Бөж 4-апта Тақырыбы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі282,63 Kb.
#82564
  1   2   3   4
Байланысты:
муталип А бөж4



Бөж 4-апта



Тақырыбы: Ом заңының дифференциал түрі
Орындаған:Мүтәліп Айнұр ТФ-21

2020-2021оқу жылы
Ом заңы. Өткізгіштердің кедергісі.
Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы – өткізгіштегі ток күшінің (І) осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен (U) байланысын анықтайды: U=r*І (1) мұндағы r өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, электрлік қасиеттеріне және температурасына байланысты болатын пропорционалдық коэффициенті r – омдық кедергі немесе өткізгіштің берілген бөлігінің кедергісі деп аталады. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.
1827 жылы неміс ғалымы Ом (1787-1854) көптеген тәжірбиелердің нәтижесінде мынадай қорытынды шығарды: тұрақты температурада (Т=const) өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток шамасына қатынасы әр уақытта тұрақты болады: U/I=R, мұндағы R шамасы өткізгіштің кедергісі деп аталады.Өткізгіштің кедергісі оның пішініне және мөлшеріне, сол сияқты табиғаnы мен температурасына тәуелді. Осы формула арқылы кедергінің өлшем бірлігін тағайындауға болады. Кедергінің бірлігі үшін кернеуі 1В өткізгіштегі ток 1А болатын өткізгіштің кедергісі алынады. Оны Ом деп атайды. 1Ом = 1B/1A
I=U/R
Бұл Ом заңының формуласы болап табылады. Сонымен ток шамасы өткізгіштің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, кедергісіне кері пропорционал екен. Өткізгіштің кедергісіне кері шама өткізгіштік деп аталады: =f(U)
Кедергінің кері шамасы,яғни өткізгіштік симеспен (См)өлшенеді.
Әр түрлі өткізгіштер үшін ток пен кернеу арасында мынадай тәуелділік бар:
I=f(U)
Бұл байланыс өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын көрсетеді. Сондықтан Ом заңы өткізгіштің ұштарындағы кернеу мен токтың сызықтық байланысын білдіреді. Мысалы,металдар мен электролиттер үшін Ом заңы кен түрде орындалады. Ом табиғаттары мен мөлшерлері әр түрлі көптеген өткізгіштерді зерттей отырып, біртекті цилиндр тәрізді басқа өткізгіштердің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал да, көлденең қимасына кері пропорционал болатындығын көрсетті:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет