Бөлім: 1а химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар



Дата07.02.2022
өлшемі436,69 Kb.
#89882
түріСабақ
Байланысты:
4RH47evL73064nipIvpynR77tlTeaiu5tGvzZEe8


Алға мектеп-гимназиясы
(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:

7.1А
Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
(4 c.)

Педагогтің аты-жөні

А.Т.Чигимбаева

Күні

07.10..2020ж

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Физикалық және химиялық құбылыстар. Заттардың агрегаттық күйлері
3 зертханалық тәжірибе
«Химиялық реакциялардың белгілері»



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады



Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті
Амандасу. Түгендеу. Сабаққа қызығушылығын ояту.


Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырату үшін оларға тән белгілермен танысайық. Физикалық құбылыс дененің пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеруі арқылы іске асады, ал химиялық құбылыс бір заттың екінші затқа айналуымен сипатталады. Химиялық реакция нәтижесінде бастапқы заттарға тән сыртқы белгілер: агрегаттық күйі, түсі, ірілі – ұсақтығы, иісі, т. т. өзгеріп, жаңа заттарға тән белгілер пайда болады.
Химиялық реакцияның негізгі белгілері:
1. Жылудың бөлінуі
2. Тұнбаның түсуі
3. Газдың бөлінуі
4. Түсінің өзгеруі
5. Жарықтың бөлінуі
6. Иістің пайда болуы
1. Физикалық құбылыс
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
2. Химиялық құбылыс
А. Денелерді құраушылар
В. бір зат екінші бір затқа айналады
С. Дененің пішіні, заттардың агрегаттың күйі өзгеріске ұшырайды, ал құрамы өзгермейді
3. Химиялық құбылысты тап
А. мыс пластинкасын қыздырғандағы оның қараюы
В. қантты ұнтақтау
С. мұздың еруі
4. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатады:
А. судың булануы;
В. тұнбаның түсуі;
С. қыраудың қатуы.
5. Химиялық реакцияның жүру белгісіне жатпайды:
А. тұнбаның түсуі;
В. газдың бөлінуі;
С. агрегаттық күйінің өзгеруі.



Оқушының әрекеті
Амандасу. Сұрақтарға жауап беру. Өткен тақырыпты қорытындылау.Жаңа сабақты меңгеру.

Бағалау

Ресурстар


БЖБ тапсырмалары:
Тапсырма


  1. (а) Таза затты анықтаңыз.

  1. дистилденген су

  2. жемісті шырын

  3. қаймақты сүт

  4. лимонды шай

(b) Таза затқа мысал келтіріңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. (а) Суреттердің ішінен қайсысы элемент, қосылыс және қоспа екенін көрсетіңіз


(b) Жауабыңызды түсіндіріңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Даурен химия кабинетінде практикалық жұмысты жүргізуді бастады. Мұғалім Дауренге 4 заттың қоспасы: су + май, темір ұнтағы + құм, су + ас тұзы, су + бор кесегінен тұратын қоспаны бөліп алуды тапсырды. Қоспалардың түрін және бөлу әдісін анықтаңыз. Жауабыңызды кестеге жазыңыз.














А

В

С

D


Қоспа

Қоспаның түрі

Бөлу әдістері

Су + май







Темір үгіндісі + құм







Су + ас тұзы







Су + бор кесегі









Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Таза заттың құрамын анықтайды

1

таза затты белгілейді;

1

таза затқа мысал келтіреді;

1

Элемент, қоспа және қосылысты салыстырады

2

суреттен элементті ажыратады және түсіндірме жазады;

1

суреттен қоспаны ажыратады және түсіндірме жазады;

1

суреттен қосылысты ажыратады және түсіндірме жазады;

1

Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атайды

3

су + майдан тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

темір ұнтағы + құмнан тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

су + ас тұзынан тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

су + бор кесегінен тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

су + майдан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;

1

темір ұнтағы + құмнан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;

1

су + ас тұзынан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;

1

су + бор кесегінен тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды.

1

Барлығы

13


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет