а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).
Ас қорыту жолының қызметі
Ас қорыту.
Сөл шығару (секреция) – ас қорыту сөлдерін бөлі. Ферменттердің 3 тобын ажыратады: 1) протеазалар, белоктарды ыдыратады; 2) липазалар, майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 3) карбогидразалар, көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.
Қимыл (моторлық).
Сіңіру.
Сыртқа шығару.
2. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі.энтреин жүйесінің гормондары қанға сіңіп: 1) ас қортыу сөлдерінің бөлінуін реттейді. 2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді. 3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.