Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді .Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады
Тілдік мақсаттар:
Тыңдалым Айтылым Жазылым
Күтілетін нәтиже:
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Бағалау критерийлері:
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Құндылықтарды дарыту:
Сыныпта бір бірімен жақсы қарым-қатынаста болуға, сүйіспеншілікке, сыйлауға баулу, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылыққа үйрету
Психологиялық ахуал туғызу. Егер сіздің досыңыз болса-көршіңнің басын сипа Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз- Аяқтарыңды топырлатыңдар Егер сіз өз еліңді жақсы көрем десеңіздер- қол соғыңыздар Көңіл күйлері көтеріледі
Ауызша 1.Халық санағы қалай жүргізіледі? 2.Демографиялық жарылыс қай елдерде байқалады? 3.Халық санының жылдам артуына не себебін тигізеді?
Жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар қою.
1.Деморафиялық көрсеткіштерге не жатады?
2. Ұдайы өсудің қандай түрлерін білесіздер?
3. Табиғи өсім қалай анықталады?
4.Механикалық өсім деген не?
1 тапсырма «Инсерт» әдісі арқылы оқулықпен жұмыстанып, 15- кестені пайдалана отырып дүниежүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді
Оқулық, интербелсенді тақта, карта
Сабақтың ортасы
(15 минут)
2-тапсырма «Көршіңмен пікірлес»жоспар бойынша сипаттама жазыңыз. Халықтың ұдайы өсу көрсеткіші бойынша 1 дамыған елді мысалға ала отырып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Мемлекет атауы Туу көрсеткіші Табиғи өсу Механикалық өсу Өлім көрсеткіші Жалпы өсу Туу көрсеткіші Өлім көрсеткіші Табиғи өсу Механикалық өсу Жалпы өсу Халықтың ұдайы өсу типі
Оқулық, карта, атлас, кесте
Сабақтың соңы
(10 минут)
3 тапсырма «Үштік» әдісі арқылы төменде берілген кесте бойынша Солтүстік Африка мен Орталық Америка, Шығыс Еуропа мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріндегі ұдайы өсудің типін анықтау және салыстыра отырып талдау жасаңыз.
Сабақты бекіту: «Сұрақты ұстап ал» әдісі оқушылар қол көтеріп сұрақтарға жауап береді. 1.Ұдайы өсу терминін қалай түсінесіз? 2.Ұдайы өсудің абсолютті демографиялық көрсеткіштеріне не жатады? 3.Ұдайы өсудің үш типінің айырмашылықтары бар ма? 4. Халықтың ұдайы өсуіне қандай факторлар әсер етеді? 5.Депопуляция деген не?