Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастағанын дәлелдейді.
Бухгалтерлік есептің таңбасы және девизі
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған.
Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым – Ар-ождан - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған.
Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізудің деңгейі едәуір жоғары болған. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған.
Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізудің деңгейі едәуір жоғары болған. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған.
Египетте біздің эрамызға дейінгі екі мыңыншы жылдары кіріс-шығыс есебі пайда болыпты.
Есеп мәліметтерін тасымалдаушы жапырақ қағаздарға (папирус) тек қана мүліктер қалдығын ғана жазып қоймай, мүліктердің барлық өзгерістерін жазып отырған.
Мақсаты -материалды құндылықтарды алу мен беру есебінің дүрыстығын тексеріп отыру.
Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.
Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.
Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды.
Бухгалтерлік есеп — ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға аса қажетті ғылым болып табылады.
2 Бухгалтерлік есеп және оның міндеттері