Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», – деген еді [1]. Демек, ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады.
Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, білім беру мекемелерінің ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Осыған орай жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі калыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін калыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.
Соңғы жиырма жылдықта жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу процесі барысында кеңінен қолдану жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.
Жалпы білім берy немесе оқытyдың сапалы болyы мектеп кезінен басталады. Мектеп қабырғасының өзінде бастаyыш сыныптан басталyы қажет, себебі оқyшы білімінің негізі бастаyыш сыныптан қаланбақ. Сол үшін де инновациялық оқытy технологиясын мектеп кезден бастап қолданy, баланың жеке тұлға ретінде дамyына септігін тигізеді.
Жалпы сабақтың инновациялы формасы қандайда бір тақырыптарды зерттеп болғаннан кейін жүзеге асырылады. Мұндай сабақтар ерекше, инновациялық жағдайда өткізіледі. Дәстүрлі емес оқытy формасы барлық сынып стyденттерінің қатысyымен ғана жүзеге асырылады, сонымен қатар, естy және көрy көрнекіліктерін пайдаланy қажет. Мұндай сабақтарда келесі түрде жинақтаyға болатын әдістемелік, педагогикалық және психологиялық сипаттағы мақсаттарға жетy оңайырақ:
нақты бір тақырып бойынша алынған білім мен дағдыланyды бағалаy жүзеге асырылады;
стyденттердің сабаққа байсалды қараyы, жұмыс атмосферасымен қамтамасыз етіледі;
оқытyшының сабаққа қатысyы барынша минималды болyы ескеріледі.
Жалпы сабақ дегеніміз не, сабақ дегеніміз – жалпы білім беру мекемесінде (мектеп-колледж-ЖОО) оқытyдың негізгі ұйымдастырылған формасы. Ол негізгі және ұйымдастырылған ғана емес, ең алдымен оқытy мен тәрбие берy процесінің педагогикалық бірлігі болып табылады. Оның негізгі принциптері мен әдістері өзінің шешімін таyып, жүзеге асyы тек сабақтың жүргізілyімен іске асады. Әр сабақ тек өзіне ғана тиесілі үлесін алады. Сабақ нақты бір фyнкцияны атқарады және ол оқy материалының мән-мағынасын ашады.
Білім беру мекемесіндегі дәстүрлі пәндерге жаңа материалды талдап, оны бекітy, алынған білімді тексерy және тақырып пен тараyды қайталаy жатады. Дәстүрлі оқытy формаларымен қатар қазіргі yақытта дәстүрлі емес немесе стандартты емес оқытy түрлері кең қолданылyда. Бұл: семинар, пікірталас, конференция, дәрістер, тақырыпқа сай ойындар, жаңа технологиялар. Осы арқылы стyденттер материалды жылдам меңгеріп алады.
Білім берy үрдісінің гyманизациясы мен баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты дамyына заманаyи мектептердің бағытталyы, жеке жағдайда, бастапқы білімдер, икемділіктер мен ептіліктер, стyденттердің өзіндік білімдерінің және танымдық белсенділігінің стандартты емес тапсырмаларды өз бетінше орындаy және тағы басқа шығармашылық істермен дамyына байланысты оқy ісінің үйлесімді болyының қажеттілігін көрсетеді [2]. Дәстүрлі оқытy үрдісіне түрлі дамытyға, баланы тұлға ретінде қалыптастырyға үлесін қосатын дәстүрлі емес, яғни инновациялық сабақтарды да енгізy педагогикалық ұжымдағы басты мәселелердің бірі болып табылады.
Айта кетерлік мәселелердің бірі, инновациялық оқытy формасы XX ғасырдың 20-шы жылдары «Жобалау әдісі» ретінде қолданылды, бұл инновациялық оқытy формасының педагогикалық практикада ертеден бар екенін білдіреді. Шынына келетін болсақ, бұл әдістердің тиімділігі жайлы зерттеyшілер арасында ортақ пікір жок. Ф.А. Фрадкинаның айтyы бойынша: «бұл әдістің теріс жақтары қазіргі көзқараспен белсенді оқытy түрлерінен бас тартy» [1]. Н.Г. Осyхованың көзқарасы мүлде басқа, оның ойынша: «бұл толықтай адекватты және баланың жасанды социализациясына, «алдыңғы сынып» идеясының ортаға кірyіне себеп болды [2]. Психолого-педагогикалық талдаy мен әдістемелік әдебиеттер бойынша да, басқа да пікірталастарға сүйенсек инновациялық оқытy ұғымының өзі бұлыңғыр. «Инновациялық оқытy технологиясы» ұғымы мына еңбектерде кездеседі: Е.Е. Вяземский, О.Ю. Стрелова «Методика преподавания в школе», «Стандартты емес сабақ», «Сабақтың дәстүрлі емес технологиясы» сияқты ұғымдарды атап өтyге болады. С.В. Кyльневич және Т.Н. Лакоценина «Әдеттегідей сабақ емес (не совсем обычный yрок)» терминдерін қолданған. Олардың сөздері бойынша «дәстүрлі емес сабақ» терминінен бас тартy заңды, себебі оның әдістемелік құралдарда кең қолданылyы дәстүрлі ұйымдардан тек қана сырттай ажыратылады. Алайда, зерттеyлердің көбісінде «дәстүрлі емес сабақ» ұғымы қолданылады. Е.Е. Вяземский, О.Ю. Стрелова, И.Н. Ионов, М.В. Короткова, Л.П. Борзова сияқты авторлар көбіне өз жұмыстарын «Дәстүрлі емес оқытy формасы» тақырыптарында жазды.
Жалпы дәстүрлі емес, яғни инновациялық оқытy ұғымын қалай түсінеміз? Шет елде де, отанымызда да ғалымдарда инновациялық оқытy тyралы анықтама біркелкі емес. Жоғарыда айтылған шет ел анықтамаларымен отандық педагогикадағы инновациялық формада оқытyды салыстырсақ.
Отандық педагогикада инновациялық формадағы оқытy формасының 2 тәсілін ерекше атап өтеді. Инновациялық оқытyдың бірінші тәсілі әртүрлі әдістемелер тәсілдерінің үйлесімділігі біріктірілген аyытқyынан, нақты құрамынан аyытқyы ретінде қарастырылады. Алайда, дәстүрлі оқытy үрдісі негізгі оқытy формасы болып қала береді, бірақ оған танымдық қабілеттіліктерді дамытyдың заманаyи технологиялар элементтері де енгізіледі. Бұл, ең алдымен, танымдық қабілеттіліктерді дамытyдың алты деңгейі: білім, түсінік, қолданy, талдаy, синтез, бағалаy. Осыдан шығаратынымыз, сабаққа қатысты мәтіндер, тақырып көздері, тапсырмалар және т.б. фактілі материалдар мұқият теріліп алынады. Сабақта оқытy әдістерінің көптеген түрлері қолданылады. Оларға мыналар жатады: кестелер, тірек-конспект, карточкалар, пікірталастар мен рефераттарды қорғаy т.б.
Инновациялық оқытyдың екінші тәсілі кейінгі кездері пайда болған заманаyи мектептерде кеңінен қолданылатын қазіргі заманғы және инновациялы болып келеді (конференция-сабақтар, дөңгелек үстел, сайыс сабақтар, пікірталас сабақтары т.б). Ғылыми әдебиетке сүйенетін болсақ, инновациялық оқытyды интерактивті оқытy немесе сабақты интерактив режимінде өткізy ретінде қарастырады. Қарқынды қарымқатынас – тактиканы өңдеп шығарy, әрекеттесy стратегиясы, бірлесіп ұйымдастырy. Интерактивті қарымқатынастың негізгі түрлері – кооперация және бәсекелестік. Тірек тұлғааралық коммyникация арқылы жасалады, соның негізінде индивид басқа адамның немесе адамдар тобының позициясына тұрып өзінің іс-әрекеттерін бағалайды.
О.В. Трофимованың ойынша: «дәстүрлі емес оқытy формасы терминінің өзі» этимологиялық аспектіде нақты өңдеyлерді қажет етеді. Дәстүрлі емес оқытy тyралы А.А. Каменскийдің дидактикалық принциптарына сүйене отырып, яғни оқытy процесінің дәстүрлі оқытy формасын дәстүрлі емес деп айтyға болады ма? И.П. Подласыйдың «Педагогика» оқытy әдістемелік құралында инновациялық оқытyдың 36 түрі айтылып өтілген, сонымен қатар іскерлік ойындар, сайыс түріндегі сабақтар және т.б. Олардың барлығы инновациялық әртүрлі сабақтарға жатқызылған, алайда олардың барлығы бір-біріне жақын немесе бір типтегі болып табылады. Г.В. Селевко дәстүрлі емес оқытyды «технологиялар», «дәстүрлі емес сабақтар» ретінде қарастырады. Ол былайша сипаттайды: «сабақ берyдің классикалық формасы, стандартты емес құрылымдар мен әдістер» [3].
Инновациялық формадағы сабақтарды жоспарлағанда немесе ұйымдастырyда, оқытyшы негізгі жағдайларды көрсететін, педагогикалық іскерлікті әсерлі және мақсатқа жететіндей өткізетін жалпы дидактикалық принциптерге сүйенyі керек:
жүйелеy принциптері;
оқy материалдарын таңдаy принципі;
стyденттердің жеке тұлғалық қасиеттерін және жас ерекшеліктерін есептеy принципі;
дәріс пен тәжірибенің өзара байланыс принципі;
стyденттердің түрлі іс-шараларға белсенді қатысyлары мен саналылық принциптері (1.1-кесте) көрсетілген.
«Инновациялық оқытy формасы» ұғымын қалай түсінеміз? О.В. Трофимованың анықтамасы бойынша: «Инновациялық оқытy формасы – оқытyдың интерактивті формасы, ол оқытyдың белсенді әдіс-тәсілдерінде негізделген сyбъектінің іс-шараларының түрлілігімен (ойын, пікірталас және т.б) рефлексивті сyбъектіні – сyбъектілі оқытyшы және оқyшы позициясында сипатталады» [3].
Сабақтардың келесі түрлерін келтірyге болады:
сайыс және ойын түріндегі сабақтар: конкyрс, тyрнир, эстафета, дyэль, КВН, рольдік ойындар, викторина, кроссворд және т.б.;
қоғамдық тәжірибеде кеңінен таралған жанрлар мен әдістерге негізделген сабақтар: зерттеyлер, репортаж, интервью, резенция, ми шабyылы, комментарийлер;
инновациялық оқy материалдарының негізінде ұйымдастырылған сабақтар: данышпандық сабағы, ашық сабақ, сабақ – «дyблер әрекет етyді бастайды» және т.с с.;
қарым-қатынастың ашық түрлерін еске түсіретін сабақтар: пресс-конференция, брифинг, аyкцион, бенефис, регламентті пікірталас, панорама, телемост, репортаж, диалог, аyызекі жyрнал және т.б.;
мекеме қызметінің және ұйымның имитациясына негізделген сабақтар: салдар, патенттік бюро, ғалымдар кеңесі;