Сабақ жоспары «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
__________________________
Пән аты: Информатика
Күні: 11.01.2016ж
Cынып: 11 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Желілік технологиялар, байланыс каналдары және олардың негізгі мінездемелері. Жергілікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық Алмастыру хаттамалары, tcp/ip деректерін жіберу хаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аймақтық, жергілікті, ауқымды желілерге түсінік беру. Интернет технологиясына толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды, ой -өрісін, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекіліктері:. Компьютер,интерактивті тақта,слайд
Сабақтың барысы:
Жоспары:
Компьютерлік желілер туралы жалпы мәліметтер;
Компьютерлік желілердің жіктелуі;
Компьютерлердің өзара қатынасу деңгейлері мен желінің мәлімет алмасу хаттамалары (протоколдары)
Интернет
Жаңа сабақ:
Компьютерлік желі ғалымдардың тәжірибесінде алыс қашықтықтан ақпарат алмасу ауқымды желілердің дүниеге келуін анықтады.
Ауқымды копмпьютерлік (телекоммуникациялық) желі - бұл бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің және көптеген жергілікті желілердің бірігуі.
Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер (CompuServe, America On Line, MS Network және тағы басқалар) бар, бірақ олардың ең танымалысы - Internet желісі.
1-сурет. Ауқымды желілер қызметі. internet
Internet - миллиондаған компьютерлерді қосатын, көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративті желілерді біріктіретін ауқымды компьютер желісі. Немесе Internet - бір-бірімен байланыс арналары және бірегей мәліметтерді беру, қабылдаудың бірыңғай стандарттары мен біріктірілген өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол жер шарын қамтитын ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып табылатындығын білдіреді.
Бүгінде осы ақпараттың кеңістікке 120 млн. аса пайдаланушылар қосылған. Әрбір пайдаланушы одан өзіне қажеттісін тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толықып отырады. Internet-тің белгілі иесі немесе ұлттық құралдары жоқ белгілеріне байланысты бөлмейді. Кез келген желі Internet-пен байланыса алады және оның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бүгінгі тағда байланыста кем дегенде бір компьютері бар желілердің бәрі Internet-ке шыға алады. Internet серверлеріне миллиондаған пайдаланушылар коммутацияланатын телефон сымы арқылы немесе жергілікті желі арқылы байланыса алады.
Internet-тің даму тарихы. Internet - 1969 жылы АҚШ та осы елдің қорғаныс министірлігінің тапсырысы бойынша жасалған Arpanet желісінен пайда болды. Arpanet оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған. Arpanet алғашқыда тек жүйеге енуге қашықтықтағы компьютерге және программа енгізуге мүмкіндік берді. Көп ұзамай бұған файлдарды, электронды поштаны және тізімді жіберу мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат, бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат аламасуларына мүмкіндік ашу болатын. Сонымен қатар Arpanet-тің өсуіне орай және басқа желілер де дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын интернет дүниеге келді.
Интернетте адрестеу.
Ақпарат алмасу барысында компьютерлер бір-бірін тауып алулары үшін Интернеттегі бірыңғай адрестеу жүйесі қолданылады. Ол IP адресті пайдалануқа негізделген. Интернеттегі ѕрбір компьютердіқ өзіндік IP адресі бар. Адрес 4 бөлікке бөлінген, ѕрбір бөлік нүктелермен ажыратылқан 0 мен 250 аралықында жатататын 4 саннан тұрады. Мысалы, Алматы мемлекеттік университетініқ IP адресі былай жазылады: 197.34.32.11.
Компьютерлер сандарды, адамдар - атауды (Имя) жөн көреді. Сол үшін Инетрнетте жұмыс істеуге қолайлы болу үшін домендік атау (Доменная система Имен/DNS - Domain Name System) деп аталатын жүйе енгізілген. Әрбір компьютердік IР адресіне сәйкес келетін домендік атаулар жиынынан домендік жүйе құрылады. Ол компьютерлерді тақырыптық немесе география-физикалық облыстарқа бөледі. "Domain" сөзініқ ақылшыннан аудармасы "облыс" дегенді білдіреді. Сол себепті бұл жүйе домендік деген атқа ие болды.
Домендік жүйе атаулардық иерархиялық құрылымынан тұрады: жоғары дәрежелі домендер, екінші дәрежелі домендер және үшінші дәрежелі домендер. Жоғары дәрежелі домендердіқ екі түрі болады: географиялық (екі әріптен тұратын - географиялық аймақтарды қамтиды. Мысалы, Франция - fr, АқШ - us).
Атау домендік жүйеде оңнан солға қарай оқылады. Бірінші жоғары дәрежелі домен, сосын төменгілері.
Кейбір атаулар деңгейіндегі жоғары домендер:
Әкімшілік Ұйымдастыру типі
Com Коммерциялық
Edu Білімдік
Gov АқШ өкіметі
Int Халықаралық
Mil АқШ әскери
Net Компьютер желісі
Org Коммерциялық емес
Географиялық Мемлекет
Ca Канада
De Германия
Jp Япония
kz қазақстан
Ru Рессей
Su Англия
Uk Бұрынқы СССР
Us АқШ
Мысалы, Абай атындақы АлМУ-дық адресі abai.uni.sci.kz. Жоқары деңгейдегі kz домені компьютерлердіқ қазақстан республикасында тұрқандықын көрсетеді, sci-қ, үшінші деқгей uni-университет желісінде тұрқанын, тек төртінші деқгейдегі домен abai-қана компьютердіқ Абая атындақы АлМУ- тікі екенін көрсетеді.
2-сурет. Есімдердіқ домендік жүйесі
Internet хаттамасы
Интернетте ТСР/ІР мѕліметтерді тарату хаттамалары пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/Internet Protocol (Таратуды басқару хаттамасы/Желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жіберуді қамтамасыз етеді. Компьютерлер ІР адрестері жазылған "қапшықпен қапталып", мысалы, "Кімге: 198.78.213.185", "Кімнен: 193.124.5.33." жіберіледі. Мұндай қапшықтар ІР қапшықтар деп аталады. Кәдімгі хат секілді мұнда да хат алдымен жақында орналасқан пошта бөлімшесіне барып түседі, сосын кезектесіп бір-біріне жіберу арқылы алушықа жетеді. Пошта бөлімшелері арасында хаттар сортталып анықталады.
Қорытынды. Электрондық пошта адресі. Желі абоненті өзімен байланыстағы тораптың пошталық серверінде тіркеледі де, одан өзінің пошталық жңшігін алады, яғни оған пошталық серверде ішкі жадтың бір бөлігі бөлінеді. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электронды адрес деп аталады. Абонентке жіберілген хаттар мен пошта осы жәшікке түседі. Электронды адресті білетін желінің кез келген абоненті пошта жәшігіне хат жолдай алады. Бірақ пошта жәшігінен хабарды тек иесі ғана ала алады. Өйткені, жәшік өз иесі ғана білетін құпия сөзбен (парольмен) қорғалады. Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады:
Пайдаланушының аты @сервер_ аты
Оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: Интернет желісімен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |