Мазмұны:
І Кіріспе:
Дақылдың маңызы
ІІ Негізгі бөлім:
Морфологиялық ерекшеліктері
Биологиялық ерекшеліктері
Өсіру технологиясы
Өсіп-даму ерекшеліктері
Тыңайтқыштардың жүгері өнімділігіне әсері
Тыңайтқыштарды қолдану ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды бөлім:
Елімізде жүгері өсіру Н. Хрущевтың 1958 жылы АҚШ-қа жасалған әйгілі сапарынан кейін қолға алына бастағаны белгілі. Ол жүгері өсіруді зорлап енгізгендей болғанын тарих парақтарынан білеміз. Бірақ кейіннен оның пайдасын да көрдік. Жүгері – басқа бидай, арпа, рапс, қызылша, картоп сынды дақылдарға қарағанда ең көп өнім беретін дақыл. Оны жақсылап күткен жағдайда әр гектарынан 12-14 тоннаға дейін таза дән, 30-40 тонна төңірегінде сүрлем алуға болады.
Жүгері- маңызды астықтық және мал азықтық өсімдік. Жүгерінің техникалық дақыл ретінде де маңызы зор. Жер шарында жүгері астығының 20% азыққа, 15-20 % техникалық мақсатқа жаратады. Бұл дақыл астығының аз бөлігіне жуығы мал азығына қолданылады.
Жүгері дәнінде 9-10% ақсыл, 4-8% май, 65-70% азотсыз экстрактивті заттар бар. Оны ұн, жарма, жүгері үлпегін алуға өңдейді. Жүгері астығынан алынған өнімдерден әр түрлі азық дайындалады: печенье, торт, шоколад, сусын және тағы басқалары.
Жүгерінің мал азықтық маңызы да зор. Жүгері астығының 1кг 1,34 а.ө. тең. Жүгері малдың барлық түріне бағалы азық болып табылады. Собығын сүттене балауызданып және балауызданып піскен кезеңінде жеке өзін және жапырағы мен сабағын қосып сүрлеуге болады. Осылай дайындалған сүрлемнің мал азықтық құндылығы өте жоғары болады. Мұндай сүрлемнің 100кг 21-28 а.ө. және 180 г дейін қорытылғыш протеин береді. Жүгерінің жасыл жапырағы мен сабағы мал азығына көк балауса күйінде де пайдаланылады. Оларда сүрлегенде алынатын азықтың ақсылдық теңгерімін жоғарылату үшін бұршақты шөптер немесе атбас бұршақты араластыру тиімді. Жүгерінің құрғақ жапырақтары мен сабақтарын үгітілген күйінде , әсіресе шырынды азықтармен қосып малға беруге болады.
Жүгеріні өнеркәсіптің әр түрлі салаларында кеңінен қолданады. Астығынан спирт, крахмал, патока, глюкоза, өсімдік майын алады, сабағынан, собық діңгегінен және орамынан линолеум, кинопленка, қағаз, төсем және тағы басқалар жасалады.
Отамалы дақыл ретінде жүгері өзінен кейін танапты борпылдақ және арамшөптен таза күйінде, органикалық заттарды тамыр және сабақ қалдықтары күйінде мол мөлшерде қалдырады. Сондықтан ол басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл саналады.
Ж үгері морфологиялық белгілері және биологиялық ерешеліктері бойынша қоңырбастар тұқымдасының басқа дақылдарынан әжептәуір өзгешеленеді.
Жүгері дәні бір тамыршамен өнеді. Екі-үш жапырақ кезеңінде түптену буынан буындық тамырдың бірінші қат-қабаты, бес-алты жапырақ кезеңінде екіншісі, сөйтіп әрі қарай өте береді. Осылай қат-қабатты қуатты тамыр жүйесі қалыптасады. Өнімнің деңгейі оның дамуына байланысты болады. Оңтайлы жағдайда жүгерінің тамыры топыраққа 2-3 м бойлайды, ал жан-жағына 1-1,5 м жайылады. Тамырдың негізгі массасы топырақтың 30-60 см қабатын шоғырланған. Төменгі сабақтың буынынан ауалық тамырлар өсіп шығады. Топыраққа бойлай тереңдеп олар өсімдіктің жатып қалуға тұрақтылығын арттырады және қоректенуін жақсартады. Терең бойлайтын қуатты тамыр жүйесінің дамуы – астықтың және көк балаусаның жоғары өнімін алуда маңызды кепілі.
Ж үгерінің сабағы қуатты, биіктігі 60 см-ден 6м, жуандығы 1,5-7 см дейін, тегіс, іші паренхима ұлпасымен толтырылған. Жапырақтары ұзын, ірі, шеттері кірпікшелі, жапырақ тақтасының үстіңгі жақ беті түкті. Тілшесі қысқа, мөл... құлақшалары жоқ. Жапырақ саны 7-ден 45-ке дейін болады. Гүлдеу кезеңінің соңында бір өсімдіктің жапырақ ауданы 0,3-1,5 м2 жетеді.
Жүгері- бір үйлі, бірақ қос жынысты өсімдік. Аталық гүл шоғыры-шашақ сабақтың жоғарғы ұшында, аналығы- жапырақ қолтығындағы собық. Собық түрі өзгерген жапырақтардың бірнеше қабатымен оралған.
Жүгері түр тармақтарының кпшілігінің дәні ірі. 1000 дәнінің массасы 350г. Дән шығымы собықтың 75-85% тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |