Вирустық баяу инфекциялар өте ауыр түрде өтеді, олар орталық жүйке жүйесінің (ЦНС) зақымдануымен байланысты. Қазіргі кезде олардың 30-дан астам түрлері белгілі болды. Егер де вирустардың бәрі жоғары вирулентті болса иесінің өлімімен аяқталатын биологиялық тұйық болар еді. Жоғарғы вирулентті вирустар олардың өсіп-өнуіне жағдай жасау үшін, ал латентті вирустар – олардың сақталуы үшін қажет деген түсінік бар. Баяу инфекциялардың қоздырғыштарына дәстүрлі вирустық аурулардың қоздырғыштарымен қатар табиғи немесе жасанды мутациялық процестер нәтижесінде пайда болатын инфекциондық құрылымдар (приондар, вириоидтар, плазмидалар, транспозондар) жатады.