғы 5 айдағы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-қызметтік нәтижесі туралы ақпарат Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
user upload -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің
user upload -> Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейiнгi шағын орталықтар қызметiн ұйымдастырудың үлгiлiк ережесi


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет